Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қараағаш ауылы
«Ертіс ауданының Қараағаш жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Аушенова С.Қ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы білім беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы білімдерін шындау.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа, өз ана тілін ардақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, дүниетанымын кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, жаттығу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин.
Үй тапсырмасын тексеру: 5 мин.
Жаңа сабақты түсіндіру. 15 мин.
-Балалар біз бүгін дауыссыз дыбыстармен танысамыз. Ендеше алдымен осы дыбыстардың пайда болуы туралы аңыз тыңдайық. Аңыздан түсінгендерін сұрау.
Бекіту: 10 мин.
Қорытынды: сұрақ-жауап 3 мин
Бағалау: 2 мин
Үй тапсырмасы: әр сөзі дауыссыз дыбыстан басталатын әңгіме құрастыру. 2мин