link3654 link3655 link3656 link3657 link3658 link3659 link3660 link3661 link3662 link3663 link3664 link3665 link3666 link3667 link3668 link3669 link3670 link3671 link3672 link3673 link3674 link3675 link3676 link3677 link3678 link3679 link3680 link3681 link3682 link3683 link3684 link3685 link3686 link3687 link3688 link3689 link3690 link3691 link3692 link3693 link3694 link3695 link3696 link3697 link3698 link3699 link3700 link3701 link3702 link3703 link3704 link3705 link3706 link3707 link3708 link3709 link3710 link3711 link3712 link3713 link3714 link3715 link3716 link3717 link3718 link3719 link3720 link3721 link3722 link3723 link3724 link3725 link3726 link3727 link3728 link3729 link3730 link3731 link3732 link3733 link3734 link3735 link3736 link3737 link3738 link3739 link3740 link3741 link3742 link3743 link3744 link3745 link3746 link3747 link3748 link3749 link3750 link3751 link3752 link3753 link3754 link3755 link3756 link3757 link3758 link3759 link3760 link3761 link3762 link3763 link3764 link3765 link3766 link3767 link3768 link3769 link3770 link3771 link3772 link3773 link3774 link3775 link3776 link3777 link3778 link3779
Дусаева Бекзат Бектурсыновна
Должность:учитель казахского языка
Группа:Посетители
Страна:Казахстан СКО Тимирязевский район
Регион:Северо-Казахстанская область
Қазақ тілінен сабақ жоспары "Мен жеті жастамын"

Қазақ тілі сабағы 1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мен жеті жастамын

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды жастарына сәйкес сөйлете білуге үйрету, сандарды қайталау. Ө дыбысы мен әрпін меңгерту.

2. Сөздік қорын байыту. Лексикалық тақырып бойынша жіктік жалғауларын дұрыс қолдана алу арқылы сұрақ қою және жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептіліккке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру, ойын

Сабақтың көрнекілігі: оқу құралы, суреттер, плакаттар, аудиотаспа

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

ІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру.

Туған күндері жайлы сұрастыру.

Сенің атың кім? Бүгін кімнің туған күні?

ІІІ.Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс.

Жаңа сөз: жас-возраст (лет)

Мұғалім сөздің лексикалық мағынасын түсіндіреді.

1.Суретке қара. Тыңда, қайтала.

Суретке қарап: Мен алты жастамын. Мен жеті жастамын сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен қайталайды. Аудиотаспадан қайталайды

2.Тыңда, қайтала. Үлгі бойынша сөйле.

- Сен неше жастасың?

- Мен алты жастамын.

- Данил, сен неше жастасың?

- Мен жеті жастамын.

3. Қайталау.

Мұғаліммен бірге саусақтарын санайды.

Ал санайық, санайық,

Сан сырына қанайық!

Бір саусақты жұмайық,

«Бір саны», - деп ұғайық!

Екі саусақ жұмайық

«Екі сан» - деп тынайық!

Үшіншісін жұмайық,

«Үш саны» - деп шығайық!

Тағы бірін жұмайық,

Төрт санына ылайық.

Жұдырықты жұмайық,

"Бес болды» - деп ұғайық.

Оң қолдың енді біреуін,

Тағы да ептеп жұмайық,

«Алты сан», - деп ұғайық,

Екіншісін жұмайық,

«Жеті сан» - деп ұғайық!

Үшіншісін жұмайық,

«Сегіз ғой» - деп тынайық!

Тағы бәрін жұмайық,

Тоғыз санға ылайық.

Жұдырықты жұмайық,

«Он болды» - деп ұғайық.

Оқушылар суреттегі сандарға қарап тағы да санап шығады..

4.Толықтырып айт.

Мен бес жастамын. Сен алты жастасың.

Мен сегіз жастамын. Сен жеті жастасың.

Мен жеті жастамын. Сен төрт жастасың

Оқушылар «мен» және «сен» жіктеу есімдіктерін және жіктік жалғауларын дұрыс қолдануға үйренеді.

Сергіту сәті
Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап

5.Тыңда, қайтала.

Өө дыбысы және оның әрпі

1. Хормен айтқызу.
2. Жұппен айтқызу.
3. Жеке айтқызу.

Өмірбек, төрт, көл, өшіргіш - ө әрпі бар сөздерді үйренеді.

6.Сөздерді тыңда қайтала.

…мірбек, т…рт, к…л, …шіргіш — сөздеріне тиісті әріпті қойып, мұғалімнің көмегімен қайталайдыжәне қазақ тіліне тән ө дыбысымен танысады.

Ө әрпін ауада жазу
Ө әрпін тақтада жазу

Жазу дәптеріндегі 1,2 тапсырмаларда оқушылар жаңадан үйренген ө дыбысының әрпін жазуды үйренеді.

1. Тапсырма. Кел, жазайық! Дәптермен жұмыс
Ө әрпін көшіріп жазу арқылы көркем жазуға үйренеді..

2. Бастыр. Жаз. Ө әрпінің салыну жолдарын басып жазу арқылы дәптерге жазу

Әә ,Ққ, Ғғ, ң, Іі, Өөоқушылар өткен қазақ тілінің төл дыбыстары мен әріптерін жазып шығады. Суреттегі текшелерді санату арқылы қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталайды. Қызыл текшелерде дауысты, ал көк текшелерде дауыссыз дыбыстардың берілгеніне, жуан және жіңішке айтылуына назар аударады.

Жаңа сабақты қорытындылау.

Қандай әріппен таныстық?

Өө - дыбысы дауысты ма? Дауыссыз ба?

Сен неше жастасың?

Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.

Балалар сау болыңдар!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности