link8160 link8161 link8162 link8163 link8164 link8165 link8166 link8167 link8168 link8169 link8170 link8171 link8172 link8173 link8174 link8175 link8176 link8177 link8178 link8179 link8180 link8181 link8182 link8183 link8184 link8185 link8186 link8187 link8188 link8189 link8190 link8191 link8192 link8193 link8194 link8195 link8196 link8197 link8198 link8199 link8200 link8201 link8202 link8203 link8204 link8205 link8206 link8207 link8208 link8209 link8210 link8211 link8212 link8213 link8214 link8215 link8216 link8217 link8218 link8219 link8220 link8221 link8222 link8223 link8224 link8225 link8226 link8227 link8228 link8229 link8230 link8231 link8232 link8233 link8234 link8235 link8236 link8237 link8238 link8239 link8240 link8241 link8242 link8243 link8244 link8245 link8246 link8247 link8248 link8249 link8250 link8251 link8252 link8253 link8254 link8255 link8256 link8257 link8258 link8259 link8260 link8261 link8262 link8263 link8264 link8265 link8266 link8267 link8268 link8269 link8270 link8271 link8272 link8273 link8274 link8275 link8276 link8277 link8278 link8279
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Ц дыбысы

Қазақстан,ОҚО,Шымкент

№104 Е.Юсупов атындағы ЖОМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Базарбаева Тамара Икрамжановна

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік :Оқушыларға Ц дыбысы мен әріпін таныту, оқу мен жазу дағдыларын қылыптастыру.

2.Дамытушылығы: Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру, тілін дамыту,сөздік қорын молайту.

3.Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке , ұқыптылыққа,сауаттылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: Ой қозғау,ойын,шығармашылық тапсырма.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөз жұмбақ,слайд,бейнеролик

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн біз бақытты баламыз.

- Балалар, біз не үшін бақытты баламыз?

-Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше сабақ болады. Біз бүгінгі сабағымызда саяхатқа шығамыз.Сендерге саяхатқа бару ұнай ма?

-Иә.

-Ондай болса, мен сендерге жұмбақ жасырам, шешуін тапсаңдар, қай жерге баратынымызды білесіңдер. Дайынбыз ба? Бастадық!

-Басы ұшқыр ,орталықта орналасқан,

Киіз үйге ұқсайды, балаларға қуаныш әкеледі.

-Цирк!

-Өте дұрыс,жарайсыңдар! Балалар бүгін біз циркке саяхатқа барамыз. Ол үшін біз бүгінгі сабағымыздағы тапсырмаларды дұрыс орындасақ,сабағымыз соңында саяхатқа барамыз.

Ал бізге сұрақтарды цирк өнерпаздары әкеліп тұр.

-Балалар, сендер циркке барғансыңдар ма?

-Жоқ

-Циркке баруды қалайсыңдар ма?

-Иә!

Онда цирк өнерпаздарының әкелген сұрақтарына дұрыс,қатесіз,ойлап жауап берулерің керек.

1.Бізге бірінші сұрақты цирктің өте ақылды,керемет өнерін көрсету үшін аю келіп тұр.

-Аю қандай жануар?

-Жаббайы аң.

1.Қазақ тілі қанша әріп,қанша дыбыс бар?

42 әріп,37 дыбыс бар

2.Дауысты дыбыс дегеніміз не? Мысалы

3.Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?Мысалы

4.В дыбысы қандай дыбыс?Мысалы

5.Щ,Ч дыбыстары қандай дыбыстар?

6.Ф дыбысы қандай дыбыс?

Жарайсыңдар!Сендер аюдың сұрақтарын дұрыс орындадыңдар.

Келесі сұрақты.....

2.Бізге цирктың ең күшті,ең мықты акрабаттары сөзжұмбақ алып келіпті

Сөз жұмбақтың шешуін табайықшы ? Не келіп шығады?

1.Ата заң Конституция.

Балалар биыл консититуциямыздың 20 жылдығын тойладық.Ағымдағы конституция1995жыл 30 тамыз күні қабылданды.Конституция 9 тараудан 98 баптан тұрады.

2.Өлшем бірлігі-центнер

3.Сахнадағы ән,би кеші –концерт

план по самообразованию воспитателя в доу ранний возраст. штуцер угловой резьба елочка.

4.Санның таңбасы-цифр

5.Көлік түрі-мотоцикл

6.Оқу құралы-циркуль

7.Ойын көрсетілетін орын-цирк

Бұл сөзжұмбақта барлық сөздерге ортақ қай дыбыс екен?

Өте дұрыс «Ц» дыбысы

Балалар бүгін біз сендермен Ц дыбысымен танысамыз.

Жаңа сабақ.Ц дауыссыз ,қатаң дыбыс.Ц дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездеседі,қолданылады.Ол сөздің басында ,ортасында кездеседі.

Сөздік жұмыс.Бағандағы сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру.

Цирк-көтеріңкі көңіл-күй.

Цех-қажеттерді жасап шығару орталығы.

Цемент-құрғақ,ұнтақ,тез қататын,құрылыс материалы

Концерт-өнерпаздар өнерін көрсететін көрініс.

Өте жақсы, жарайсыңдар!шаршап қалдыңдар ма?

Енді бір сергіп алайық.

Сергіту сәті

Бізге цирктің ең күлегеш, баршамыздың көңіл-күйін көтеретін сайқымазақ «Көңілді күн»өлеңін әкеліпті.Бізде бірге айтайық.

Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластық алауын өзің жақтың,

Сенің думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

Жарайсыңдар! Көңіл-күйлеріміз көтеріліп,дем алып алдық!

4.Енді, балалар, бізге Арыстан өзінің тапсырмаларымен келіпті.

-Арыстан қандай жануар?

Дәптермен жұмыс.

Кітаптан 2-тапсырмаға қарайық.

Нүктелер орнына тиісті әріпті қойып жаз.

Анасы балаларын циркке апарды.Құрылысқа цемент өте қажет болады.Әлім

әкесімен бірге әр гектардан неше центнер күріш жиналатынын есептеді.

Алмас мотоцикл жүргізуді үйренді.

5.Ал енді бізге Піл өз сұрағымен келіпті.Қанеки, балалар, пілдің сұрағын орындайық.

Мәтінмен жұмыс.

Цирк-өнердің өте ертеден келе жатқан түрі.

Цирктің көшпелі және тұрақты түрлері болады.Үнемі көшіп жүретін цирк көшпелі цирк деп аталады.

Алматыда бір тұрақты цирк бар.Онда акрабаттар мен шабандоздар,күлкілі клоундар өнер көрсетеді.

Мәтінге ат қой.

6.Бізге өз сұрақтарымен Шабандоздар келіп тұр. Ребусты шеш.!

Балалар, ребустың шешуін табайық.

Цемент.

Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

7.Бізге Маймыл өз сұрақтарымен келіпті.

Не білдің? Не үйрендің?

Үй жұмысы

3-тапсырма.Өлең жаттау

7-тапсырма. «Цирк қызықтары» тақырыбында әңгіме жаз

Балалар, бүгін сендер цирк өнерпаздарының сұрақтарына өте дұрыс жауап бердіңдер!Сендер үшін сайқымазақ үрленген шарларды сыйлық ретінде алып келіпті.Біз осы шарларды көтеріп циркке барамыз.

Цирк бейнеролик көрсетіледі.

Балалар сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

Ондай болса келесі сабақта тағы саяхатқа шығамыз.

Казірше сау болыңдар!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности