Қысқа мерзімді жоспар
Информатика пәні мұғалімі Уристемов Галымжан Маханбетович
Сыныбы: 9
Мерзімі: 19.09.2014ж
Пәні: информатика
Тақырыбы: Қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісі.
Мақсаты: Қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісі туралы жалпы білім беру.
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
3 минут
|
1. Кіріспе. 2.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Топтастыру «Капитан, боцман, түскі ас» тренингі ойнату және 2 топқа бөлу
|
Мұғаліммен сәлемдесу. Бір оқушы жүргізуші болады. Капитан бұйрығын естігенде қолдарын капитандарша көтеріп жүру,ал боцман бұйрығын естігенде екі оқушы бір-бірімен қол ұстасады, ал түскі ас 3 оқушы дегенде, 3 оқушы қол ұстасып бірігуі қажет…
|
|
7 минут
|
Үй тапсырмасын пысықтау, сұрау.
Үйге берілген тапсырманы сұрау, сұрақтар қою, жауап толық болмаса қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы, сұраққа толық жауап алу. |
Үйге берілген тақырып бойынша өз ойларын айтады. |
|
5минут 13 минут 2 минут 10 минут |
Негізгі бөлім. Сабақтың мақсатын түсіндіремін. Презентация арқылы жаңа сабақтың материалымен таныстырамын. «Топтық зерттеу» әдісін қолдана отырып, оқушылардың жаңа тақырыпқа қатысты көрсетілген слайдтан түйгендерін және ресурстан пайдалана отырып, сұрақтарды флипчартқа түсірулеріне нұсқау беремін. Топты бағалауға нұсқау беру. Сергіту сәті. «Қытай валеті» биі Жаңа сабақты бекіту «Кластер» стратегиясы арқылы программалық қамтамасыз етулердің схемасын сызуға нұсқау беру. |
Оқушылар оқушы мониторы арқылы жаңа сабақтың материалын көріп бүгінгі тақырыптың мән-мағанасын өздері ашып береді. Әр топ тақырыпты талқылап, түйінді идеяларын маркер арқылы флипчартқа түсіреді.Оқушылар өздігімен мазмұн мен тапсырма орындаудың форматын таңдайды, ақпарат жинастырады, оларды талдап, бағалайды. Топтар бір-біріне сұрақ қояды. Топты бағалайды фигуралар арқылы. Монитордан биді көреді. Тақтаға программалардың шығу тарихына қарай олардың жіктелулерін көрсету, сызу қажет. |
слайд флипчарт, маркер фигуралар бейнеролик Тақта, жұмыс дәптерлері |
3 минут
2 минут
|
Қорытынды. Алған білімдерін тексеру үшін бір-біріне Миға шабуыл сұрақтары арқылы диалогтік қарым-қатынас жасауына нұсқау беремін. Бір-бірін бағалауға нұсқау беру. Инсерт стратегиясы бойынша алған білімін бағалау үшін ,стикерге жаздырып тақтаға ілуіне нұсқау беру. Үйге тапсырма: Программалық қам-з ету. Жиынтық бағаны өзім қоямын. |
Сұрақ,қайта сұрақ арқылы бір-бірімен диалогтік қарым-қатынас жасайды. Өзара бірін-бірі бағалау. Білемін, Білдім,Білгім келеді деген сұрақтарға өз ойларын жазады. Үй тапсырмасын белгілеп алады. Топ басшылары бағалау парағын әкеліп береді. |
стикер
стикер
Стикер.
Бағалау парағы
|