link5796 link5797 link5798 link5799 link5800 link5801 link5802 link5803 link5804 link5805 link5806 link5807 link5808 link5809 link5810 link5811 link5812 link5813 link5814 link5815 link5816 link5817 link5818 link5819 link5820 link5821 link5822 link5823 link5824 link5825 link5826 link5827 link5828 link5829 link5830 link5831 link5832 link5833 link5834 link5835 link5836 link5837 link5838 link5839 link5840 link5841 link5842 link5843 link5844 link5845 link5846 link5847 link5848 link5849 link5850 link5851 link5852 link5853 link5854 link5855 link5856 link5857 link5858 link5859 link5860 link5861 link5862 link5863 link5864 link5865 link5866 link5867 link5868 link5869 link5870 link5871 link5872 link5873 link5874 link5875 link5876 link5877 link5878 link5879 link5880 link5881 link5882 link5883 link5884 link5885 link5886 link5887 link5888 link5889 link5890 link5891 link5892 link5893 link5894 link5895 link5896 link5897 link5898 link5899 link5900 link5901 link5902 link5903 link5904 link5905 link5906 link5907 link5908 link5909 link5910 link5911 link5912 link5913 link5914 link5915 link5916 link5917 link5918 link5919 link5920 link5921
Макишева Алтынай Ахмедиевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Мақала Тақырыбы: "Білім беру жүйесінің жаңа ұстанымдары"

Білім беру жүйесінің жаңа ұстанымдары. Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу — мінездің күн шуағы, Ұстаз болу — адамның асылдығы. Ғафу Кайырбеков. Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейілінше бейімделуді талап етіп отыр. Сондықтан мен 2013 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасын игергеннен кейін жаңаша білім беру жүйесін жан-жақты дамыту мақсатында өз мектебіме өзгеріс енгізуді жоспарладым. Біріншіден, Сыни тұрғыдан ойлану модулін басшылыққа ала отырып, әріптестеріме 2014 жылдың қаңтар айынан бастап аптаның әр сейсенбі күні коучинг сабақтарын өткізуді жоспарға енгіздім. Осы коучинг сабақтарынан кейін әріптестерім білім - білігін, оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруды және жаңаша білім беруді алдарына басты мақсат етіп қойды. Сабаққа дайындалу және сабақты өткізу барысы да жаңаша түрде болғандықтан, оқушылар сыни тұрғыдан ойлауды да, шығармашылықпен айналысуды да тереңінен түсінуге бағыт алды. Топтасып жұмыс жасауда ойларын еркін айта алуын, дәлелдемелер арқылы постер қорғап, білімдерін кеңейтетінін ұқты. Педагогикалық кеңестерді де жаңаша түрде өткізіп үлкен өзгерістерге қол жеткіздік. Алдағы уақытта оқушылардың білім алудағы пайызын қалай көтеру керектігін біріге отырып шешіп, жеті модульді де ықпалдастыра білдік. Мектеп ата-аналармен тығыз байланыста болған жағдайда ғана биікке өрлейді. Сондықтан ата-аналар жиналыстарын да жаңа түрде өткізіп, алға қойған мақсаттарымызбен таныстырып, олар да біздің жетістіктерімізді көруде болды. Біздің №6 орта мектеп көштің алдында болғандықтан, бізге қойылатын талаптар да жоғары. Биылғы жылдың ақпан айынан бастап біздің мектебімізде бастауыш және орта буын сыныптарында негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында Lesson Study өткізіле бастады. Бұл әрине қазіргі таңда Педагогикалық шеберлік орталығы мен мектебіміздің алға қойған мақсаттарының бірі болғандықтан, біз, бастауыш сынып мұғалімдері, Lesson Study туралы білімдерімізді шыңдап, сабақтарды беріп те үлгердік. Lesson Stady шығармашылық тобын құрып алғаннан кейін, модератордың басшылығымен, сыныптар таңдап алынып, бірінші сабақ жоспарын бірігіп құрдық. «Сабақ барысында оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?» деген зерттеушілік тақырыппен шығармашылық топтың бір мүшесі сабақ жүргізіп, қалған мұғалімдер сабақта белгіленген оқушыларды бақылай отыра, қойылған мәселеге байланысты ақпарат жинап отырды. Зерттеуге алынған үш сыныптан үш — үштен, А, В, С деңгейіндегі оқушылар белгіленіп, «Сабақ барысында белсенділігін қалай арттыруға болады?» деген тақырыпта олардың белсенділігінің даму нәтижесін зерттеуді көздедік. Ол үшін үш бақылаушы мұғалім А, В, С деңгейіндегі оқушыларды сабақтың әрбір кезеңінде бақылап, қадағалап отырды. Бақыланатын оқушының өзі сабақты сыни ойлау арқылы оқуына сенім артып, топ ішінде және қатарластарының арасында ойын бөлісе білуге, белсенді жұмыс атқаруға итермелеу керектігіне назар аудардық. Сабақтан соң барлық қатысқан мұғалімдер жиналып талдауға кірістік. Әр мұғалім өз ойларын берілген критерийлер бойынша айтып шыққан соң, өз ұсыныстарын да білдірді. Үш деңгейдегі зерттеген оқушылардан сұхбат алдық. Осылардың нәтижелеріне сүйене отырып, келесі сабақтың жоспары құрылды. Бақылаушы мұғалімдер өзгермегенімен, сынып басқа, зерттеуге алынған оқушылар да басқа болды. Бірақ та қойылатын мәселеміз бір. Lesson Stady әдісінің ерекшелігі де осында. Қойылған жалпы мәселенің кемшіліктерін жоюға тырысып, келесі сабақтарға ұсыныстар айту. Әр сабақта мәселені шешуге тиімді бақылау тұстарын таңдап алу, оқушының сабақты игеруі және туындаған қиыншылықтар туралы мәлімет жинау. Келесі сабақтарда алдында айтылған ұсыныстар ескеріліп отырады. Мысалы, В, С деңгейіндегі оқушыларды топ басшы етіп сайлап, сабаққа қалай қатысып, жұпта, топта қалай жұмыс жасап отырғанын «бақылаушылар» аңғарып және олардың әрқайсысының қимылдары мен әрекеттерін бақылау парағына түртіп отырады. Lesson Study циклін өткізу кезінде оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізіп, оны жетілдіретін жолдар іздедік. Осылайша үш сабақ өтті. Алдағы уақытта бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, шыққан нәтижелерді саралап, келесі кезеңді жаңа оқу жылының басына жоспарладық. Осындай жаңа даму үрдісі алға басып отырғанда, әріптестеріммен бірге жоспарларымызды іске асырып көптеген жетістіктерге жетеміз деген ойдамын. Көкшетау қаласындағы №6 орта мектебінің бірінші деңгейлі, жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Макишева Алтынай Ахмедиевна

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности