link4284 link4285 link4286 link4287 link4288 link4289 link4290 link4291 link4292 link4293 link4294 link4295 link4296 link4297 link4298 link4299 link4300 link4301 link4302 link4303 link4304 link4305 link4306 link4307 link4308 link4309 link4310 link4311 link4312 link4313 link4314 link4315 link4316 link4317 link4318 link4319 link4320 link4321 link4322 link4323 link4324 link4325 link4326 link4327 link4328 link4329 link4330 link4331 link4332 link4333 link4334 link4335 link4336 link4337 link4338 link4339 link4340 link4341 link4342 link4343 link4344 link4345 link4346 link4347 link4348 link4349 link4350 link4351 link4352 link4353 link4354 link4355 link4356 link4357 link4358 link4359 link4360 link4361 link4362 link4363 link4364 link4365 link4366 link4367 link4368 link4369 link4370 link4371 link4372 link4373 link4374 link4375 link4376 link4377 link4378 link4379 link4380 link4381 link4382 link4383 link4384 link4385 link4386 link4387 link4388 link4389 link4390 link4391 link4392 link4393 link4394 link4395 link4396 link4397 link4398 link4399 link4400 link4401 link4402 link4403 link4404 link4405 link4406 link4407 link4408 link4409
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Менің жаңа формация педагогі ретінде қалыптасуым

Қазақстан,Ақмола облысы,Степногорск қаласы

Бестөбе кентінің негізгі мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Маханова Айтжамал Серикбаевна

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық — ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арма-ны мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндеті өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту.»

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктіліктілігін арттыру курстың бағдарламасының күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп,сосын нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін,сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамы-ған,қазақ,орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгеру. Осы бағдарлама мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру бағалауға көмектеседі деп ойлаймын.Мұғалім жұмысының нәтижелі болуы ,оның сабақты шығармашылық-пен дайындауына байланысты.Жақсы жоспарланған,тыңғылықты дайындал-ған,жан-жақты ойластырылған сабақты өткізу алдындағы көңіл-күйінің де дұрыстығына байланысты өтеді. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалып-тастыру үшін, оқушыларды өздігінен реттелетін оқуын дамытуға ықпал жасау үшін топқа, жұпқа бөліну жұмыстарын жүргіздім.

Сабағымда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілі диалогтік оқытудың барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, бір-бірінің жауабын тыңдау, ойын толық жеткізе білуге, сыйластық, түсіністікке негізделді. Оқушыларға сұрақ қоюдың әртүрлі техникаларын пайдалану негізінде олардың сыни тұрғыдан ойлауын, қызығушылығын, сындарлы сөйлеуін сабақ барысында диалогтің қалыптасуына ықпалы болды.

Топпен жұмыс істегенде оқушылардың қарым-қатынасында көп өзгерістер байқадым:олар өзара тығыз байланыста болады. Флипчатты қорғағанда , егер баланың қызығушылығын оятса ,олардың сыни ойлауы да дамитынын түсіндім.Топтық жұмысының тағы бір ерекшеліктерін көрдім : зерттеушілік әңгіме , оқушылар арасында диалог, ойлау деңгей қабілет-тері өрістеуі , өз ойларын дәлелдеуге үйренеді .

Менің ойымша, қазіргі заманға сай технология АКТ қолдану жеткілікті. «АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, сабақ беруге көмектесетін маңызды құрал. Сондықтан оқыту барысында бұл технологияны тиімді қолдану маңызды.» (МАН, 61-б)

АКТ-ні тиімді және жиі қолдандым :бейнеклип, ән тыңдау, слайд көрсету т.б. Сабақ ортасында жауап берген сабаққа араласып отырған оқушыларды мадақтап қошеметтеп отыру жағын бірінші жолға қойдым. Әрбір оқушы сабақ айтқаннан кейін, қол созып қошемет көрсеткенде, оқушылардың көздерінен қуаныш ұшқыны сезіліп тұрды.

Жалпы,менің оқытудағы өз проблемам оқытуда жеті модульді қолдана оты-рып сабақтың тиімділігін арттыру.Сонымен қатар оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Ж.Аймауытов «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болу керек»,-деген.Оқушының сыни ойлауын дамыту басты міндеттерінің бірі-ұстаздардың дәстүрлі сабақ беруден өзгеруіне,балаға бағытталған сабақ процесін ұйымдастыра алуы,сабағын белсенді,оқушымен тең құқылы дәрежеде жүргізуі, жобаның философиясын терең меңгерген ұстаздардың шәкірттері өз пікірін ашық айтып,Өзара шынайы сұхбат жүргізетін,жеке тұлға ретінде дамыған болып табылады. «Сыни тұрғыдан ойлау жобасы ерекше,өйткені мұғалімдердің құндылығы мен оқушылырдың рөлін өз тәжірибелерінде танытатын кәсіби даму процесі арқылы нағыз өзгеріс еңгізеді.» (Джинни Л.Стилл)

Сабақ барысында ,оқыту барысында оқушылар өзінің оқу материалдарын қаншалықты меңгергенін қорытындылап отыру үшін формативті бағалау жүргі-зілді. Формативті бағалау оқушыларға қателерін түзей отырып, оқытуға , не маңызды екенін түсінуге , нені есте сақтауға , білмегендерін үйренуге , не нәрсені істей алмайтындарын түсінуге көмектесуі мүмкін.

Осы мектептегі тәжірибе кезінде қандай өзгерістер болды?

Мұғалімде: оқушылардың пікірін назарға алу, сыни ойлауға үйретуге, логикалық ойлауға ықпал ету, оқушылардың деңгейіне қарап, тапсырмаларды түрлендіруді, бағалау түрлерін пайдалану.

Оқушыларда: байланыс орнатуға, талқылауға, ойларын еркін жеткізуге, өз-өздерін реттеуге, бірін-бірі бағалауға, балалар бойындағы басқарушылық сезім мен өз қабілеттеріне деген сенімділік дамуы қалыптаса бастады.

Оқушының танымдық белсенділігін қалай дамытуға болады? Сабақтың тиімділігін қалай арттыруға болады? Жеті модульдің осы мақсаттарға жетудегі пайдасы қаншалықты? деген сұрақтарға өз жұмысымда жауап беруге тырысамын.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности