link1440 link1441 link1442 link1443 link1444 link1445 link1446 link1447 link1448 link1449 link1450 link1451 link1452 link1453 link1454 link1455 link1456 link1457 link1458 link1459 link1460 link1461 link1462 link1463 link1464 link1465 link1466 link1467 link1468 link1469 link1470 link1471 link1472 link1473 link1474 link1475 link1476 link1477 link1478 link1479 link1480 link1481 link1482 link1483 link1484 link1485 link1486 link1487 link1488 link1489 link1490 link1491 link1492 link1493 link1494 link1495 link1496 link1497 link1498 link1499 link1500 link1501 link1502 link1503 link1504 link1505 link1506 link1507 link1508 link1509 link1510 link1511 link1512 link1513 link1514 link1515 link1516 link1517 link1518 link1519 link1520 link1521 link1522 link1523 link1524 link1525 link1526 link1527 link1528 link1529 link1530 link1531 link1532 link1533 link1534 link1535 link1536 link1537 link1538 link1539 link1540 link1541 link1542 link1543 link1544 link1545 link1546 link1547 link1548 link1549 link1550 link1551 link1552 link1553 link1554 link1555 link1556 link1557 link1558 link1559 link1560 link1561 link1562 link1563 link1564 link1565 link1566 link1567 link1568 link1569 link1570 link1571 link1572 link1573 link1574 link1575 link1576 link1577 link1578 link1579 link1580 link1581 link1582 link1583
Батимова Гульжайна Каирлаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Менің ардақ тұтар кәсібім!

Менің ардақ тұтар кәсібім!

«Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл!»
Мақсаты: “Мамандық” құндылығы туралы түсінік сферасын кеңейту. Мамандық таңдаудағы оқушының міндеті, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышына қосар үлесі мен жеке тұлғаның әлеуметтік ашық қоғамға бейімделуіне, яғни әлеуметтенуіне ықпал ету.
Міндеттері:
• Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
• Мамандық таңдауда үйлесімді оң шешім қабылдау;
• Бала бойындағы жеке дара психологиялық ерекшелігін тану;
• Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табандылыққа отбасында тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: түрлі - түсті қағаз, үнтаспа, А4 қағаз, слайд, қанатты сөздер.
Өткізілу формасы: дөңгелек стол
Әдісі: әңгімелеу, пікірталас, ойын - жаттығу.
Жүргізілу барысы:
Ұйымдастыру: Ата - аналардың қолына жасыл және сары түсті жапырақшалар таратылып, екі топқа бөліп отырғызылады.
1. «Ой - қозғау» топпен жұмыс
2. «Бүгінгі менің ойым» айдары бойынша пікірталас.
3. «Шабыт» ойын - жаттығу
4. «Сүйіспеншілік сипаты»
5. Қорытындылау.
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әл - Фараби
І - бөлім «Ой қозғау»
МАМАНДЫҚ — ОЛ…
Мамандық — бұл арнайы біліктілік пен білімділікті талап ететін, адамның еңбек қызметінің түрі.
ЕҢБЕК - ОЛ…
Еңбек - бұл адамның қызметі, материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталады.
ЕҢБЕК ПЕН МАМАНДЫҚТЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ…
Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек, Ал мамандық латын тілінен аударғанда - ресми көрсетілген іс, яғни мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керектігін көрсетеді.
ІІ - бөлім “Бүгінгі менің ойым”
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
• Бейімділігі (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы);
• Қабілеті, денсаулық жағдайы (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);
• Ықылас деңгейі мен өзін - өзі бағалауы;
• Икемі;
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
• Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын білу;
• Кісілік қасиеттерге (имандылық, ізгілік, қайрымдылық, кішіпейілділік, дербестілік, жауапкершілік, намысқойлық, жігерлілік,, т. б.) ие болу;
• Ортамен қарым - қатынас жасай білу;
• Өзінің таңдаған мамандығының мазмұны мен қызықты қырларын, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана таңдаған мамандығы туралы ой - ниеті салмақтана түседі.
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыз?
• Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнына жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез - келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу қажет.
• Мүмкіндігі болып жатса, “Жігітке жеті өнер де аз” деген сөз тегін емес. Таным көкжиегі кеңіп, білім қоры артса несі айып. Сәйкес мамандық болса, кең түрде білген, игерген жақсы. Сол мамандықты тереңдете, үнемі қыры - сырын байқап, ізденіп білім толықтыру да жаман емес. Тек тоқырап қалмау керек.
Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз, ондағы ата - ананың рөлі қандай?
• Мамандыққа ертерек дайындалу, жақсы ақпарат алу, өзіңді іштей әзірлеу, мүмкіндігіңді есепке алу, т. б. ойлану, толғануға уақыттың кеңдігі жақсы.
• Ата - аналар баланың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып мамандыққа қатысты икеміне, қызығушылығына, қабілетіне, бейіміне қарай қажетті үйірмелерге қатыстыру, мамандыққа байланысты әдеби кітаптармен, ақпарат көздерімен қамтамасыз ету.
ІІІ - бөлім «Шабыт»
Тапсырма бойынша ата - ана өзі келіспейтін тұжырымды берілген тұжырымдардан бөліп алып, ойын анық, ашық түрде жариялайды.
Мысалы: Мамандық бір - ақ рет біржола таңдалады - келісуге болмайды. Жағдайға байланысты жаңа мамандық игеруге құқығы бар, сәйкес мамандықты атқаруға болады.
• Мамандық бір - ақ рет біржола таңдалады.
• Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.
• Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты.
• Отбасы мен достарының ақылына сүйеніп, мамандық таңдауға болады.
• Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
• Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
• Ақша болса, мамандық қажет емес.
• Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.
• Мамандық таңдаудағы басты өлшем - қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
• Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды.
• Мамандық таңдау - күн көріс қамы.
ІҮ - бөлім “Сүйіспеншілік сипат”
“Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді” (Л. Н. Толстой)
Көрсетілген дәйексөздің мағынасын ашу.
Мамандықтың бәрі жақсы, баламның өз қалауы бойынша мамандық таңдауға жағдай жасаймын, бірінші кезекте жоғарғы оқу орнын емес, әуелі мамандық таңдауды бірінші кезекке қоямын деген ата - аналар жасыл жапыраққа өз ізгі ниетін білдірсін, ал пікірге кереғар ұстаным ұстайтын ата - аналар, яғни мамандық таңдауда әлі де шешілмеген көкейінде проблемасы бар ата - аналар сары жапыраққа ой - ниетін білдіріп ағашқа жапсырамыз.
Енді осы ойларыңыздың барлығы неге ағашқа жапырақ түрінде жапсырылды, қалай ойлайсыздар…
Әрбір отбасы - өркен жайған ағаш діңгегі. Егер осы сары жапырақтар көп болса, сіздің отбасыңызда балаға мамандық таңдауда беріліп жатқан бағыт - бағдарыңыз көмескі, оң жолға қойылмаған. Ал егер жасыл жапырақ көп болса, сіздің отбасыңызда балаға мамандық таңдауға бағыт - бағдар беру өз мәні де жүргізіліп жатыр деп айтуға болады.
Үлкендер бата бергенде көктеп көгер, ұрпақ жай деп жатады, сол сияқты отбасының көктеп - көгеруі үшін, өздеріңіз айтып жатқан жақсы ойлардың барлығын балаға сүйіспеншілікпен ұқтыра, қалыптастыра, дарыта білуіміз қажет.
Қорытынды бөлім:
Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай, барлық проблемалардан қашып құтылу мүмкін емес. Балаңызға, мамандық таңдауда қадірменді ата - ана ақыл қосар ақылшысы екеніңізді, қиындығын жеңілдетер көмекшісі екеніңізді, яғни ертеңгі күнгі сүйеніш - тірегі екеніңізді ұмытпаңыздар.
Құрметті ата - аналар!
Адам, өмірінде екі - ақ нәрсесі дұрыс болса болғаны өзін бақыттымын деп санайды екен. Біріншісі - мамандық, екіншісі - адал жар.
Қарап отырсақ, жұмыс пен оның аясында отбасында тіршілік ету адам ғұмырының тең жартысын алады екен. Өзіңді мамандықтар әлемінде табу - өзіңнің қоғамға қажетті адам екеніңді сезіну, лайықты қаржы табу, өз қабілеттеріңді барынша көрсету мен сый - құрметке бөлену болып табылады.
Жалпы адамның өз мамандығына қаншалықты риза болса, өмірге де дәл солай риза болады екен. Кәсіп таңдау бір жағынан - болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол - өзінің ішкі жан - дүниесіне үңілу, яғни менің мықты және әлсіз жақтарым мен не істей аламын, табысқа жету үшін маған не қажет деген сауалға жауабың.
Жүректен жүрекке: Ата - аналар ортаға шеңбер құрып тұрады. Балауыз шамды қолдан - қолға беріп бір - біріне жылы сөздер айтады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности