link14280 link14281 link14282 link14283 link14284 link14285 link14286 link14287 link14288 link14289 link14290 link14291 link14292 link14293 link14294 link14295 link14296 link14297 link14298 link14299 link14300 link14301 link14302 link14303 link14304 link14305 link14306 link14307 link14308 link14309 link14310 link14311 link14312 link14313 link14314 link14315 link14316 link14317 link14318 link14319 link14320 link14321 link14322 link14323 link14324 link14325 link14326 link14327 link14328 link14329 link14330 link14331 link14332 link14333 link14334 link14335 link14336 link14337 link14338 link14339 link14340 link14341 link14342 link14343 link14344 link14345 link14346 link14347 link14348 link14349 link14350 link14351 link14352 link14353 link14354 link14355 link14356 link14357 link14358 link14359 link14360 link14361 link14362 link14363 link14364 link14365 link14366 link14367 link14368 link14369 link14370 link14371 link14372 link14373 link14374 link14375 link14376 link14377 link14378 link14379 link14380 link14381 link14382 link14383 link14384 link14385 link14386 link14387 link14388 link14389 link14390 link14391 link14392 link14393 link14394 link14395 link14396 link14397 link14398 link14399
Нурмаганбетова Айжамал Адилхановна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
География пәнінен ашық сабақ "Қытай - Азияның жетекші дамушы елі"

Сабақтын тақырыбы: Қытай — Азияның жетекші дамушы елі.

Сабақтың түрі: Білімдерін тексеру және қорытындылау.

Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Қытай елі бойынша алған білімдерін тиянақтап, тақырып мазмұнын толық меңгерту.

Тәрбиелік: Өздігінен белсенді іс - әрекет жасауға баулу. Халықтар арасындағы достықты құрметтей білуге үйрету, кәсіптік бағдар беру.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру.

Пәнаралық байланыс: тарихпен, информатикамен, әдебиетпен, экономикамен.

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, Қытайдың жеке карта — сызбасы, 10 сыныпқа арналған атлас, жоспар — сызба, тірек — сызбалар (экспорты мен импорты), жеке суреттер мен қосымша әдебиеттер, ұлттық киімі мен тауарлары, ұлттық тағамдары (күріш, көк шай ), таяқшалар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру, мақсат қою.

2. Білімді шығармашылықпен дамыту, білімдерін тексеру.

3.“Венн жүйесі”.

4. Қорытынды.

Қайталау жоспары:

1. Құрамы және ЭГЖ.

2. Қалыптасу тарихы және геосаяси жағдайы.

3. Табиғаты және табиғат ресурстары.

4. Қытайдың халқы.

5. Халықтың тұрмысы мен мәдениеті.

6. Шаруашылығының жалпы сипаты.

7. Өнеркәсібі.

8. Ауыл шаруашылығы.

9. Көлік географиясы.

10. Ерекше экономикалық аудандар ( ЕЭА ).

11. Сыртқы сауда.

12. Туризм.

Сабақтың жүрісі:

1.Сынып оқушыларын, біріншіден, үш топқа бөлеміз. Интерактивті тақтада Қытайдың туы мен мемлекет басшысы көрсетіледі. Оқушылар ол қай елдік туы және басшысы екендігін анықтайды. Әр слайдқа қысқаша мәлімет береді. Үстінгі берілген жоспар бойынша, енді негізгі бөлімі басталады.

2. Қытайдың экономикалық-географиялық жағдайы туралы мәлімет айтылған соң, үш топқа бірдей тапсырма беріледі. Кескін картаға Қытайдың көрші елдерін, жағалаудағы теңіздерін түсіреді.

3. Қытай мемлекеттінің қалыптасу тарихы мен геосаяси жағдайы. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелеріне қарағанда, Қытай аумағында осыдан 400000-500000 жыл бұрын ертедегі жабайы адамдар (юан-моу, лантян, синантроптар — қытай питекантроптары) тіршілік еткен. 1911 жылы Қытайда Сунь Ятсен басқарған буржуазиялық-демократиялық революция болды. 1979 жылы Қытай әскерлері Вьетнамға шабуыл жасады. 1989 жылы Пекинде студенттер қозғалысы болды және т.б.

4. Табиғаты және табиғат ресурстары. Наньмин, Юньнань-Гуйчжоу таулы үстірті, Гималай, Қарақорым, Наньшань, Куньлун, Тибет. Такла-Макан, Тарим, Жоңғар, Алашань, Ұлы Қытай жазығы. Басты өзендері. Пайдалы қазбалары. Климаттық белдеулері.

5. Халқы. Ресми түрде Қытайда 56 ұлт бар. Ханзу ұлты 92 % болғандықтан қалған халықтарды аз санды ұлттар деп атайды. Іс жүзінде аз санды ұлттар көбі ірі ұлттармен біріктірілген және ұлттардың саны бұдан көп. Ethnologue бойынша Қытайда 236 тіл - 235 тірі тіл және 1 өлі чжурчжен тілі.. Әр жылдардағы санақтарда ресми ұлттардың саны әртүрлі болды. 1953жылғы санақта 41 аз санды ұлт көрсетелді. Ал 1964 жылы 183 тіркелген ұлттың үкімет тек 54 таныды. Қалған 129 халықтың 74-і танылған 54 халыққа қосылды, ал 23-і "басқа", 32-і "күдікті" деп сналды. Гонконг және Макао арнайы әкімшілік аудандары да көптеген ұлттарды айырмайды.

6. Халықтың тұрмысы мен мәдениеті.

7. Өнеркәсібі. Қытай мемлекеттік статистика басқармасы 4-ші наурызда жариялаған мәліметтер бойынша, 2010-шы жылы Қытайда өндірілген электр қуатының көлемі 4 трлн 206,5 млрд кВт/сағ. болып, ол 2005-ші жылмен салыстырғанда 1,7 есеге артық болған. Ал көмір өндірісі 1,4 есеге артып, 3,24 млрд тонна, химиялық тыңайтқыш өндірісі 1,3 есе артып, 67 млн 406 мың тонна, қара болат балқыту 1,8 есе артып, 627 млн тонна, цемент өнідірісі 1,8 есе артып, 1,88 млрд тонна, автомашина өнідірсі 3,2 есеге артып, 18,27 млн дана, жеке компьютер шығару 3 есеге артып, 246 млн дана болған. Былтыр Қытай ішкі жалпы өнім бойынша Жапониядан басып озып, әлем бойынша екінші орынға шықты. Елдің халық шаруашылығының 40%-ын құрайтын өнеркәсіп, әлем экономикасындағы Қытайдың алатын орнын өзгертуде сөзсіз өз рөлін атқарды, дейді басқармадағылар. 2010-шы жылы Қытай өнеркәсібінің жалпы қосымша құны 16 трлн юаньннан асып, 2005-ші жылмен салыстырғанда 8,3 трлн юаньға артты, немесе салыстырмалы бағада 73,7%-ға көтерілді. Жылдық орташа өсім 11,7% болып, ол әлемдік орташа көрсеткіштен екі есеге көп болды. Машина жасау және электронды өнеркәсіп. Энергетикалық өнеркәсіп. Авиациялық және ғарыштық өнеркәсіп. Жеңіл және тоқыма өнеркәсіп.

8. Ауыл шаруашылығы.

9. Интерактивті тақтада Қытайдың көрікті жерлері және ескерткіштері көрсетіледі. Оқушылар оларға түсінік береді.

10. Қытайдың қалалары слайд.

11. Әр топқа постер беріледі. Венн диаграмасы арқылы Қытай мен Қазақстанды салыстырады. Оны тақтаға шығып қорғайды.

12. Рефлексия жасау және бағалау.

IV. Үй тапсырмасы. «Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстар» атты тақырыпқа реферат жазып келу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности