Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Алғашқы діни түсініктер

Казахстан, Западно-Казахстанская область, Теректинский район, г.Уральск

Чаганская ОСОШ

Учитель истории

Имангалиева Айнур Галымжанкызы

Түсінік хат

Дін адамзат мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, әрбір жоғары білімді адам діннің мазмұнын, шығу тегін, дін тарихын білуі қажет. Бүгінгі таңда елімізде бізге жат, қоғам санасын улаушы ағымдар көбеюде. Сондықтан да олардың ара жігін ажырата алу үшін мектептерде дінтану пәні оқытылуы керек.Алайда дінтану пәні тек жоғарғы сыныптара ғана оқытылатын болғандықтан, төменгі сыныптарда мұндай олқылықтардың орнын әртүрлі факультативтік сабақтармен толықтыруға болады. Өйткені тек жоғарғы сынып оқушылары ғана емес, орта буын оқушылары да дін туралы алғашқы түсінікті меңгеруі тиіс. Сондықтан да осындай факультативтік сабақтар орта буын оқушыларының дін туралы алғашқы түсініктерінің қалыптасуына ықпал етеді,жалпы діннің пайда болу тарихымен таныстырады, ежелгі дүниедегі діни көзқарастар жайлы оқушыларға мәлімет береді.

6-сынып оқушыларына жүргізілетін «Алғашқы діни түсініктер» факультативтік сабағының алдына қойған мақсаты:

v Оқушылардың бойында дін туралы алғашқы түсінікті қалыптастыру;

v Адамзат тарихымен бірге қалыптасып дамып келе жатқан әлемдік діндер тарихы туралы түсінік беру;

v Діннің тарихи түрлерін меңгерту;

6-сынып оқушыларына жүргізілетін «Алғашқы діни түсініктер» факультативтік сабағының алдына қойған міндеті:

Оқушыларға ағашқы діни көзқарастар туралы түсінікті меңгерту;

Қазіргі дәстүрлі діндер мен өзге да жат ағымдардың ара жігін айыра білуге дағдыландыру;

Қазақстан жерінде таралған діндер мен діни ағымдар жайлы түсінік беру;

«Алғашқы діни түсініктер» факультативтік сабағын өткізуде оқушылардан күтілетін нәтижелер:

ü Оқушылар дін туралы алғашқы түсінікті меңгере алады;

ü Адамзат тарихымен бірге келе жатқан дін тарихы туралы жан-жақты мәлімет ала алады;

ü Дәстүрлі діндер мен басқа да жат ағымдардың ара жігін айыра алады;

ü Еліміздегі діни сенім бостандығын сезіне алады;

Факультативтік сабақ жұмысының бағдарламасы

Мазмұны

Сағат саны

Пәнге кіріспе. Пәннің мақсат-міндеттері

1

Дін дегеніміз не? Дін туралы түсінік

1

Діннің адам өміріндегі алатын орны

1

Әлемдік діндер

1

Алғашқы адамдардың діни көзқарастары

11

Қазақстан жеріндегі Ислам дініне дейінгі наным-сенімдер

8

Түріктердің наным-сенімі

3

Қазақстанда Ислам дінінің таралуы

2

Бүгінгі таңдағы әлемдік діндер

3

Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы діни ағымдар

1

Дініңді таны, тарихыңды құрметте!

1

Қорытынды

1

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

1.

Пәнге кіріспе. Пәннің мақсат-міндеттерімен таныстыру

1

2.

Дін дегеніміз не? Дін туралы түсінік

1

3.

Діннің адам өміріндегі

алатын орны

1

4.

Әлемдік діндер

1

5.

Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі

1

6.

Фетишизм

1

7.

Тотемизм

1

8.

Анимизм

1

9.

Магия. Магия түсінігі

1

10.

Магия түрлері

1

11.

Шаманизм

1

12.

Алғашқы адамдардың табиғат күштеріне табынуы

1

13.

Алғашқы адамдар өміріндегі оттың орны

1

14.

«Миф» түсінігі

Аңыз-әңгімелер

1

15.

Аңыз-әңгімелерді жіктеу

1

16.

Заратуштра діні.

Оның қасиетті кітабы-Авеста

2

17.

Тәңірлік дін

1

18.

Несториандық бағыттағы христиан діні

1

19.

Буддизм діні

1

20.

Манихейлік дін

1

21.

Ислам дініне дейінгі басқа да діни нанымдар мен сенімдер

1

22.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу- әртүрлі діни наным-сенімдер орталығы

1

23.

Түріктердің наным-сенімі

1

24.

Ұмай анаға табыну

1

25.

Ежелгі түріктердің отқа табыну дәстүрі

1

26.

Қазақстанда ислам дінінің таралуы

2

27.

Бүгінгі таңдағы әлемдік діндер. Ислам діні

1

28.

Христиан діні

1

29.

Буддизм діні

1

30.

Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы діни ағымдар

1

31.

Дініңді таны, тарихыңды құрметте!

1

32.

Қорытынды сабақ

1

«Алғашқы діни түсініктер » факультативтік сабағынан күнтізбелік- тақырыптық жоспар 6а,ә-сыныптары

Сабақ тақырыбы

Сабақ мазмұны

Көрнекті құрал

Оқуш. іс-әрекеті

Пәнара

лық байланыс

Сабақ түрі

Бақылау түрі

Күтілетін нәтиже

Сағ саны

Мерзімі

1.

Пәнге кіріспе. Пәннің мақсат-міндеттерімен таныстыру

Сабақ барысында оқушыларға осы пәннің зерттеу обьектісі, мақсат-міндеті таныстырылады.Жаңа сабақты бекіту ретінде пәнге байланысты

оқушылардың өз көзқарастары ортаға салынады.

Оқушылар сабақ барысында

жекелеген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен таныстырады

тарих

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Фронтальды тексеру

Оқушылар өз бойында осы пән туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыра алады

1

2.

Дін дегеніміз не?

Дін туралы түсінік

Бұл сабақ барысында оқушылардан үй тапсырмасы ауызша сұрақтар, топшамалар арқылы сұралып,жаңа сабақ баяндалады

-

Оқушылар сабақ барысында сұрақтарға жауап беріп, топшамалармен жұмыс жасайды

тарих

Аралас сабақ

Ауызша және жазбаша сұрау

Оқушылар бұл сабақ барысында жалпы «дін» деген ұғымның мәнін түсіне алады

1

3.

Діннің адам өміріндегі

алатын орны

Сабақ барысында діннің адам өміріндегі алатын орны түсіндіріледі.

Жаңа сабақты бекіту ауызша сұақтар қою арқылы жүзеге асырылады

Оқушылар сабақ барысында діннің адам өміріндегі маңызын түсіне отырып,қойылған сұрақтарға жауап береді

тарих

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар арқылы

Оқушылар осы сабақ нәтижесінде діннің адам өміріндегі алатын орнын түсіне алады

1

4.

Әлемдік діндер

Сабақ барысында үй тапсырмасы

қысқаша өзіндік жұмыс беру арқылы сұралып,жаңа сабақ басқа пәндермен байланыстырыла отырып түсіндіріледі

Тірек-кесте

Оқушылар өзіндік жұмысты орындап, қойылған сұрақтарға жауап береді, кестені толтырады

География, тарих

Кіріктірілген сабақ

Топшамалар арқылы

Оқушылар сабақ

нәтижесінде әлемдік діндер туралы түсінік ала алады

1

5.

Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі

Бұл сабақ барысында оқушыларға осы тақырып туралы кең түсінік беріледі.

Өзіндік жұмыс арқылы жаңа сабақ бекітіледі

Тірек-кесте

Оқушылар үй тапсырмасына жауап беріп,өзіндік жұмысты орындайды

Тарих

Аралас сабақ

Сұрақ қою және өзіндік жұмыс арқылы

Оқушылар алғашқы адамдардың діни көзқарастары туралы өз түсініктерін кеңейтеді

1

6.

Фетишизм

Оқушылар сабақ барысында өзіндік жұмыс жасау арқылы жаңа сабақты меңгереді және жаңа сабақ осы өзіндік жұмыс көмегімен бекітіледі

Кесте

Оқушылар өздеріне берілген өзіндік жұмысты орындайды

Тарих

Өздігінен білім алу сабағы

Оқушылардың алған білімдері өзіндік жұмыс беру арқылы тексеріледі

Оқушылар осы сабақ барысында өзіндік жұмыстар арқылы фетишизм туралы түсінік ала алады

1

7.

Тотемизм

Бұл сабақта үй тапсырмасы ауызша сұрақтар арқылы сұралып, жаңа сабақ тірек-кесте арқылы түсіндіріледі

Тірек кесте

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, сабақ соңында тест жұмысын орындайды

Тарих

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар

Оқушылар осы сабақ нәтижесінде тотемизм туралы кең түсінік алады

1

8.

Анимизм

Сабақта үй тапсырмасы сұралғаннан кейін жаңа сабақ тарих пәнімен байланыстырыла отырып, түсіндіріледі

Қосымша мәлімет

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп,кестеме н жұмыс жасайды

Тарих

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар

арқылы

Оқушылар сабақ нәтижесінде анимизм жайлы түсінік алады

1

9.

Магия. Магия түсінігі

Бұл сабақта жаңа сабақ қосымша мәлімет арқылы түсіндіріледі

Қосымша мәлімет

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз көзқарастарын ортаға салады

Тарих

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар, өзіндік жұмыс,

тест

арқылы

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, өз көзқарастарын ортаға салу арқылы, осы сабақты меңгере алады

1

10.

Магия түрлері

Мұғалім үй тапсырмасын ауыша сұрақтар арқылы тексергеннен кейін, жаңа сабақты бастайды. Жаңа сабақ барысында магия түрлері, оның кейбір түрлерінің адам аласына тигізетін зияны әңгімеленеді

Қосымша мәліметтер

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, жаңа тақырып туралы өз ойларын ортаға салады

Тарих

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар арқылы

Оқушылар бұл сабақта магия түрлері жайлы көп мәлімет ала алады

1

11.

Шаманизм

Сабақта үй тапсырмасы фронтальды түрде тексеріліп,жаңа сабақ мұғалімнің баяндауы бойынша тірек кестелер, қосымша мәліметтер арқылы түсіндіріледі

Тірек-кесте

Оқушылар мұғалімінің қойған сұрақтарына жауап беріп, кестемен жұмыс жасайды

Тарих

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар арқылы

Оқушылар бұл сабақ нәтижесінде шаманизм тарихы туралы кеңінен мәлімет ала алады

1

12.

Алғашқы адамдардың табиғат күштеріне табынуы

Бұл сабақта үй тапсырмасы ауызша сұрақтар, топшамалар арқылы тексеріліп, жаңа сабақ мұғалімнің баяндауы бойынша оқушыны араластыра отырып түсіндіріледі

кесте

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, топшамамен жұмыс жасайды

Тарих

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар, топшамалар арқылы

Оқушылар сабақ нәтижесінде алғашқы адамдардың таиғат күштеріне деген сенімі туралы мәлімет ала алады

1

13.

Алғашқы адамдар өміріндегі оттың орны

Сабақ

барысында мұғалім жаңа сабақты қосымша мәліметтерді пайдалана отырып түсіндіреді

Қосымша мәлімет

Оқушылар сабақ барысында қосымша мәліметтерді пайдалана отырып

жұмыс жасайды

Тарих

Аралас сабақ

Фронтальды тексеру арқылы

Сабақ нәтижесінде оқушылар алғашқы адамдар өміріндегі оттың маңызы туралы көп мәлімет ала алады

1

14.

«Миф» түсінігі

Аңыз-әңгімелер

Сабақ барысында мұғалім үй тапсырмасын ауызша сұрақтар арқылы тексергеннен кейін, жаңа сабақты баяндайды. Жаңа сабақты түсіндіру барысында мұғалім қосымша мәліметті пайдаланады

-

Оқушылар сабақ барысында қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз көзқарастарын білдіреді

Тарих

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар арқылы

Оқушылар сабақ нәтижесінде миф, аңыз-әңгімелер жайлы кең түсінік ала алады

1

15.

Аңыз-әңгімелерді жіктеу

Бұл сабақта мұғалім оқушыларға аңыз-әңгімелердің түрлері жайлы түсінік береді

кесте

Сабақ барысында оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп,кестемен жұмыс жасайды

Тарих

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар арқылы

Оқушылар сабақ нәтижесінде аңыз –әңгімелердің түрлері

туралы көп мәліметтерге ие болады

1

16.

Заратуштра діні.

Оның қасиетті кітабы-Авеста

Бұл сабақ барысында мұғалім осы дін туралы, Авеста кітабы туралы түсіндіріп өтеді.Жаңа сабақты бекіту ретінде оқушылардың өз көзқарастары сұралады

Қосымша мәлімет

Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп,өз көзқарастарын ортаға салады

Қаз.тарих және дүние тарихы

Кіріктірілген сабақ

Ауызша сұрақтар арқылы

Тест арқылы

Оқушылар ежелгі діндердің бірі Заратуштра діні туралы түсінік алады

2

17.

Тәңірлік дін

Мұғалім сабақ барысында оқушылардың өзі дайындап алып келген мәліметтері арқылы жаңа сабақты түсіндіріп, оқушыларға тақырыпқа байланысты өз көзқарастарын жазу туралы тапсырма беру арқылы сабақты қорытындылай

ды

Карта, қосымша мәлімет

Оқушылар өздерінің дайындап алып келген мәліметтерін қорғап, шағын эссе арқылы өз ойларын ортаға салады

Тарих

Өздігінен білім алу сабағы

Өзіндік жұмыс арқылы

Оқушылар өздігінен білім алу жолы арқылы, осы дін туралы түсінік ала алады

1

18.

Несториандық бағыттағы христиан діні

Бұл сабақта мұғалім оқушыларға несториандық бағыттағы христиан діні туралы мәлімет береді және картаның көмегімен еліміздегі осы дін ошақтарының таралуы туралы түсіндіреді

Карта, қосымша мәлімет

Оқушылар

Тарих

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар арқылы

Оқушылар бұл сабақ нәтижесінде осы діннің шығу тегі туралы көп мәлімет ала алады

1

19.

Буддизм діні

Сабақ барысында мұғалім үй тапсырмасын ауызша сұрақтар беру арқылы тексеріп, буддизм діні туралы түсінік береді

Қосымша мәлімет

Оқушылар мұғалім сұрақтарына жауап беріп,кестемен жұмыс жасайды

Тарих

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар арқылы

Оқушылар сабақ нәтижесінде буддизм діні туралы кең мәлімет ала алады

1

20.

Манихейлік дін

Мұғалім сабақ барысында өлкеміздегі манихейлік діннің таралуы жайлы қысқаша түсінік беріп өтеді.Кейін оқушылар осы тақырып бойынша өздері алып келген қосымша мәліметтерімен таныстырады

-

Оқушылар сабақ барысында өздерінің алып келген мәліметтерін қорғайды

Тарих

Өздігінен білім алу сабағы

Топшамалар арқылы

Сабақ нәтижесінде оқушылар манихейлік дін туралы жан-жақты мәлімет ала алады

1

21.

Ислам дініне дейінгі басқа да діни нанымдар мен сенімдер

Сабақта үй тапсырмасы ауызша сұрақтар, топшамалар арқылы тексеріліп, жаңа сабақ барысында мұғалім тарих пәнімен байланыстыра отырып тақырыпты баяндайды, қосымша мәліметтер көмегін пайдаланады

Тарихи мәліметтер

Оқушылар ауызша сұрақтарға жауап береді, топшамамен ,құжаттармен жұмыс жасайды

Тарих

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар, топшамалар арқылы

Оқушылар сабақ нәтижесінде ислам дініне дейінгі наным-сенімдер туралы тарихы туралы мәлімет ала алады

1

22.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу- әртүрлі іни наным-сенімдер орталығы

Мұғалім сабақ болмастан бұрын, оқушыларға тақырыпқа байланысты өзіндік жұмыстар береді. Осыған сай мұғалім жаңа сабақты оқушылардың дайындап алып келген өзіндік жұмыстарына сүйене отырып түсіндіреді. Сабақты бекіту ретінде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі

Қосымша мәліметтер

Оқушылар өзіндік жұмыстарын қорғайды, деңгейлік тапсырмаларды орындайды

Тарих

Қазақ әдеиеті

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар, топшамалар арқылы

Оқушылар сабақ нәтижесінде неліктен бұл аймақтар әртүрлі діни наным-сенімдердің ошағы болғандығын түсіне отырып,бұл діни наным-сенімдердің ортақ жақтары мен ерекшеліктерін айыра алады

1

23.

Түріктердің наным-сенімі

Мұғалім үй тапсырмасын сұрағаннан кейін, жаңа сабақты қосымша мәліметтерге сүйене отырып түсіндіреді

қосымша мәлімет

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді және слайдқа сүйене отырып кесте толтырады

Тарих

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар арқылы

Оқушылар сабақ нәтижесінде түріктердің наным-сенімі жайлы түсінік ала алады

1

24.

Ұмай анаға табыну

Мұғалім жаңа сабақты оқушылардың өздері алып келген мәліметтеріне сүйене отырып түсіндіреді, жаңа сабақты бекіту үшін оқушыларға деңгейлік тапсырмалар береді

Қосымша мәліметтер

Бұл сабақта оқушылар өлкемізден шыққан ардагерлер жайлы өз мәліметтерін қорғайды, мұғалім көмегіне сүйене отырып, олардың ерлік істеріне баға береді

Тарих

Аралас сабақ

Деңгейлік тапсырмалар арқылы

Сабақ нәтижесінде оқушылар қосымша мәліметтерге сүйене отырып, түрік халықарының рухани өміріндегі Ұмай ана роліне баға бере алады

1

25.

Ежелгі түріктердің отқа табыну дәстүрі

Мұғалім үй тапсырмасын ауызша сұрақтар, топшамалар арқылы тексереді,жаңа сабақты қосымша мәліметтердің көмегіне сүйене отырып түсіндіреді

Қосымша мәлімет

Сабақта оқушылар ауызша сұрақтарға жауап береді, топшамалармен жұмыс жасайды

Тарих

Аралас сабақ

Топшама, тест арқылы

Оқушылар сабақ нәтижесінде ежелгі түріктердің отқа табыну дәстүрі туралы кең мәлімет ала алады

1

26.

Қазақстанда ислам дінінің таралуы

Мұғалім жаңа сабақты тарих пәнімен байланыстыра отырып түсіндіреді

Презентация ,қосымша әдебиеттер

Оқушылар ауызша сұрақтарға жауап береді, презентациямен жұмыс жасайды

Тарих

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар арқылы

Оқушылар сабақ нәтижесінде ислам дінінің Қазақстан жерінде таралу себептерін түсіне алады, ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген ықпалына баға бере алады

2

27.

Бүгінгі таңдағы әлемдік діндер. Ислам діні

Мұғалім бұл сабақта үй тапсырмасын тексергеннен кейін, жаңа сабақты оқушылардың өздерін араластыра отырып түсіндіреді.

Қосымша мәлімет

Оқушылар сұрақтарға жауап береді,өздерінің жазып келген мәліметтерін қорғайды, осы бағытта өз көзқарастарын ортаға салады.

Тарих

Өздігінен білім алу сабағы

Сұрақ-жауап арқылы

Оқушылар сабақ нәтижесінде бүгінгі әлемдік діндер жайлы өз түсініктерін кеңейтеді,ислам дінінің пайда болуы туралы жан-жақты мәлімет ала алады

1

28.

Христиан діні

Мұғалім бұл сабақта қосымша мәліметті пайдалана отырып, оқушыларға христиан дінінің пайда болуы, оның ағымдары жайлы түсінік ереді

Тірек кесте, суреттер, қосымша мәліметтер

Оқушылар өз көзқарастарын ортаға салады, кестемен жұмыс жасайды

Тарих

Аралас саақ

Ауызша сұрақтар арқылы

Оқушылар сабақ нәтижесінде христиан дінінің пайда болып, даму тарихы туралы кең мәлімет ала алады

1

29.

Буддизм діні

Мұғалім бұл сабақта қосымша мәліметті пайдалана отырып, оқушыларға буддизм дінінің пайда болуы жайлы түсінік береді

Мұражай мәліметтері, буклеттер

Оқушылар мұғалімнің қойған ауызша сұрақтарына жауап береді, буклеттермен жұмыс жасайды

-

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар арқылы

Оқушылар сабақ нәтижесінде будда дінінің пайда болып, даму тарихы туралы кең мәлімет ала алады

1

30.

Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы діни ағымдар

Мұғалім бұл сабақта оқушыларға еліміздегі діни ағымдар жайлы түсінік береді

Қосымша мәлімет

Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап ереді

Аралас сабақ

Ауызша сұрақтар, арқылы

Бұл сабақ нәтижесінде оқушылар еліміздегі діни ағымдар жайлы кең түсінік ала алады

1

31.

Дініңді таны, тарихыңды құрметте!

Мұғалім жаңа сабақты түсіндіруде балаларға ұлттық дініміз д туралы түсінік бере отырып,оқушылардан осы тақырыпқа байланысты өз көзқарастарын ортаға салуды сұрайды.Сонымен бірге ұлттық дін мен ұлттық тарихтың бір-бірімен байланысын түсіндіреді.Сабақты бекіту ретінде оқушыларға тақырыпқа байланысты шағын эссе жазуды тапсырады

Тірек кесте, суреттер, қосымша мәліметтер

Оқушылар өз көзқарастарын ортаға салады, кестемен жұмыс жасайды

Тарих, әдебиеті

Кіріктірілген сабақ

Өзіндік жұмыс арқылы

Оқушылар сабақ нәтижесінде өз дәстүрін, ұлттық тарихын құрметтеуге ұмылады, ұлттық құндылықтарды бағалауды үйренеді

1

32.

Қорытынды сабақ

Қорытынды сабақта мұғалім жыл бойы өткізілген факультативтік сабағына қысқаша талдау, қорытынды жасайды,оқушы білімін бағалайды, жүйелейді

Оқушылар тестпен жұмыс жасайды

Білімді бағалау, жүйелеу сабағы

Тест арқылы

Сабақ нәтижесінде оқушылар өздерінің жыл бойы алған білімдерін бір жүйеге түсіріп, қорытындылай алады

1

Тест-4

Өзіндік жұмыс-4

Тест тапсырмасы \9-сабаққа қосымша\

  • Дін дегеніміз не?
  • Магия неше түрге бөлінеді?

А)6 Б)8 В)4

  • Әлемдік діндерді ата
  • Тотемизм түсінігінің мәнін аш
  • Емдеуші магияның мақсаты қандай?

А) ауруларды емдеу Б)дуа салу В)хирургиялық емдеу

  • Алғашқы адамдардың мынандай діни наным-сенімдері болған
  • Анимизм дегеніміз не?
  • Тотемизм түсінігінің мәнін аш
  • Христиан діні қай жылы пайда болды?
  • Әлемдегі ең жас дінді ата
  • Адам өмірінде дін қандай орын алады?
  • Түріктердің отқа табыну және Ұмай анаға табыну салтының мәнін түсіндір
  • Түріктердің Ислам дініне дейінгі ұстанған діни нанымдарын ата

Тест тапсырмасы \16-сабаққа қосымша\

ü Шаманизм дегеніміз не?

ü Алғашқы адамдар қандай таиғат күштеріне табынған?

ü Алғашқы адамдар от жағуды қалай білген?

ü Аңыз-әңгімелер қандай түрлерге бөлінеді?

ü Заратуштра діні қай кезеңде пайда болған?

ü Оның қасиетті кітабын ата

ü «Миф» дегеніміз не?

ü Алғашқы адамдар табиғат күштеріне не үшін табынған

ü Заратуштра діні әлемнің қай аймақтарында дамыған?

ü Оның негізін қалаушы кім?

Тест тапсырмасы \25-сабаққа қосымша\

  • Түріктердің наным-сенімін ата
  • Тәңірлік діннің діннің мәні қандай?
  • Ислам дініне дейінгі діни наным-сенімдер
  • Ежелгі түріктердің отқа табыну дәстүрі..................................... байланысты
  • Орта ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағында мынандай діндер мен діни ағымдар таралған_______________________________________________________________________
  • Манихейлік дегеніміз қандай дін?
  • Манихейлік дін Қазақстанның қай аймақтарында таралған?
  • Ислам дінінің негізін қааушы кім?
  • Ислам діні ең алғаш әлемнің қай аймақарында тарады?
  • Мұхаммед пайғамбар қай жылдары өмір сүрген?

Тест тапсырмасы \32-сабаққа қосымша\

  • Бүгінгі таңда Қазақстанда таралған қандай діндер мен діни ағымдарды білесің?
  • Ислам діні қай ғасырда пайда болды?
  • Христиан діні қай жылы, қандай ағымдарға бөлініп кетті?
  • Буддизм дінінің негізін қалаушы кім?
  • Ислам діні Қазақстанда қай ғасырларда кеңінен таралды?
  • Буддизм дініне тән басты көзқарас қандай?
  • Христиан діні Қазақстанның қай аймағында таралды?
  • Ислам дінінің қасиетті кітабы қандай?
  • Несториандық бағыт қай дінге тән?
  • Неліктен Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда әртүрлі діндер мен діни ағымдар таралды?
  • Тотемизм қандай түсінік
  • Католиктік деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
  • Христиан діні қай жылы екіге бөлінді?
  • Заратуштра діні Қазақстанда қай кезеңде тарады?
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности