Шаяхметова Райхан Саткановна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Диктант "Достар"

2 сынып.

Тақырыбы: Диктант. «Достар».

Мақсаты: Білімділік: Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы әр түрлі ерекшеліктерді қандай дәрежеде меңгергендіктерін білу, өткен тақырыптарды қайталай отырып, білімдерін бекіту

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекетін дамыту, сөздік қорын

молайту,сауатты, көркем жазуға баулу .

Тәрбиелік: адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбек ете білуге тәрбиелеу.

Әдісі, түрі: білімдерін бағалау және толықтыру сабағы, аударма, сөйлесу.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

2. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

II.Үй жұмысын тексеру.

Сөздік, сұрақтар.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Диктантты мәнерлеп оқу, аудару, қиын сөздердің жазылуын еске түсіру, оларды тақтаға жазу, түсіндіру.

2. Диктанты жаздырту.

Достар

Жандос пен Әлімжан жақсы достар. Олар бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Достар бірге кітапханаға барады. Екеуі бірге сабаққа дайындалады.

IV. Сергіту сәті.

V. Сабақты бекіту.

VІ. Қорытынды.

1.Диктантты оқып, тексерту.

2. Диктант бойынша сұрақтар қою.

VІІ. Үйге тапсырма.

Сөздік, 1-тапсырма, сұрақтар.

VІІІ. Бағалау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности