link13800 link13801 link13802 link13803 link13804 link13805 link13806 link13807 link13808 link13809 link13810 link13811 link13812 link13813 link13814 link13815 link13816 link13817 link13818 link13819 link13820 link13821 link13822 link13823 link13824 link13825 link13826 link13827 link13828 link13829 link13830 link13831 link13832 link13833 link13834 link13835 link13836 link13837 link13838 link13839 link13840 link13841 link13842 link13843 link13844 link13845 link13846 link13847 link13848 link13849 link13850 link13851 link13852 link13853 link13854 link13855 link13856 link13857 link13858 link13859 link13860 link13861 link13862 link13863 link13864 link13865 link13866 link13867 link13868 link13869 link13870 link13871 link13872 link13873 link13874 link13875 link13876 link13877 link13878 link13879 link13880 link13881 link13882 link13883 link13884 link13885 link13886 link13887 link13888 link13889 link13890 link13891 link13892 link13893 link13894 link13895 link13896 link13897 link13898 link13899 link13900 link13901 link13902 link13903 link13904 link13905 link13906 link13907 link13908 link13909 link13910 link13911 link13912 link13913 link13914 link13915 link13916 link13917 link13918 link13919
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Люминесценттік шамдар

Қызылорда облысы, Арал көпсалалы колледжінің
арнаулы пән оқытушысы Шолпан Балманова

Сабақтың тақырыбы:

Люминесценттік шамдар

2.Сабақтың мақсаты:

а) Оқыту: люминесценттік шамының құрлысы, қызметі, түрлерімен танысу.

б) Дамыту: люминесценттік шамдары туралы түсінігін, ой- өрісін дамыту.

в) Тәрбиелік: ұқыптылыққа, үнемділікке үйрету.

3. Сабақтың түрі: Демонстрациялық.

4. Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ- жауап, ойын.

5.Пән аралық байланыс физика «Қыздыру шамы», химия «Инертті газдар» (Ar, Ne т.б )

6. Сабақтың көрнекілігі: люминесценттік шамының құрлысы, қыздыру шамы плакат, қыздыру шамын ток көзіне қосу құрылғысы.

7. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Мұғалім:оқушылар, өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілгенін кім айтады?

Оқушы:өткен сабақта үйге берілген тапсырманың тақырыбы «Қыздыру шамы»

Мұғалім:олай болса үй тапсырмасын пысықтау мақсатында және сіздердің үй тапсырмасына дайындықтарыңды тексеру үшін, мына сұрақтарға жауап беріп көрелік.

1-сұрақ: Жарық шамын кім ойлап тапқан?

Жауабы : Орыс электротехнигі А.Н. Лодыгин.

2-сұрақ: Қыздыру шамы дегеніміз не, оны қандай мақсаттарға қолданады?

Жауабы: Қыздыру шамы жасанды жарық көзі болып табылатын құрал,ол бөлмені жарықтандыру үшін қолданылады.

3-сұрақ: Қыздыру шамындағы вольфрам қыл сымның балқу температурасы қанша градусқа тең?

Жауабы: 3370

Мұғалім:қыздыру шамын құрылғы арқылы айнымалы тоққа қосып көрсетеді. Енді осы қыздыру шамының құрылысы неден тұрады екен(қыздыру шамының плакаттағы суреті ілінеді). Қыздыру шамының құрылысы:

1-вольфрам қыл сым; 2- металл өткізгіш; 3- вольфрам қыл сымды дәнекерлеу шынысы; 4- ауаны айдап шығару түтігі; 5- қыздыру шамының мойыны;6- түйіспе.

8.Жаңа сабақты түсіндіру

Мұғалім: оқушылар біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Люминесценттік шамдар». Қыздыру шамдарынан кейін өмірге, осы люминесценттік шамдар енген. Люминесценция латынның «жарық» және «әлсіз әсер білдіру»-деген мағынасыннан шыққан. Люминесцеттік шам дегеніміз- жарық ағыны негізінен, ультракүлгін сәулесінің әсерінен люминофордың жарқырауынан пайда болған газ разрядтық жарық көзі. Люминесценттік шам жарық беру үшін қолданылады. Оның қыздыру шамдарынан артықшылығы электр энергиясына үнемді келеді, яғни тоқты аз жейді. Сондықтан оны өндірісте, тұрмыста кеңінен қолдануға болады(т.б.)

Ой сергіту жұмбақтары:

  1. Онсыз жерде жылу жоқ,тіршілікті көру жоқ.

(Күн)

  1. Аспанда жарық және жылу берер күн бар,

Бөлмеде жарық және жылу берер не бар?

(Қыздыру шамы)

  1. Түнде көп, күндіз жоқ.

(Жұлдыздар)

Ия оқушылар біз бұдан табиғатта жарық пен жылуды күн көзінен алатын болсақ, тұрмыста қыздыру шамдарынан алатынымызды білдік.

Люминесцеттік шамдардың жұмыс істеу ұзақтығы қыздыру шамдарына қарағанда ұзақтау келеді. Люминесценттік шамның кең тараған түрі сынапты шам, оның ішкі бетіне люминофор ағылған, әр түрлі формадағы шыны түтік. Түтіктің екі ұшы арқылы оның ішіне спираль тәрізді электроттар енгізілген. Шамның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін, түтік ішіне сынап тамшысы мен белгілі бір мөлшерде инертті газ енгіземіз(аргон- Ar,неон-Ne) Люминесценттік шамды айнымалы ток көзіне қосқанда сынап атомдары электр өрісі әсерінен қозғалысқа түсіп, люминофор қабырғаға соғылып, жарық шығарады. Шамның жұмыс істеу мерзімі 10000 сағат. (Люминесценттік шамды іске қосу сұлбасы сызылады- ЛБ-80 екі шамын БЛ -2- 80 трансформатромен қосу сұлбасы).

9.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.

1. Люминесценттік шамның қарапайым шамдардан айырмашылығы неде?

Ж: жұмыс істеу мерзімі ұзақ және жақсы жарықтандырады.

2.Түтік ішіне қандай газдар енгізіледі?

Ж: сынап, инертті газдар (аргон,неон).

3.Түтіктің ұштары арқылы не енгізіледі?

Ж: Спираль тәрізді электродтар.

4.Шынының ішкі бетінде не болады?

Ж: люминофор қабаты.

5.Люминесценттік шамды не үшін қолданады?

Ж: жарық беру үшін қолданады.

6.Дроссельдің қызметі қандай?

Ж:шамдар арқылы өтетін токты шектейді.

10.Оқушылар білімін бағалау.

11.Үй тапсырмасы.Оқулықтан «Люминесценттік шамдар» тақырыбын оқу.

№2 Арал кәсіптік лицейінің арнаулы пән оқытушысы:

Шолпан Балманова.

Скачать

Скачать файл: lyuminescenttk-sham-2003.doc
Посмотреть онлайн файл:



Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности