link10206 link10207 link10208 link10209 link10210 link10211 link10212 link10213 link10214 link10215 link10216 link10217 link10218 link10219 link10220 link10221 link10222 link10223 link10224 link10225 link10226 link10227 link10228 link10229 link10230 link10231 link10232 link10233 link10234 link10235 link10236 link10237 link10238 link10239 link10240 link10241 link10242 link10243 link10244 link10245 link10246 link10247 link10248 link10249 link10250 link10251 link10252 link10253 link10254 link10255 link10256 link10257 link10258 link10259 link10260 link10261 link10262 link10263 link10264 link10265 link10266 link10267 link10268 link10269 link10270 link10271 link10272 link10273 link10274 link10275 link10276 link10277 link10278 link10279 link10280 link10281 link10282 link10283 link10284 link10285 link10286 link10287 link10288 link10289 link10290 link10291 link10292 link10293 link10294 link10295 link10296 link10297 link10298 link10299 link10300 link10301 link10302 link10303 link10304 link10305 link10306 link10307 link10308 link10309 link10310 link10311 link10312 link10313 link10314 link10315 link10316 link10317 link10318 link10319 link10320 link10321 link10322 link10323 link10324 link10325 link10326 link10327 link10328 link10329 link10330 link10331
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Алғашқы химиялық түсініктер

Казахстан,Восточно-Казахстанская область,Курчумский район,село Курчум

Курчумская средняя школа №4 им. Н. Островского

Учитель химии

Нуриманова Назым Алибековна

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың «Алғашқы химиялық түсініктер» тарауы бойынша білімдерін жүйелеу: а) жай және күрделі заттарды, металдар мен бейметалдарды ажырату, ә) эементтерді тану, б) формула бойынша валенттіліктерді анықтау, валенттілік бойынша формула құру. 2. Химия ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру және ойлау қабілеттерін дамыту. Эксперименттер жасату арқылы теория мен практиканы үйлестіру. 3. Топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, тәртіпке тірбиелеу.

Сабақтың түрі: білімді бекіту

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, есеп шығару, ойын

Сабақтың көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, слайдтар, элеметтің таңбалары.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе бөлім.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

(сәлемдесу, оқушылардың сабаққа даярлықтарын тексеру)

- Қайырлы күн, балалар, отырыңдар.

Бүгінігі сабағымызды осы уақытқа дейінгі химиядан алған білімімізді жүйелеп, бекетеміз. Ондағы біздің мақсатымыз:

  • Химиялық элементтердің таңбаларын тану
  • Химиялық формула құру
  • Химиялық реакция теңдеуін жаза білу
  • Химиялық реакция теңдеуін теңестіре білу
  • Салыстырмалы молекулалық массаны есептеу
  • Зат мөлшері. Моль. Молярлық масса бойынша есептер шығара білуіміз керек. Сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз, 4 топқа бөлінеміз, әр топтың басшылары менің көмекшілерім болады. Олар сендердің орындаған жұмыстарыңды тексеріп, нәтижесін маған айтып отырады.

Сабағымыздың ұранын біз Анатоль Франстың: «Білімді қорыту үшін, оны зейінмен сіңіру керек» деген сөзін алайық та, бар зейінімізді сабаққа бөлейік.

Сабағымызды бастамас бұрын алдарыңда жатқан көңіл күйлеріңді анықтайтын карточка арқылы біз сендердің бүгінгі сабақ алдында және сабақтың соңындағы көңіл күйлеріңді біле аламыз.

ІІ. Негізгі бөлім.

Биылғы жылы сендер өте күрделі, сонымен бірге өте қызықты пән химия пәнін оқуды бастадыңдар. Химия патшалығы өте үлкен, ол көп құпиялар мен жұмбақтарға бай.

М.В. Ломоносов «Химия адам ісіне құшағын кең жаяды. Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз — химия ғажайыптары» - деген екен.

Сонымен 1-ші сұрағымыз: Химия ғылымы нені зерттейді? Мақсаты не?

2. Химиялық элемент дегеніміз не? Бұл ұғымды алғаш кім енгізген?

3. Химиялық формула дегеніміз не?

4. Коэффицент пен индекс нені көрсетеді?

5. Қазір химиялық диктант жазайық: заттың формуласын құрап, оқимыз. Әр топтан тақтаға 1 оқушы келсін.

А) фосфор қышқылы сутектің 3 атомынан, фосфордың 1 атомынан, оттектің 4 атомынан тұрады.

Ә) пропан газы көміртегінің 3 атомынан, сутегінің 8 атомынан құралады.

Б) глюкоза көміртегінің 6 атомынан, сутектің 12 атомынан және оттектің 6 атомынан тұрады.

В) ас тұзы натрийдің 1 атомынан, хлордың 1 атомынан тұрады.

Енді балалар тақтаға қарайық та, бір топ алдымен жауап берсін, жауап бере алмаса қарсылас топтар жауап беруіне болады.

1. Мына пікірлердің қайсысында жай зат, қайсысында химиялық элемент ретінде сөз болып тұр:

А) алюминийден электр тогын өткізетін сым жасалады;

Ә) алюминий саздың құрамына кіреді;

Б) алюминий авиацияда қолданады;

В) алюминий жер қыртысында болады?

2. Мына мағлұматтардың қайсысында химиялық элемент темір туралы айтылған:

А) қанның құрамында темір болады;

Ә) темір магнитке тартылады;

Б) темір ылғал ауада таттанады;

В) пирит құрамында темір бар кен?

3. Химиялық элемент туралы айтылған сөйлемдерді көрсетіңдер?

А) малахиттің құрамына мыс кіреді

Ә) мыстан жасалынған тақташа

Б) тауық жұмыртқасының белогында азот бар

В) темірдің магниттік қасиеті бар.

4. Химиялық элемент туралы айтылған сөйлемдерді көрсетіңдер?

А) құбырмен келіп тұрған ауыз суда оттек еріген күйде болады

Ә) көмірқышқыл газының құрамына оттек кіреді

Б) ауаның құрамында оттектің мөлшері 21℅.

В) жасыл өсімдік көмірқышқыл газын сіңіріп, оттек бөліп шығарады.

Ал енді таблицамен жұмыс жасайық.

A

B

C

D

E

1

Al

CaO

NaOH

H2SO4

BaCl2

2

H3PO4

S

SO3

K2CO3

NaNO3

3

AqNO3

Na2S

HCl

Al2O3

Cl2

4

KCl

Na

H2O

H2

HNO3

5

Ba

N2O5

O2

SiO2

P2O5

«Кім жылдам?» ойынын ойнап жіберейік.

  1. Осы таблицадан жай заттарды тауып, оқып жіберейік? Жай зат дегеніміз не?
  2. Күрделі зат дегеніміз не? Яғни осы 7 заттан басқасы түгелдей күрделі заттар деп айта аламыз ба?
  3. Е1 кодты затының сандық құрамын анықтаңдар.
  4. А3 кодты затының сапалық құрамын анықтаңдар.
  5. Д2 кодты затының сандық құрамын анықтаңдар.
  6. А2 кодты затының сапалық құрамын анықтаңдар.
  7. А4 кодты затындағы химиялық элементтердің валенттілігін анықтаңдар. (тақтаға)
  8. С2 кодты затындағы химиялық элементтердің валенттілігін анықтаңдар. (тақтаға)
  9. Д3 кодты затындағы химиялық элементтердің валенттілігін анықтаңдар. (тақтаға)
  10. В5 кодты затындағы химиялық элементтердің валенттілігін анықтаңдар. (тақтаға)
  11. Салыстырмалы молекулалық массаны есептей аламыз ба екен, тексерейік. Орындарыңа отырып әр топ ұйымшылдықпен тақтада берілген заттардың салыстырмалы молекулалық массаларын есептеп, қай топ есептеп болады, тез тақтаға шығып, жазады.

Химиялық қосылыстардың салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер:

1- топ: С1, Д2

2-топ: С3, Е2

3-топ: А4, Д1

4-топ: В1, А3

  1. Химиялық реакция теңдеулері дегеніміз не?

Химиялық заттардың әрекеттесу реакция теңдеулерін жазып, түзілген заттардың химиялық формуласын құрып, реакция теңдеулерін теңестіріңдер және реакция типін анықтаңдар:

1-топ: В1+ С3

А1 + Е3

2-топ: В4 + Д1

В2+ С5

3-топ: А3 + С3

С5+Д4

4-топ: В1 + Е4

В4 + Е3

Қай топ бірінші орындап болады, сол топ тақтаға шығып, тез жаза береді.

Химиялық құбылыстар мен физикалық құбылыстарды ажырата аламыз ба екен, қазір соны тексерейік.

Слайдтардағы сұрақтарға назар аударайық. әр топқа сұрақтар беріледі.

1-топ:

Мына өзгерістердің:

А) автокөлік қозғалтқышында бензиннің жануы;

Ә) аязды күні терезеге қыраудың тұруы;

Б) балшықтың кебуі — қайсысы химиялық құбылысқа жатады?

2-топ:

А) ағашты аралағанда үгіндінің түзілуі;

Ә) от тұтатқанда шырпының жануы;

Б) жайған кірдің кебуі — қандай құбылысқа жатады?

3-топ:

А) жапырақтың шіруі

Ә) күмістен жасалған бұйымда қара дақтың пайда болуы.

Б) қардың еруі — қандай құбылысқа жатады?

4-топ:

А) ас содасына сірке суын тамызғанда газ түзілуі;

Ә) темір шегенің таттануы

Б) бор кесегіне қышқыл тамызғанда газ түзілуі — қандай құбылысқа жатады?

Сонымен физикалық құбылыс дегеніміз не? Химиялық құбылыс дегеніміз не?

Химиялық реакцияның жүргенін қайдан білеміз, белгілері қандай?

Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып,

Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр,

Есеп шешер кезегі келіп тұр.

Енді есеп шығарайық.

Әр топқа есептер беріледі, орнында екі топ отырып шешеді де, екі топтан екі оқушы тақтаға шығады.

1-топ: 5.6л қалыпты жағдайда D4 кодты затының қанша молекуласы бар?

2-топ:D3 кодты затындағы элементтердің массалық үлесін анықтаңдар

3-топ: 10г С2 кодты затының зат мөлшерін есептеңдер

4-топ: 20г С5 кодты затының қанша молекуласы бар?

Келесі сайысымызды практикалық жұмыстармен үйлестірейік.

Әр топқа тапсырмалар беріледі. Қоспаларды бөліп алу.

1-топ: құм мен тұз

2-топ: ағаш үгіндісі мен темір үгіндісі

3-топ: құм мен ағаш көмірі

4-топ: су мен құм

Нәтижесін тексеріп, сұрақтар қойылады.

  1. Қоспа дегеніміз не?
  2. Қоспалардың түрлері?
  3. Оларды бөлу әдістері?

Қорытынды: бүгінгі сабағымыз бойынша сендердің білімдеріңді өздерің бағалайсыңдар, Сендердің өздеріңе қойған бағаларыңды мен қорытындылап, келісетінімді, келіспейтінімді айтып, білімімізді бекітейік. Және көңіл-күй карточкасына сабақ соңындағы өз көңіл-күйлеріңді белгілеуді ұмытпаңдар.

«Иә, химия — оңай ғылым емес екен» деп ойлап отырған боларсыңдар. Бірақ сендердің түпкілікті еңбектеріңнің арқасында химияны жеңіп, барлық құпия, сырын аша аласыңдар.

Ал енді менің батамды қабыл алыңдар:

- Ал, балалар,

Қолдарыңды жая ғой

Ақ батамды ала ғой.

Жаратқан Алла сендерге

Оттектің қуатын берсін!

Фосфордың жарығын берсін,

Азоттың өміршеңдігін берсін,

Полонийдің ыстық жүрегін берсін,

Висмуттай ақ, сурьмадай пәк болыңдар!

Барлық элементтердің энергиясын беріп,

Ақылды ұл-қыз болып өсулеріңді Құдай қолдасын!

Әумин!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности