link7200 link7201 link7202 link7203 link7204 link7205 link7206 link7207 link7208 link7209 link7210 link7211 link7212 link7213 link7214 link7215 link7216 link7217 link7218 link7219 link7220 link7221 link7222 link7223 link7224 link7225 link7226 link7227 link7228 link7229 link7230 link7231 link7232 link7233 link7234 link7235 link7236 link7237 link7238 link7239 link7240 link7241 link7242 link7243 link7244 link7245 link7246 link7247 link7248 link7249 link7250 link7251 link7252 link7253 link7254 link7255 link7256 link7257 link7258 link7259 link7260 link7261 link7262 link7263 link7264 link7265 link7266 link7267 link7268 link7269 link7270 link7271 link7272 link7273 link7274 link7275 link7276 link7277 link7278 link7279 link7280 link7281 link7282 link7283 link7284 link7285 link7286 link7287 link7288 link7289 link7290 link7291 link7292 link7293 link7294 link7295 link7296 link7297 link7298 link7299 link7300 link7301 link7302 link7303 link7304 link7305 link7306 link7307 link7308 link7309 link7310 link7311 link7312 link7313 link7314 link7315 link7316 link7317 link7318 link7319
Ермаганбетова Толкын Кабдырашовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Анамның мінезі

Қазақ тілі 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Анамның мінезі.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың өз ойын тиянақты, дәл жеткізуге үйрету, білімін толықтыруға көмектесу.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту,топта жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды аналарын сыйлауға. құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі: суреттер, карточкалар

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой шақыру, сұрақ - жауап, әңгімелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. (2 мин)

2. Үй тапсырмасын тексеру: (10 мин)

Шаттық шеңбері. Менің жанұям. Отбасы туралы айту.

Осы тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді еске түсіру.

Білікті бірді жығар

Білімді мыңды жығар

Әдепті бала — арлы бала

Әдепсіз бала — сорлы бала

Оқушылар Ғали Ормановтың «Ана», Әнуарбек Дүйсенбаевтың «Ардақты ана», Ы. Мамановтың «Ана» атты өлеңдерін жатқа айтады.

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсындай

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағында қысылмай

Үмітіндей көзіме

Көп қарайсың үңіліп,

Еркелеген сөзімде

Ертеңіңіз тұр күліп.

Жаңа сабақ :(20 мин)

Тыңдалым Аудиожазбадан ана туралы өлең оқылады. Оқушылар кім туралы екенін әңгімелейді.

Ана туралы мақал-мәтелдермен таныстыру: Ананың көңілі — балада,

Баланың - көңілі — далада.

Анасын сүйгеннің баласын сүй.

Жаңа тақырып:

Мәтінді оқу. Оқылым. Тыңдалым.

Менің анам өмірдегі ең қымбат жан. Ол маған өмір сыйлады. Менің анам - адал, ақылды, білімді, сезімтал адам. Ол өте еңбекқор, қиындықтан қорықпайтын жан. Ол мені тек қана жақсылыққа тәрбиелейді, үлкендерді құрметтеуге үйретеді. Менің жасаған қателіктерімді кешіреді және түзетеді. Анам маған әр уақытта жақсылық тілейді.

Жаңа сөздерді оқу, қайталау

ақылды, адал - шыншыл, сезімтал,білімді, еңбекқор, жақын адам, өмірдегі жалғыз адам.

Ана не істейді? тәрбиелейді, үйретеді, көмектеседі,кешіреді.

Осы жаңа сөздермен жұмыс.

Сөйлесім. Берілген сөздерді оқу, сөз тіркесін құрау.

Жазылым.

Мәтін бойынша сұрақ қою. Сұрақтарға жауап беру

Өмірдегі ең қымбат жан кім?

Оның мінезі қандай?

Анасы баласына не үйретеді?

Анасы баласына не тілейді?

Грамматикалық тапсырманы орындау: карточкаларды үлестіру

«Шеше» сөзін тәуелде.

«Анамды жақсы көремін» жіктеу.

«Отбасы» сөзін септе. 7 мин.

Сабақтың қорытындысы Ана туралы сөздер топтастыру (2 мин)

Ана мінезін айтып беру.

Үйге тапсырма беру. Өз анасының мінезі туралы шағын шығарма жазу.

(1 мин)

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности