Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Деңгейлік технология арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Казахстан,г.Астана
Средняя школа №32

Учитель казахского языка и литературы

Мажитова Айнакөз Амангельдыевна

«Қазақ тілінің болашағы-қазақ тілінде»

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстанның тәуелсіздік алуы-қазақ елінің саяси егемендікке қол жеткізуімен бірге білім саласын қалыптастыруға кеңінен жол ашты.Соның бірі мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру болса,оған жету жолында бағдарламалар да, жаңа буын оқулықтары да дүниеге келді. Оқушыларды қазақ тілінде сөйлетуге жаңа технологиялардың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін қолдана отыра, сабақ түрлері де өткізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту технологияларын, әдістерін таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің оқушыларына, педагогтарына өзіне ыңғайлы нұсқаны оқу үрдісіне енгізуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылға 11 қазандағы №1459 жарлығымен бекітілген» Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «:Білім беру бағдарламалары инновоциялық педагогикалық технологияларды, ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тілді мұғалімді даярлау бағдарланған болады», - деп педагог мамандар даярлайтын оқу орындарына орасан зор міндет жүктеп отыр. Еліміздегі дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғыру білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен мақсаттар әкелді. Білім стандартының жасалынуы, төл оқулықтарымыздың жазылуы, мектептерді жаппай компьютерлендіру, иновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту , әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістердің куәсі. Ал ұрпақ тәрбиесі — Қазақстанда өтіп жатқан реформалар мен ғылыми-техникалық прогресстің алғы шарттарының бірі. Бүкіл дүние жүзілік білім беру кеңестігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда: бұл үздік педагогика теориясы мен оқу тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауда, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды жастардың шығармашылық әлеуметін дамытуда, мұғалім іс-ірекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Жаңаша оқытудың жолдарын тауып, оны дамыту мен қалыптастырудың алғы шарттарын іске асыру жолында «Деңгейлеп оқыту» технологиясын кеңінен пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту әрбір оқушының даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін байқап, саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұл технологияның көкейтестілігі: Оқушының өздігінен білім алу ынтасы мен ықыласын дамытуға жағдай жасау.

Деңгейлеп оқытудың міндеттері:

1. Оқушының бір-бірімен білім алмасуына, өздігінен білімін толықтыруға, жетілдіре отырып, жаңа білім алуына бағыт беру.

2. Оқушы сезімін ояту, әлемді сезіндіру, белгілі нысанға назарын аударту.

3. Зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру.

Деңгейлеп оқыту арқылы әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергендігін қамтамасыз етеді. Әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім алуына жағдай жасау мүмкіндігі беріледі және әр түрлі категориядағы балалармен саралай жұмыс істеуге бағытталған.

Жаңашылдығы:

- деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушының шығармашылық, дарындылық қабілеттерін ашуға мүмкіндіктердің жасалуы.

Күтілетін нәтиже:

- әдебиет сабағының мазмұны мен сапасы артады;

- оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды;

- оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, шеберлігі шыңдалады;

- жауапкершілігі артады, шығармашылығы шыңдалады;

- топпен жұмыс істеу барысында психологиялық жайлылыққа бейімделеді;

- әр оқушы дербестігін танытады, өзіндік тұлғасын қалыптастырады.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қараев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген. Оқушылардың ойлау, дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында деңгейлеп, саралап оқыту технологиясын пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынадай 4 түрге бөлінген:

Репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне байланысты беріледі.

Алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып оындайды.

Эвристикалық деңгей оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.

Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушынын белсенділігін оятады.

1)Әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

2) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

4)Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей, бағдарламалық, күрделенген деңгей.

Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беру үшін, білім арқылы баланың жеке тұлғасын дамыту талап етіледі. Баланы жеке тұлға етіп дамыту үшін жаңа инновациялық оқыту технологиясын пайдалану-бүгінгі күннің талабы. Бұл-оқытудың ең тиімді әдісі-тәсілдерін ұтымды пайдалана отырып, оқыту мазмұнын оқушының жеке басының ерекшелігіне, даму дәрежесіне, қабілет мүмкіндігіне бейімді жүргізу деген сөз.Деңгейлік тапсырмаларды орындатудың негізгі мақсаты: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Осы мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру қажет:

Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы;

Оқушыларды бір-бірінен білім алмасуына дағдыландыру;

Берілген білімді пысықтай білуге дағдыландыру;

Оқушының білімін үнемі тексере отырып, бақылау;

Байланыстыра сөйлеуді үйрету;

Үнемі сөздік қорын байыту;

Шығармашылық қабілетін арттыру;

Ұлттық рухта тәрбиелеу;

Қазақ тілі сабағында оқушыларға өздігінен берілетін жұмыстар ойлау қабілетін арттырып, берілген тапсырмалар бойынша өз бетімен шешім қабылдауға талпындыратындай болуы керек. Енді деңгейлік тапсырмаларға тоқталатын болсақ, деңгейлеп оқыту кезінде тапсырмалар шартты белгілермен беріледі. Соған қарап оқушылар жұмыс істеулері керек. Оқушылардың өз бетімен орындалуына берілетін мұндай тапсырмалар олардың сабаққа дайындық деңгейін, бойында бар белгілі бір қасиеттерін, танымдық қызығушылықтарын арттыруға арналған болады. Әр оқушы жұмысын өз бетінше бірінші тапсырманы орындаудан бастайды. Мұнда ең әуелі берілген тапсырмалардың жеңілдеу, қарапайым болуы ескерілген. Осындай тапсырмаларды түгел орындаған жағдайда ғана келесі деңгейге көшуге болады. Әр сатыға көтерілген сайын оқушының ынтасы, белсенділігі, ойлау дәрежесі мен білімінің сапасы да өсіп отырады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау негізінде оқытудың тиімділігі:

- қазақ тілі сабағының мазмұны мен сапасы артады;

-оқушылардың физио-психологиялық ерекшеліктеріне сай ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды;

- оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, шеберлігі шыңдалады;

- жауапкершілігі артады, шығармашылығы шыңдалады;

- жүйелі оқыту принциптері арқылы оқушы өзін-өзі дамытып, өзін-өзі

бағалап білім деңгейін өрбіте алады;

-оқушы өз қызметіне талдау жасайды, қорытынды шығарады, өз-өзіне баға береді, жаңалыққа ұмтылады; Әр деңгейде орындалатын тапсырмаларға байланысты қойылған талаптардың бір-бірінен айырмашылығы ескеріледі. Бірінші деңгей мен екінші деңгейде орындалатын тапсырмалар бір-біріне ұқсамайды. Деңгейден деңгейге көшкен сайын тапсырмаларға қойылатын тапсырмалар да артып, күшейіп отырады

Қорыта келгенде тиімді технология –сапалы сабақ көзі болып саналады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 3-бап.

Алматы, 2001.

2. Караев Ж.А. , Кобдикова Ж.У. Оценка деятельности учащихся в условиях применения педагогической технологии обучения, Вестник высший школы Казахстана, 1998г, №5,с82-88

3. Т.Мейірманқұлова. Білім берудегі инновациялық технологиялар.

«Үш қиян» Алматы, 2005.
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности