link6768 link6769 link6770 link6771 link6772 link6773 link6774 link6775 link6776 link6777 link6778 link6779 link6780 link6781 link6782 link6783 link6784 link6785 link6786 link6787 link6788 link6789 link6790 link6791 link6792 link6793 link6794 link6795 link6796 link6797 link6798 link6799 link6800 link6801 link6802 link6803 link6804 link6805 link6806 link6807 link6808 link6809 link6810 link6811 link6812 link6813 link6814 link6815 link6816 link6817 link6818 link6819 link6820 link6821 link6822 link6823 link6824 link6825 link6826 link6827 link6828 link6829 link6830 link6831 link6832 link6833 link6834 link6835 link6836 link6837 link6838 link6839 link6840 link6841 link6842 link6843 link6844 link6845 link6846 link6847 link6848 link6849 link6850 link6851 link6852 link6853 link6854 link6855 link6856 link6857 link6858 link6859 link6860 link6861 link6862 link6863 link6864 link6865 link6866 link6867 link6868 link6869 link6870 link6871 link6872 link6873 link6874 link6875 link6876 link6877 link6878 link6879 link6880 link6881 link6882 link6883 link6884 link6885 link6886 link6887 link6888 link6889 link6890 link6891 link6892 link6893 link6894 link6895 link6896 link6897 link6898 link6899 link6900 link6901 link6902 link6903 link6904 link6905 link6906 link6907 link6908 link6909 link6910 link6911
Жанаберген Канат Рахымжанулы
Должность:учитель по истории искусства
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан, Актюбинский область
Тарих білу — келешек ұрпаққа парыз

Тақырыбы: Тарих білу — келешек ұрпаққа парыз

Мақсаты: Оқушылардың өз елінің тарихы жайлы білімдерін

кеңейту.Танымдық ой өрістерінқызығушылықтарын арттыру.Туған ел тарихын білудің маңыздылығын сезіндіреотырып Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Сыныптан тыс танымдық ойын сабағы

Барысы: Оқушылыр екі топқа бөлінеді.

Әр топ өздеріне тарихи ат қойып, өздерін таныстырып,аттарын қорғайды.

Оқушыларды ойын барысымен таныстыру:

І . «Жеті атасын білген ер…» (Қазақ халқының шығу тегі жайлы)

ІІ. «Ереуіл атқа ер салмай…» (Тәуелсіздік үшін болған күрестер)

ІІІ. «Ел басына күн туса.» (Тарихи оқиғаларға байланысты туған шығармалар)

ІҮ. «Ер есімі –ел есінде» (Тарихтағы ұлы тұлғалар)

Ү. «Қазақ елі осындай!» (Тәуелсіз ел тарихынан)

І . «Жеті атасын білген ер…» (Қазақ халқының шығу тегі жайлы)

Ендеше сендерге сәттілік тілей отырып ойнымызды бастайық,екі топқа сұрақтар кезек кезек қойылады; Әр сұрақ 1ұпаймен бағаланады.Ал жазбаша жұмыс 5 ұпаймен бағаланады.

1.Мақалды жалғастыр.«Жеті атасын білген ер-жеті жұрттың қамын жер»

(Жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер)

2. «Жеті атасын білмеген» (жетесіз)

3. «Қазақ» сөзінің ескі түрік тіліндегі мағынасы? (еркін адамдар)

4. «Қазақ» атауы нешінші ғасырдан бастап этникалық сипатқа ие бола бастады? (ХІҮ)

5. «Қазақ» сөзінің орнына қолданылатын атау? (Алаш)

6.Қазақ хандығының негізі қаланған уақыт? (ХҮ ғ ортасы немесе 1465-1466ж)

7.Қазақ тайпаларының басын қосып қазақ хандығының негізін қалағандар? (Керей мен Жәнібек)

8. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар? (қыпшақ,үйсін)

9.Қазақ халқының антропологиялық типі немесе нәсілдік белгісі? (монғолоидтық)

10.Қазақтар неше жүзге бөлінеді? (Үш жүз)

Енді әр топ осы үш жүзге жататын тайпаларды,олардың мекендеген жерлерін,және жеті атаны ретімен қағазға жазу керек.

Жүздердің мекендеген аймақтарын картадан көрсетеді.

-Жұмыстарын көріп,бағалау.

Бірақ,«Бөлінгенді бөрі жейді»демекші,біздің бәріміздің жүрегіміз тек «Қазақ» деп соғу керек.

ІІ кезең ІІ. «Ереуіл атқа ер салмай…» (Тәуелсіздік үшін болған күрестер)

Біз бәріміз Қазақстанға тәуелсіздіктің оңай келмегенін білеміз.Білектің күшімен,найзаның ұшымен ата-бабаларымыз жерімізді ,елімізді қорғап,біздерге жеткізді.Кең байтақ жеріміздің,тәуелсіз еліміздің осы күнге қалай жеткенін білу біздің парызымыз.

Келесі кезек тәуелсіздік үшін болған ұлт-азаттық күрестерге арналады.

1-топқа тапсырма.(Ойлануға екі минут беріледі)

ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда қазақ даласында болған азаттық күрестер.

(Қай жылдары,кімдерге қарсы,қай жерлерде болды)

(Жауап: ХҮІІ ғасырда жоңғарларға қарсы күрес,1643 ж Орбұлақ шайқасы,

1726 ж Бұланты шайқасы,1729 ж Аңырақай шайқасы,1773-1775ж.ж. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуы,1783-1847 ж.ж. С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.Бұл көтерілістердің ортақ мақсаты жайлы қысқаша айтып өту)

ІІ топқа

ХІХ –ХХ ғасырларда болған ұлт-азаттық күрестер.

(Қай жылдары,кімдерге қарсы,қай жерлерде болды)

(1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы көтеріліс.1837-1847 жылдардағы К.Қасымұлы бастаған көтеріліс,1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс)

ІІІ. «Ел басына күн туса.» (Тарихи оқиғаларға байланысты туған шығармалар)

-Әрбір тарихи кезеңде ,ел басынан өткен тарихи оқиғаға байланысты шығармалар дүниеге келеді.Мысалы:дастандар,романдар,өлеңдер,ән,күй.т.б.

Сұрақтар: (әр топқа кезекпен қойылады)

1.Қ.Жұмаділовтың Қабанбай батыр жайлы жазған романы?(Дарабоз)

2.Құрманғазының Исатайға арнап шығарған күйі? (Кішкентай)

3. 1916 жылғы көтеріліске арналған С.Сейфулиннің шығармасы? (Таржол тайғақ кешу)

4. 1916 жылғы көтеріліске арналған М.Әуезовтың шығармасы? (Қилы заман)

5. Ы.Дүкенұлының патша шенеуніктерін сынаған күйі? («Жарым патша»)

6.І.Есенберлиннің «Жоңғар шапқыншылығы» жайлы жазған романы қалай аталады? («Жанталас»

8. ХҮІІ ғасрда ел басына қиын күн туғанда дүниеге келген ән? (Елім-ай)

9. 1986 жылғы «желтоқсан оқиғасына» байланысты дүниеге келген ән? ( «Желтоқсан желі )

Износоустойчивые стали. авито купить купальник для художественной гимнастики Новосибирск.

Екі топқа осы екі әннің шығу тарихына қысқаша тоқталып,әнді айтып беру тапсырылады.

ІҮ. «Ер есімі –ел есінде» (Тарихтағы ұлы тұлғалар)

(Тарихтағы ұлы тұлғалар)

Ұпай саны аз топ бастайды.

1. Сақ тайпасынан шыққан,елі үшін жанын қиған батыр кім еді? (Шырақ)

2. Жоңғарларға қарсы соғыста қол бастаған батыр? (Қабанбай)

3. ХҮІІІ ғасырда Қазақ хандығы аумағын қалпына келтірген,үш жүзді біріктіруге көп еңбек сіңірген саясаткер? (Абылай)

4. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ғұлама? (Абай)

5. Күйші,сазгер,артына 60-тан астам күй қалдырған? (Құрманғазы)

6. Ұлы Отан соғысында үш мәрте Кеңестер Одағының батыры атағын алған? (И.Н. Кожедуб)

7. Қазақ тарихының негізін қалаушы? (С.Асфандияров)

8. Қазақтан шыққан геолог,ғалым?(Ғылым Академиясының президенті) (Қ.Сәтбаев)

9.Қазақтың «құйрықты жұлдызы» атанған кім? (Ш.Уәлиханов)

10. «Жыр алыбы» ? (Ж.Жабаев)

Екі топқа бес-бес сұрақ қойылады,жауаптарын тапқан соң осы тұлғалардың ішінен өздері таңдаған біреуіне сипаттама беру тапсырылады.

Ү. «Қазақ елі осындай!» (Тәуелсіз ел тарихынан)

Бұл кезең ата-бабамыз ғаырлар бойы армандаған «Тәуелсіз еліміздің тарихына» арналады.

- Бұл кезеңде өздеріңнің тәуелсіз ел ұрпақтары екендеріңді дәлелдеулерің керек.Ол үшін «Тәуелсіздік» алғаннан кейінгі еліміздің тарихындағы басты оқиғалардан сұрақтар құрастырып,бір-бірлеріңе қоюларың керек. Сұрақ маңызды,мазмұнды,дұрас құрастырылуы тиіс.

Әр топқа кезек беріп,оларға бағыт-бағдар беріп отыру.

Сайысты қорытындылау үшін әділқазыларға сөз беріледі.

«Қазақ елі осындай»әнін барлығы орындайды.

Қазақ жерінде дүниеге келген соң,қазақ болып туылған соң,бұл елдің тарихын білу ірбір азаматтың парызы деп ойлаймын.

Білімдерің шыңдала берсін,алға қойған мақсаттарыңа жете біріңдер.

Сайысқа қатысқан оқушыларға көп-көп рахмет!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности