link1872 link1873 link1874 link1875 link1876 link1877 link1878 link1879 link1880 link1881 link1882 link1883 link1884 link1885 link1886 link1887 link1888 link1889 link1890 link1891 link1892 link1893 link1894 link1895 link1896 link1897 link1898 link1899 link1900 link1901 link1902 link1903 link1904 link1905 link1906 link1907 link1908 link1909 link1910 link1911 link1912 link1913 link1914 link1915 link1916 link1917 link1918 link1919 link1920 link1921 link1922 link1923 link1924 link1925 link1926 link1927 link1928 link1929 link1930 link1931 link1932 link1933 link1934 link1935 link1936 link1937 link1938 link1939 link1940 link1941 link1942 link1943 link1944 link1945 link1946 link1947 link1948 link1949 link1950 link1951 link1952 link1953 link1954 link1955 link1956 link1957 link1958 link1959 link1960 link1961 link1962 link1963 link1964 link1965 link1966 link1967 link1968 link1969 link1970 link1971 link1972 link1973 link1974 link1975 link1976 link1977 link1978 link1979 link1980 link1981 link1982 link1983 link1984 link1985 link1986 link1987 link1988 link1989 link1990 link1991 link1992 link1993 link1994 link1995 link1996 link1997 link1998 link1999 link2000 link2001 link2002 link2003 link2004 link2005 link2006 link2007 link2008 link2009 link2010 link2011 link2012 link2013 link2014 link2015
Ермаганбетова Толкын Кабдырашовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Этнопедагогика

Этнопедагогика - педагогика ғылымының бір саласы. Оның қарастыратындары: нақты халық үшін дәстүрлітәрбие және оқыту түрлері, әдісі, міндеті, тапсырма және мақсаттарын зерттеу; әр түрлі халықтарға тән тәрбие мен оқудың салыстырмалы спецификасының зерттеуі; сол немесе басқа этникалық қоғамның өкілдерін оқыту мен тәрбиелеудегі ұлттық психологияның әсерінің анализі; оқыту әсері мен педагогикалықтың жүзеге асырылуы және ұйымдастырылудағы бұл процестің заңдылықтарының есебі болғандықтан, баланы оқыту мен тәрбиелеуде алатын орыны ерекше.

Қазіргі заманда оқушыларға білім бере отырып, оның санасына ұлттық құндылықтарды қадірлеу, табиғатты қорғау, әр нәрсеге жанашырлықпен қарау сезімдерін сіңіре білу керек. Оқушыларға қазақ әдебиеті пәнін оқытуда халық ауыз әдебиеті бөлімінде тұрмыс-салт жырларын меңгертеміз. Халқымыздың ежелгі кәсібі мал шаруашылығы мен аңшылық болғандықтан, олар төрт түлік малға, аң-құстарға арнап өлең-жыр шығарған. Төрт түліктің пірлері туралы жырлай отырып, бала бойына малдың да киесі болатындығын, оны күтіп-баптаудың әдіс-тәсілдерін, малды мал деп қарамай, оған да кәсіп көзі болғандықтан жанашырлықпен қарау керектігін үнемі астарлы сөздермен, үйлесімді тіркестер, оралымды ұйқастармен жеткізіп отырған. Тілге орамды өлеңді жаттай жүріп бала малдың қадір-қасиетін ұғынады, оның да оңайлықпен өспейтінін біледі әрі кәсіпке ыңғайланып үйренеді.

Аң-құстарға арналған өлең-жырларда олардың сұлулығы, әсемдігі, пайдасы жайында айтылады. Адам пайдасына жарайтын адал аң-құстарды бекер ысыраптамай, керегіне ғана пайдалану керектігін, үнемшілдік жайында баланың бойына жыр арқылы жақсы қасиетті дарытады. Халқымыз батыр ұлдарын арыстан мен жолбарысқа, қыран мен ақсұңқарға, сұлу қыздарын аққудың көгілдіріне, қайырымдылықты қарлығашқа теңеп, аң-құстың өзіне тән ерекшеліктерін әдемі өлең шумақтары арқылы балаларына оңай ұғындырып отырған. Сұлулықты сезінуге, әсемдікті әлпештеуге жетелеп, олардың талғамдарын қалыптастырған. Бала бойына көркем мінез бен ұстамдылық қасиетін сіңірген. Қыз балаға әсемдік пен ибалылықты, ер балаға өжеттік пен қайсарлықты табиғаттан алуға өлең-жыр арқылы әсер еткен.

Қазақ әдебиетінде өсімдіктер әлемі де бір төбе. Табиғаттың тау-тасын, өзен-көлін, өсімдіктер әлемін, тылсым табиғат ғажайыптарын жырға қосуда ақын-жырауларымыз сол көріністі әсем қалпымен қаз-қалпында көз алдымызға елестете алған. Сондай әсем бейнеленген табиғат суретінен әсерленген бала табиғатқа жанашыр болары сөзсіз. Жер-Анаға құрметпен қараған ата-бабадан бүгінгі ұрпақтың алары мол. Олар: «Көкті жұлма –көктей соласың» деген тыйым сөзі арқылы баланың экологиялық көзқарасын қалыптастырған. «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген мақалдары арқылы баланың табиғат теп-теңдігін бұзбай, құртып, бүлдіруді, табиғаттан қажетін ала білуді ғана ойлайтын тоғышар болмай, табиғатқа адал қызмет етіп, бере білуді ойлау керектігін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні арқылы үйретіп отырған.

Осындай бай халық ауыз әдебиетін балаға тек қана атүсті оқытып қоймай, оларға мәнін, астарын, мағынасын ұғындыру арқылы бала тәрбиесіне, оның оқыған материалдарынан жақсы тәрбие алуына атсалысуымыз керек. Оқушыға білім мен қоса тәрбие бере білген мұғалім нағыз ұстаз. Ерінбей, жалықпай бала жанына ізгіліктің дәнін сеуіп, жақсылықтың нәрін құю басты міндетіміз. Барлық ұстаз қауымының алдына қойған мақсаты баланы үздік оқыту мен үлгілі тәрбиелеу екендігі шындық. Олай болса, жұмыла көтерген жүк жеңіл. Бала тәрбиесіне ұлттық дәстүрді сіңіре білейік дегім келеді.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности