link11280 link11281 link11282 link11283 link11284 link11285 link11286 link11287 link11288 link11289 link11290 link11291 link11292 link11293 link11294 link11295 link11296 link11297 link11298 link11299 link11300 link11301 link11302 link11303 link11304 link11305 link11306 link11307 link11308 link11309 link11310 link11311 link11312 link11313 link11314 link11315 link11316 link11317 link11318 link11319 link11320 link11321 link11322 link11323 link11324 link11325 link11326 link11327 link11328 link11329 link11330 link11331 link11332 link11333 link11334 link11335 link11336 link11337 link11338 link11339 link11340 link11341 link11342 link11343 link11344 link11345 link11346 link11347 link11348 link11349 link11350 link11351 link11352 link11353 link11354 link11355 link11356 link11357 link11358 link11359 link11360 link11361 link11362 link11363 link11364 link11365 link11366 link11367 link11368 link11369 link11370 link11371 link11372 link11373 link11374 link11375 link11376 link11377 link11378 link11379 link11380 link11381 link11382 link11383 link11384 link11385 link11386 link11387 link11388 link11389 link11390 link11391 link11392 link11393 link11394 link11395 link11396 link11397 link11398 link11399
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Атамекен — алтын бесік

Қазақстан,ОҚО,Шымкент

№104 Е.Юсупов атындағы ЖОМ

Өзін –өзі тану пәні мұғалімі

Ахмедова Барно Даврановна

Сабақтың мақсаты:
1. Атамекенді қадірлей білу, адам өмірінде ата мекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;
2. Атамекенді ардақтау сезімдерін дамыту;

3. Туған жерін көркейтуге ат салысу, еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері: Оқушылар шеңберге тұрып Қ. Мырза Әлидің « Өз елім» атты өлеңін орындайды.
Келгенде көктемі,
Көңілін гүл басқан.
Шырағы көктегі,
Жұлдызбен сырласқан.
Өз елім менің -
Өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін,
Төрім деп менің, Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.

Қайырмасы:

Түлегі сендер,
Тірегі сендер.
Тірегі сендер сол елдің.
Назары сендер,
Базары сендер,
Ажары сендер сол елдің.
Ақ күмбез астығы,
Асқар боп өрілген.
Жалынды жастығы,
Жүлдені бермеген.
Өз елім менің –
Өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін,
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.
Атамекен — туған халқының, ұлтының, мекен еткен, ата - бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Адам қай жерде, қандай биікке көтерілсе де, ол үшін ең қадірлі, қасиетті өлке ол - АТАМЕКЕН.
Ойланайық, пікірлесейік:
1. Атамекен дегенде ойыңа бірінші не келеді?
2. Адамның туған жері әрқашанда атамекен бола ма?
3. Адамда екі атамекен бола ма? Отан ше?
4. Сенің арман - қиялыңда ата мекенге қандай орын берілген?
5. Туған жеріңде туып - өскен қандай азаматтарды мақтан етесің?
6. Сенің қандай еңбегіңді елің мақтан еткенін қалайсың?

Мәтінмен жұмыс: Аманай мен Заманай (әңгімеден үзінді ) С. Жүнісов.
........ Бұлардың елден алып шыққан азықтары кеше біткен. Қанша үнемдеп, қысып ұстағанмен, қоржын түбінде қалған бір уыс малтадан басқа тіске басар түгел таусылған. Бір мезгіл ауыздарына салып сорып, шаймен алдарқатқан малта да азайып, енді талғажау етер құрттың өзін соңғы талшық санап, үнемдей бастаған.
Екеуі тағы да біразға дейін үнсіз жатты, күндізгі ұзақ жүрістен талып, өлердей шаршаса да, жаланған аштық ішті бүріп, бұрап, көзге тірелген ұйқы ашылып кетті. Аманай қанша шыдап, бағайын десе де болмады. Орнынан тұрып, қараңғыда сипап іздеп, бас жақтарында жатқан қоржын ішінен екі малта алып, орнына қайта жайғасты да, біреуін аузына салып, екіншісін әжесінің қолына апарды.
- Мә, әже, сенің де қарның ашты ғой.
- Жоқ, жемеймін. Шөл келтіреді, денемде қызу бар, өзің же, балам.
Үңгірге кіргенде тұла бойы құрысып, тоңып, басы зеңіп, қатты ауырлап қалған Балзияның денесі түнге қарай ысып, күйіп, барған сайын қызуы күшейе түсті. Өзінің әбден зорығып титықтаған әлсіздігін сезіп, енді ауырса, қайтып тұра алмасына көзі жеткен әже тілі сөзге келіп тұрғанда немересіне соңғы аманатын айтуға бекінді.
- Аманай, жалғызым - деді Балзия даусы жарықшақтанып.
- О, не әже? — деді солпылдатып малта сорғанын қоя қойып. Аманай әже сөзіне құлақ түрді.
- Бұдан әрі жүруге енді шамам жоқ...... Әл бітті. Осы жерде қалатын шығармын… Егер олай - бұлай боп кетсем, мені қойшы, дәмім таусылған адаммын, осы жерде біреу - міреу тауып алар....
- Неге, әже? Неге қаласың? — Тұла бойы әлде бір қорқыныштан тітіркеніп кеткен Аманайдың аузына басқа сөз түспеді.
- Жаман айтпай, жақсы жоқ, балам, тыңдап ал. Мұқият тыңда. Сөзімді бөлме. Менің сөзімді түгел тыңда Ұғып ал.
- Балзия бұл жолы әр сөзін шегелеп, ұғымды етіп жеткізе айтуға тырысып бақты.- Біз соңғы асуға келдік. Бұл асудың арғы жағында, өзіңе талай айтқан Жетісу жері - жалпақ ел бар. Ол - сенің ата мекенің. Алтын бесігің. Оған жетсең, жамандық көрмессің, бағың да, көзің де ашылар. Ендігі тіршілігің сол жерге байланысты. Ол жерде Атымтай атаңның, бүкіл ел - бабаңның зираты, белгісі жатыр. Оған жететін бұдан әрі екі жол бар. Қолайлысы - төте жол. Ол бағана өзіңе көрсеткен биік шыңның бауырындағы Қылкөпір дейтін жалғыз аяқ қия соқпақ. Осы арадан күндіз көрсең көрінеді. Соны бетке алып жүре бер. Қия жолдан ассаң ар жағы ылғи еңіс.... Ол жақ бөктерінде малшылар да, аңшылар да кездесіп қалуы мүмкін. Олардан енді қорықпа. Кездесе қалсаң, жайыңды айт. Еліме келе жатырмын де. Әкем аты - Заманай, атам аты - Атымтай дерсің. Қайда барсаң да осы атаңның аты арқылы сенің кім екеніңді ел түсінеді.... Енді бір - ақ күн жүрсең, жетіп те қаларсың. Ит - құстан сақ бол.... Не көрсең де енді еліңмен бірге көр. Ертең ер жеткенде бәрін ұғасың. Әзірше.... жолың болсын.... Енді дорбаңдағы малтаны екі қалтаңа бөліп салып ал.
- Аманай әже сөзін түгел ұқпаса да, алыстан мұнартқан сағымдай, әлде бір жұмбақ тіршілікті сезетін сияқты. Бірақ жалғыз кету, әжені тастап кету дегенді мүлдем түсінбейді. Бұлай болар деп тіпті осы жарты ай бойғы жол үстінде әсте ойлап көрген емес. Ойласа да түсінбес еді.
- Әже мен сенсіз ешқайда бармаймын,- деді әлден уақытта Аманай даусы бұзылып, жыларманға келіп.
- Мен енді жүре алмаймын дедім ғой. Мені аясаң, алдағы елге тез жет. Қайтып келіп мені алып кетерсің, әйтпесе екеуміз де осы үңгірде мәңгі қаламыз.... Түсін мұны, Аманай сен енді Атымтай ұрпағынан жалғыз азаматсың. Қорықпа. Жол жүруді үйрендің ғой…
Бұдан әрі екеуі де ұзақ үнсіз жатты. Аманай ішін бұраған аштығын да ұмытқан тәрізді. Басына келген неше бір шым - шытырық ойдың жетегінде, көп уақытқа дейін ұйқылы - ояу Аманай ұйқыға кеткен.
1. Қария немересін ата мекенге неліктен алып барғысы келді?
2. Атамекен, атақоныс, атажұрт несімен қымбат?.

Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен бастап өз болашағына ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де ата мекенмен тығыз байланысты. Халқымыздың ата мекенді ардақтау сезімі өте терең. Олар үшін туған жерді қасиет тұту — қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. Олай болса сабағымыздың түйіні, дәйексөзі берілген.
Дәйек сөз:
Ұлтарақтай болса да,
Ата қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да,
Туып - өскен ел қымбат.


1. Балалар, сендердің өмірлеріңде ата мекеннің алатын орны қандай?
2. «Туған жер береке» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Елім деп соғар жүрегім…
Сабақ барысында алған білімдерін тереңдетіп, ой қорыту мақсатында оқушылар «ОТАН»,« Туған жер», « Атамекен» тақырыбында өлең оқиды.
Мекен ғой бұл, ел көшкен қия құздан,
Қара тастан жас тамып, күй ағызған.
Жақсыны да, жаманды көрген дала,
Кеңдігінен кеудеге сия алғызған.
Мекен ғой бұл тұлпардың ізі қалған
Көкжиекті жүріпті жүзіп арман.
Домбырадан бір мезгіл күй толастап,
Арулардан нәзік үн үзіп алған.
Мекен ғой бұл сыңсыған қызды ұзатқан,
Жабасына мұң батқан күзгі ұзақ таң.
Бір өзінің көркіне сұқтандырып,
Бұлақ - бұрым, кеудеден күз құлатқан.
Мекен ғой бұл қызыққа бір қанбаған,
Бұлт үкісі биікте бұлғаңдаған.
Дала бейне түс көріп жатқан батыр,
Қадалып келбетіне тұрған маған.

« Атамекен»
Жер жаһанға мәлім аты,
Алыс кетсем сағынатын,
Айналайын атамекен
Жүрегімнен табылатын.
Аспаны бір мөлдір әуен,
Асқары бір мөлдір әлем.
Айналайын атамекен,
Гүлің болып мөлдіреген.
Бала да өзі адымдаған,
Дала да өзі мәлім маған.
Айналайын атамекен,
Жанарымда дамылдаған.
Ән жоқ шығар арналмаған,
Жан жоқ шығар толғанбаған.
Айналайын атамекен,
Бақыт болып қонған маған.
Қазақстан - айтылар жаз әнім,
Қазақстан - керемет ғажап үн.
Қазақстан ғаламға әуеле,
Қазақстан атыңды жазамын.

Қазақ халқы мекен мәселесіне өте терең ілтипатпен қараған халық. Балалар жалпы « Атамекен» сөзі қазақ халқының сол жерді ерте кезден иемденіп келе жатқандығын білдірсе керек. Қазақта « Кіндік кесіп, кір жуған, кіндік қаны тамған» деген сөздер бар. Бәрі де өзінің тұрған мекеніне жылы жүрекпен терең ілтипатпен қарағандықтан туған сөздер.
Оқушылар Атамекен, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ауылға деген махаббаттарын « Байырқұм - мақтанышым» тақырыбында шығармашылық жұмыспен байланыстырдым.
Балалар біздің болашағымыз өз ата мекенімізбен тығыз байланысты. Осы елде туып, өсіп, өніп, туған жерге қызмет ету, отанды сүю үлкен бақыт. Сіздердің ата - аналарыңыздың да басты мақсаты осы. Қазақта « Өзге елде сұлтан болғанша»
« Өз еліңде ұлтан бол» деген сөз осыдан қалса керек
Өзіммен - өзім әдістемелік тәсілін төмендегідей формада ұйымдастырдым. Баяу музыка қойылады.
Маужырап отырған күйдегідей ыңғайланып отырыңыздар. Ыстықтан әбден қалжырап, тіпті саусағыңызды да қимылдата алмайтындай әсер болғаны дұрыс. Басқа тітіркендіргіштер әсер етпес үшін көзді жұму керек. Алдымен еркін, сосын жайлап тыныс алыңыздар. Ауаны терең жұтып, сол жұтқан ауамен туған елдің атамекеннің, Байырқұм ауылымыздың, қала берді бүкіл Қазақстанның көк аспанында шарықтап ұшыңыздар. Қалықтаған әсерде болыңыздар. Құрметті оқушылар өздеріңнің туған өлкелеріңнің көркейгенін 5 - жылдан, 10 - жылдан, 15 - жылдан кейін елестетіп көріңіздер. - Өз ауылдарыңа жасайтын еңбектеріңді завод, фабрика, аурухана, мәдениет үйлерінің көркейіп жатқанын көз алдарыңа келтіріңдер. Енді алған демдеріңізді жаймен сыртқа шығарып, сыныбымызға оралайық. Көзімізді ашып, бір - бірімізге күлімдеп қараймыз.

Сахналау
Оқушылардың орындаушылық шеберліктерін шыңдау, мәселені шешуі мен өз ойларын бүкпесіз ашық жеткізе алу мақсатында сахналауды тапсырдым. Балалардың ойланып өз нұсқаларын ұсыну, олардың беталыстары мен мақсаттары, ой ниетінен хабар берсе, ойлау қабілетін, шығармашылықтарын дамытады.
Сахналау. Атамекен… Атажұрт… Туған жер…
Немересі: Ата, туған жеріңізді неліктен сағына бересіз?
Атасы: Балам, туған жердің, суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Өйткені сол жерде дүниеге келіп, өсіп - өндім. Адамның өскен жері адамның жанына, сана - сезіміне әсер етіп мәңгілік есінде қалады екен.
Немересі: Туған жерді, елді соншама қадірлеуіңіздің себебі неде?
Атасы: Ол - менің ата - бабамның жері, олар оны адал еңбек, маңдай терімен қорғап, көркейтіп, ұрпағына аманатқа тастап кеткен. Сондықтан мен олардың үмітін ақтауым керек.
Немересі: Ата, осынша жасқа келсеңіз де, туған жеріңізді соншалықты қалай жақсы көресіз?
Атасы: Қарағым, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет менің бойыма ана сүтімен, бесік жырымен сіңген. Менің бойымдағы туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі өздеріңе дарып жатса, үмітімнің ақталғаны деп білем.
Немересі: Ата, мен сіздің үмітіңізді ақтаймын. Өскен кезімде еліме адал қызмет ететін азамат болып өсемін.
Түйіндеме
Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіңе құя білуің шарт.
Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жеріңде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай табандап отырып алсақ, ақпайтын көл секілді өз - өзімізбен тұйықталып, әлемдік даму мен өркениеттен құралақан қалар едік.
Десе де, жер жарының қай ендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсең де, қайта соғар, сағынышыңды басар темірқазығың - туған жер атты ұлы ұғым біреу. Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана, айдарыңнан жел еспек. Өйткені өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмақ емес.

Жүректен — жүрекке.
Жақсы сөз, жақсы тілекті
Болайық ізгі ниетті
Жақсылық ойлап кісіге,
Тілейік үлкен - кішіге

Оқушылармен бірге шаттық шеңберіне жиналып, « Қазақ елі»атты әнді орындаймыз.
Сөзі: Ш. Сариевтікі
Әні: С. Бәйтерековтікі.
Қазағым сенсің қазақ - ұлы елім,
Дүрсілдеп сен деп соққан жүрегім.
Мақтанам, қазағым, мақтанышым,
Тәуелсіздік таңы атқан үшін.
Қайырмасы:
Қазақ жері - бұл Қазақстан
Жаса мәңгі гүл Қазақстан.
Келешекке туған елім менің
Қолын беріп тұр, Қазақстан.
Бір мен үшін сенен басқа жер жоқ.
Жер бетінде сенен басқа ел жоқ.
Арманым, тағдырым — қазақ жерім менің,
Әнұраным, туым, қазақ елім.
Қайырмасы:
Назарларыңызға рақмет! Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілеймін!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности