link2646 link2647 link2648 link2649 link2650 link2651 link2652 link2653 link2654 link2655 link2656 link2657 link2658 link2659 link2660 link2661 link2662 link2663 link2664 link2665 link2666 link2667 link2668 link2669 link2670 link2671 link2672 link2673 link2674 link2675 link2676 link2677 link2678 link2679 link2680 link2681 link2682 link2683 link2684 link2685 link2686 link2687 link2688 link2689 link2690 link2691 link2692 link2693 link2694 link2695 link2696 link2697 link2698 link2699 link2700 link2701 link2702 link2703 link2704 link2705 link2706 link2707 link2708 link2709 link2710 link2711 link2712 link2713 link2714 link2715 link2716 link2717 link2718 link2719 link2720 link2721 link2722 link2723 link2724 link2725 link2726 link2727 link2728 link2729 link2730 link2731 link2732 link2733 link2734 link2735 link2736 link2737 link2738 link2739 link2740 link2741 link2742 link2743 link2744 link2745 link2746 link2747 link2748 link2749 link2750 link2751 link2752 link2753 link2754 link2755 link2756 link2757 link2758 link2759 link2760 link2761 link2762 link2763 link2764 link2765 link2766 link2767 link2768 link2769 link2770 link2771
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:
Регион:не указан
Математика пәнінен сабақ

Математика

Уақыт бірліктері

Сабақтың тақырыбы: Уақыт бірліктері.

Сабақтың максаты: Уақыт бірліктерімен (тәулік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр) және олардың арақатынасымен таныстыру: өзара кері есептер құру және шығаруды пысықтай түсу.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұлттық негізде тәрбиелеу, халықтық педагогиканы бойына сіңіру. Оқушыларды бірлікке, ынтымакка, адамгершілікке, үйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтын түрі: Аукцион сабақ.

Сабактың әдісі: Сұрақ-жауап ойын түрінде орындату.

Сабақтың көрнекілігі: Сатып алынатын заттар, аптаның аты жазылған7 қалпақ, айдың аты жазылған 12 тақия, жыл атаулары салынған суретті омырауша (12 дана), түрлі суреттер, үлестірмелер кадаскоп, сөзжұмбақ, ойындар, т.б. ұйымдастыру.

Сабактың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақты "Құстарға камқорлық" ойыны арқылы қорыту.

Сергіту сәті: Ұнтаспадан "Жыл басына таласкан хайуанаттар" ертегінен үзінді тындатып, сұрақ кою:

— Бүл ертегінің тақырыбы калай аталады?

— Жыл дегеніміз не?

Ал, балалар, бүгінгі сабакта уақыт өлшемдерінің бірліктерімен танысамыз.

Кіріспе түсініктеме.

Уакыт өлшемдері жыл, ай, апта, тәулік, сағат, т.б. Осы бірліктерді халық қалай тапкан, соған тоқталамыз. Жыл, ай, аптаның ұзақтығын анықтау оңай болған жок. Алғашқы уакыт есебін жүргізу, күнтізбені жасау тек жер кәсібі мен мал шаруашылығына көшкен заманда ғана бастаған. Хатықтардың көпшілігі жыл мерзімін жаз, күз, қыс, көктем маусымдарымен есептеген. "Пәлен уақыттан кейін бес жыл өтті" деудің орнына "Бес жаз" немесе "Бес көктем" өтті деген.

Бұрынғылар жеті күнді былай атаған: бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн азына. 12 жыл уақытты — мушел деп атаған. Олар санмен емес, хайуандар атымен аталған.

Бұрын тек мүшелдік күнтізбелер болған, қазақша күнтізбе 1922 жылы жазылды. Бұл күнтізбе қайта өзгер-тіліп, 1931 жылы қайтадан құрастырылды.

Бұл күнтізбені құрастырушылар Б.Майлин мен І.Жансүгіров еді. (Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері туралы қысқаша түсінік беріп өту).

Сағат моделінің көмегімен күн шыққан уақытынан бастап ұясына батқанға дейінгі уақыт және түнгі уақыт күн шыққанға дейін тәулік өтетінін түсіндіру. Тәуліктің басы түнгі сағат 12, сондықтан күндізгі 12-де 12 сағат болады, ал түнгі 12-де тағы 12 сағат болады, яғни 12+12=24 сағат немесе 1 тәулік.

Мұғалім: — Балалар, бүгін біздің сыныпқа көптеген қонақтар келіп отыр. Мектеп басшылары, ұстаздар, ата-аналар, ал мына келген қонақтар өздерін таныстырсын.

1. Сатушы тәлімгер.

Ау, балалар, балалар,

Бәрің бізге қараңдар.

Біз сатушы тәлімгер,

Айгул менен Айдана,

Келдік көптеп зат алып,

Сатамыз деп сендерге.

Ақшаға біз сатпаймыз,

Білімге айырбастаймыз,

Кімде білім көп болса,

Сол оқушы ала-алар,

Үндемеген оқушы,

Отырып тез ойланар.

2. Сатушы тәлімгер.

— Балалар, біздің мақсатымыз — сендерге нарықтық экономиканың не екенін түсіндіру. Біз бүгін сол нарықтық экономиканың алғашқы әліппесі "Аукцион" сабақ өткізгелі отырмыз. Біз сатушымыз, сендер сатып алушысындар. Сендер дүкенге барғанда заттарды ақшаға сатып аласындар, ал сендерде ақша жоқ, сол ақшаға сатып алуға болмайтын қымбат зат сендердің білімдерің. Заттарды білімге айырбас­таймыз.

Мүғалім: — Біздің сабағымыздың ерекшелігі осында. Сондықтан сабағымыз "Жәрмеңке сабағы" деп аталады.

— Ал, балалар, саудаға кірісейік.

— Сауда сәтті болсын!

1-сатушы:

Ал, келіңдер, келіңдер,

\Біріңе бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Саудаласып көріңдер.

(Мына төмендегі 7 сұрақтар 7 қалпактың артында жазылып тұрады).

№1. Жыл қай айдан басталады? Жылдың соңғы күнін ата.

№2. Бір жылда қанша ай бар? Ретімен ата.

№3. Бір тәулікте неше сағат бар?

№4. Республика күні мейрамы қай күні атап өтіледі?

№5. Биыл Ғ.Мүсірепов атамыздың неше жылдығы тойланды?

№6. 2002 ж. қандай жыл болып аталды?

№7. Қазақша жыл атауларын атап шық.

Міне, балалар, сендер жеті сұраққа жауап бердіңдер. Енді осыны бір сөзбен қалай атаймыз? Бір апта деп атаймыз.

Сергіту сәтіне "Бір апта" өлеңін айткызу:

Сәл демалып, тынып ал,

Тақпақ айтып, уғып ал.

Апта деген ағайдың,

Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі — дуйсенбі,

Екіншісі — сейсенбі.

Үшіншісі — сәрсенбі.

Төртіншісі — бейсенбі.

Жұма деген — бесінші ұл,

Алтыншы ұл — ол сенбі,

Жетіншісі — жексенбі.

Алты аға демалмастан,

Сабағынан қалмастан,

Алты тәулік оқиды,

Зердесіне тоқиды.

Оқулыкпен жұмыс.

№ 1. Ауызша орындау (сұрақтарға жауап бергізу).

№ 2. Үш топтан үш оқушыны шығару.

50 сағ. + 4 сағ.

4 сағ. + 50 сағ.

54 сағ. - 4 сағ.

45 мин. - 40 мин.

54 caғ. - 50 сағ.

40 мин. + 5 мин.

45 мин. - 5 мин.

50 + 4

4 + 50

54 - 4

54 - 50

40 + 5, т.б.

№ 3. Үш топтан үш оқушы шығарып, алғашқы оқушы шартын құрып, екі оқушы соған кері есеп кұру.

Әкесі - 48 жаста

Баласы - ?, 40 жас кіші

Ш: 48 - 40 = 8

Ж: баласы 8 жаста. ә) Әкесі - 48 жаста ? үлкен Баласы — 8 жаста ? кіші Ш: 48 - 8 = 40

Ж: әкесі 40 ж. үлкен, баласы 40 ж. кіші.

б) Әкесі - 40 ж. үлкен

Баласы — 8 жаста

Ш: 40 + 8 = 48

Ж: әкесі 48 жаста.

Ең бірінші және дұрыс орындаған оқушы (үш топтың орнында отырған оқушылардан да) жәрмеңкеден өзінің қалаған затын алады.

2-сатушы:

Көп білетін оқушы,

Мына бізге келіңдер.

Теңдеу есеп шығарып,

Дұрыс тауып жауабын,

Саудаласып коріңдер.

Теңдеу шешуге үш топтан үш оқушыға шығарту.

100-х=40 25+а=90 80-х=15

Мүғалім: — Балалар, қазір кай мезгіл?

— Күз.

Дүрыс. Күз мезгілінде біз нелерді жинап аламыз?

Жеміс-жидектерді, астықты, мақтаны, т.б.

Міне, балалар, бізде Отанымызғаегін жинауға көмектесейік. "Егін жинау" ой­ыны арқылы № 4 мысалды шығарту.

Сөзжұмбақ шешу.

с

Ж

F

А

С

ы

р

F

л

A

T

Көлденеңінен: 100 жыл — ғасыр. Тігінен: 2. 60 минут — сағат. 3. 12 ай — жыл.

Мұғалім: — Балалар, мына ребусты шешейікші. Ребуста "Ғабит атаға 100 жыл" деген сөз шығады. Оқушьшарға жазушы туралы әңгімелеу.

1-сатушы:

Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та ойлайық. Қандай жұмбақ болса да, Шешпей оны қоймайық.

1.Бір ұзын ағаш, ағаштың үстіндеон екі ұя, әрбір ұяда төр-төрт тұқым,әр тұқымда жеті балапан.

Шешуі: жыл, ай, төрт мезгіл, апта.

2.Бір ағаштың 12 бұтағы бар, әр бұтағында 30 жапырағы бар, жапырақтың бір жағы ақ, бір жағы қара.

Шешуі:ай, тәулік, күн мен түн.

№ 5. Минутпен өрнектеп жазу.

1 сағ. 20 мин = мин.

1 сағ. 30 мин.= мин.

1 сағ. 40 мин. = мин.

1 сағ. 10 мин. = мин.

№ 6. Салыстыру.

1 сағ. * 60 мин.

1 тәул. * 24 сағ.

1 ғасыр * 100 жыл.

1 сағ. 10 мин. * 70 мин.

car. 9 мин. * 69 мин.

сағ. 10 мин. * 130 мин.

Сабақты қорыта келе сұрақтар қою және "Алма жинау" ойынын ойнату. Бағалау.

Қорыта айтқанда, ұлттық ойындар — ата-бабамыздан бізге келіп жеткен, өткен мен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық кабілетін оятып, бүкіл өміріне үштаса береді. Сонымен қатар ойын-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен канат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпін.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности