link13080 link13081 link13082 link13083 link13084 link13085 link13086 link13087 link13088 link13089 link13090 link13091 link13092 link13093 link13094 link13095 link13096 link13097 link13098 link13099 link13100 link13101 link13102 link13103 link13104 link13105 link13106 link13107 link13108 link13109 link13110 link13111 link13112 link13113 link13114 link13115 link13116 link13117 link13118 link13119 link13120 link13121 link13122 link13123 link13124 link13125 link13126 link13127 link13128 link13129 link13130 link13131 link13132 link13133 link13134 link13135 link13136 link13137 link13138 link13139 link13140 link13141 link13142 link13143 link13144 link13145 link13146 link13147 link13148 link13149 link13150 link13151 link13152 link13153 link13154 link13155 link13156 link13157 link13158 link13159 link13160 link13161 link13162 link13163 link13164 link13165 link13166 link13167 link13168 link13169 link13170 link13171 link13172 link13173 link13174 link13175 link13176 link13177 link13178 link13179 link13180 link13181 link13182 link13183 link13184 link13185 link13186 link13187 link13188 link13189 link13190 link13191 link13192 link13193 link13194 link13195 link13196 link13197 link13198 link13199
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Оқушылардың зияткерлік және танымдық қабілеттерін дамытуға шығармашылық жоба құру

Қазақстан Республикасы,Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы,Күршім ауылы
Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі
Бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Сманжина Жадыра Нурлановна

Бейнелеу өнері пәні — оқушылардың өмірге көзқарасын қалыптастыратын, әсемдікке баулитын, өмірді тануға, сұлулықты бағалауға үйрететін пән.

Оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерінің қалыптасуына адам, табиғат, қоғам білімдері тірек болады.

Оқушылардың жеке-дара шығармашылық белсенділігін қалыптастыру, танымдық қызметі үш тұрғыда қалыптасады:

  1. Сарамандық оқыту
  2. Әдемілікті қабылдауға баулу
  3. Танымдық қабілетін кеңейту

Осыған жету үшін мен не істеуім керек?

Енді осы сызбаға толығырақ тоқталсақ:

  1. Жақсы кабинет — сапалы білім ұясы. Оқушыларға сапалы білім беруде көрнекіліктер қаншалықты рөл атқарса, оқу кабинетінің де орны ерекше. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін, танымдық қызуғышылығын оятатын стенділермен кабинет безендірілсе оқушыларға пайдалы да тиімді болар еді. Сонымен қатар кабинетте буклеттер, әдістемелік әдебиеттер, оқушылардың шығармашылық жұмыстары болғаны да абзал.
  2. Өнердің негізгі үш элементі — бейнелеу, құрастыру, безендіру болса, бейнелеу өнері-сырт ұқсастықты беріп қоймай, бейнелеп отырған заттың мәнін ашады, қайталанбас кекін-келбетін, өзіндік ерекшелігін адамның мінезінің ішкі сырын бүкіл дүниенің рең-түсімен әсемдік байлығын ашады. Әрине, оған жету үшін сабаққа көрнекіліктер аса қажет. Көрнекіліксіз сабақ тұзсыз аспен тең, дәмі татымайды, терең ұғынуға жеткізбейді. Көрнекі құралдарды пайдаланумен өткен сабақтың тиімділігі өте көп. Біріншіден материалды түсіндіруге, екіншіден, оқушыға жаңа материалдарды меңгеруде жеңілдік туғызады, үшіншіден, оқушының бейнелеу өнеріне деген ынтасын, танымдық қызығушылығын арттырады, төртіншіден, оқушының есте сақтау, көру сезімдерін жетілдіреді.

Мұғалімнің өз сөзі мен көрнекілікті ұштастыра білуі бейнелеу өнері пәнінің теориялық материалын оқушылардың сапалы да, білгір меңгеруінің практикалық дағдысын қалыптастырады.

3.Көркем суреттердегі әдемілік.

Портрет, натюрморт, картина, пейзаж, композиция, түр-келбеті, әдемілігі, көркемсурет және ән-саз. Міне, осының барлығы оқушы қызығушылын арттыруы мүмкін. Мұғалім сабақ үстінде оқушыларды қызықтырып жүрген бар мәселелерді қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті танымдық қызығушылықтарын арттыру сыныптан тыс жұмыс арқылы жүзеге асады. Сондықтан оқушы бойындағы дарынды ашып, елдің тарихына, салт-дәстүріне, суретшілер өнеріне сүйіспеншілік туғызу үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізу керек. Соның ең тиімді жолы — сайыс сабақтар жүргізу.

4 . «Айналадағы әсемдікті түсіну,таңырқана тамашалау адамды жарқын қуанышқа бөлейді, тамашаға таңқалдыра тәрбиелеу тәтті қиял туғызады, эстетикалық рахатқа бөлейді.»

Н.Г. Чернышевский

Оқушылардың қызығушылық, шығармашылық жұмысын дайындастыруды төрт кезеңге бөлуге болады.

Мысалы:

  1. Оқушы жұмысты бастамас бұрын, оның негізгі мақсатын айқындап алуы керек. Мақсаты: сабақта алған білімін тереңдете отырып, берілген тақырып бойынша ізденіс жұмыс жүргізу.
  2. Оқушы таңдап алған шығармаларына байланысты, көрсетілген шығармалардан нақты материалды сұрыптап алуды үйретеді.
  3. Оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады.
  4. Оқушы өзінің ізденіс тақырыбын қорғауға дайындалады. Ең үздік шығарма оқушылар арасында өтетін ғылыми-конференцияға ұсынылады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности