link6960 link6961 link6962 link6963 link6964 link6965 link6966 link6967 link6968 link6969 link6970 link6971 link6972 link6973 link6974 link6975 link6976 link6977 link6978 link6979 link6980 link6981 link6982 link6983 link6984 link6985 link6986 link6987 link6988 link6989 link6990 link6991 link6992 link6993 link6994 link6995 link6996 link6997 link6998 link6999 link7000 link7001 link7002 link7003 link7004 link7005 link7006 link7007 link7008 link7009 link7010 link7011 link7012 link7013 link7014 link7015 link7016 link7017 link7018 link7019 link7020 link7021 link7022 link7023 link7024 link7025 link7026 link7027 link7028 link7029 link7030 link7031 link7032 link7033 link7034 link7035 link7036 link7037 link7038 link7039 link7040 link7041 link7042 link7043 link7044 link7045 link7046 link7047 link7048 link7049 link7050 link7051 link7052 link7053 link7054 link7055 link7056 link7057 link7058 link7059 link7060 link7061 link7062 link7063 link7064 link7065 link7066 link7067 link7068 link7069 link7070 link7071 link7072 link7073 link7074 link7075 link7076 link7077 link7078 link7079
Турсунова Диляра Серикбаевна
Должность:учитель каз языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан, город Караганды
Регион:город Караганды
Разработка урока по казахской литературе "Аңыз-әңгімелер"

Сынып: 6 «Б»

Күні: 17.11.2014 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Аңыз-әңгімелер, «Жиренше мен хан»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға аңыз-әңгімелер жайлы мәлімет беріп, меңгерту. «Жиренше мен хан» әңгімесінің мазмұнын, онда не жайлы айтылған оқушыларға түсіндіру. Сөздіктегі сөзді дұрыс айтуға, жазуға баулу. Сөздік қорын молайту;
Тәрбиелік :
Өмірдегі түрлі қиын жағдайлардан , дау-дамайлардан шыға білу үшін ақылды, тапқыр, сөзге шешен, өнерлі болу керектігіне тәрбиелеу;
Дамытушылық:
Өткен сабақта алған білімдерін ұштастырып, білімдерін байытып, дамыту. Сөздік қорларын толықтыру. Актерлік қабілеттерін жетілдіру. Есту және көру қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың түру: Дәстүрлі

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.
Үй жұмысын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ. Сөздікпен жұмыс
ІҮ. Бекіту кезеңі
Ү. Қорытындылау
ҮІ. Бағалау
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме оқушылар!Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ? Рахмет, отыра ғой.
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
- Оқушылар сендерге үйге не беріліп еді? Үй жұмысын кім айтады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ал, енді бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы аңыз- әңгімелер. «Жиренше мен хан» әңгімесі.
Аңыз-әңгімелер өте ертеден басталады. Мұнда көбінесе өмірде болған оқиғалар суреттелініп, оларға қызықты, жағдайлар қосылып айтылады.
Аңыз-әңгімелердің кейіпкерлері ақылды, тапқыр ойлы, ержүрек, және еліне мейірімді адамдар. Аңыз-әңгімелердің үлкен бір тобы Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, Жиренше шешен, Асанқайғы туралы. Олар түрлі қиын жағдайларда, шешендігімен, өнерімен танылып, қарсыластарын жеңіп отырған.
Сөдікпен жұмыс:

Аңыз-әңгімелер-легенды
Көбінесе - в большинстве
Ғажайып — чудо, чудесное
Кейіпкерлері –герои, персонажи
Тапқыр- находчивый
тапқырлық-находчивость
мейірімді- добрый
жауларын- врагов
сөзге шешен — красноречивый
әр алуан- различный
жауап- ответ
қаздың еті — гусиное мясо
бөлу — делить
бөл- подели
кем-меньше
артық- больше
өйткені- так как
бұйрық-приказ
ханым –ханум, жена хана
құс- птица
мойын-шея
мойынсыз-без шеи
қанат-крылья
орта- средний
орта дене –середина туловища
таратып беріпті — раздал

«Жиренше мен хан» әңгімесінің мазмұнын айтып беремін.

ЖИРЕНШЕ МЕН ХАН.

Бір күні Жиренше ханның үйінде отырғанда бір адам ханға сыйға бір піскен қаздың етін алып келген екен. Сонда хан Жиреншеге:

— Сен сөзге де шеберсің және әр нәрсенің бәріне де шебер шығарсың, мына қаздың етін мен, ханым, екі ханзада, екі қаныкей, өзіңмен жеті адамға бірдей қылып бөлші, — депті.

Сонда Жиренше ойланбай, пышағын қынынан суырып алып, әуелі қаздың басын кесіп алып:

— Міне, сіз әрі хансыз, әрі халықтың басысыз, бұл басты сіз тұрғанда кім жейді? — деп, басты ханға беріпті. Екі аяғын кесіп алып, екі ханзадаға: «Сіздер атаңыздың ізін басып, хан боларсыздар»,— деп, екі ханзадаға береді. Екі қанатын кесіп алып: «Сіздер жатжұртқа барсаңыздар, осы екі қанатпен ұшып барарсыздар», —деп, екі қанатын екі қаныкейге береді. Қаздың көт жағын кесіп, бәйбішеге: «Сіз әрі ханымсыз, әрі бәйбішесіз, бұл — қаздың жаясы. Бұл жаяны сіз тұрғанда, кім жейді?» — деп, көтін ханымға береді.

— Мен бас жейтін хан емеспін, жая жейтін ханым емеспін, аяқ жейтін ханзада емеспін, қанат алатын қаныкей емеспін, маған қаздың ортасы да жарайды, — деп, қаздың бар етін алып, үйіне жүріп кетіпті.


ІҮ. Бекіту кезеңі.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Аңыз-әңгімелерде қандай оқиғалар суреттелінеді?
2. Аңыз- әңгімелердің кейіпкері кімдер?
3. Жиренше қандай адам болған?
4. Хан Жиреншені үйіне не үшін шақырды?
5. Жиреншенің ханның бұйрығын қалай орындағанын аңыздан тауып оқындар.
6. Жиренше ханды не себепті жеңіп отырған деп ойлайсындар?
7. Әңгімені рөлге бөліп оқуға дайындалыңдар.
8. «Бас» және «Орта» деген сөдердің тура және ауыспалы мағынасында айтылуын тауып оқып түсіндіріңдер.
Ү. Қорытындылау.


1) Аңыз-әңгімелердің кейіпкерлері қандай адамдар?
шешен
ақылды
тапқыр ойлы
батыл
өнерлі
ержүрек
еліне мейірімді


2) Аңыз-әңгімелердің үлкен топтары
Асаңқайғы
Алдар көсе
Қожанасыр
Жиренше шешен
Қорқыт

ҮІІ. Бағалау.Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды және үй жұмысын оқып келген оқушыларға тиісті бағаларын қоямын.

Ү. Үйге тапсырма.

Алдар Көсе, Қожанасыр, Асан Қайғы, Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер оқып мазмұндау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности