Каирбекова Л.М.
Должность:учитель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Сабақтың әр кезеңінде саралап оқыту

Сабақтың әр кезеңінде саралап оқыту

Әр түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, қандай деңгейде болса да қарым-қатынас жасай білу, қажет жерде өз көзқарасын өзгерту топ алдына шығып өз тұжырымын айта білу ойын қорғай білу қабілетін дамытады.

Қазақ тілі және әдебиетін оқытудың сапасын арттыру бүгінгі күннің басты мәселелерінің болып есептеледі. Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шындау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылар өзін өзі таниды, сезінеді. Оқушының қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Оқытушы да, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды. Оқушыға деңгейлік тапсырма беру дегеніміз — балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше, оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған жұмыстар беру арқылы дамыту.

Оқушының қабілеті, бейімділігі әр түрлі болғандықтан, олардың даму ерекшелігі де әрқалай болады. Сол себептен оқушының жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып, деңгейлеп оқыту әдісін қолданамын. Деңгейлеп оқытудың ең басты шарты — сынып оқушаларын 3 топқа бөлу.

Үшінші топтың қабілеті жоғары , білім дағдылары қалыптасқан, өз бетімен ойлау қабілеті бар, сабаққа деген белсенділігі күшті. Бұл топқа жүргізілетін жұмыстың мақсаты: оқушы бойына ғылыми бағытта ойлау қабілетін қалыптастыру.

Орташа қабілетті оқушы лар 2-ші топты құрайды. Олар — білім, білік дағдылары әрі тұрақсыз, өзіне-өзі көп сене бермейтін, мұғалімнің белгілі мөлшерде көмек көрсетуін қажет ететін оқушы лар. Мұнда алға қойылатын мақсат: білім, білік дағдыларының тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал етіп, олардың үшінші топқа көшуіне көмек көрсету.

Бірінші топқа — үлгерімі төмен оқушылар жатады. Мұндай оқушылар өздерін үнемі тұрақты назарда ұстауды, білім, білік дағдыларын қалыптастыруға мұғалімнің үлкен күш-жігер жұмсауын, жүйелі жұмыс-жүргізуін көп қажет етеді. Сабаққа қабілеті төмен оқушылар тобының құрамы тұрақты болмауы тиіс. Мүмкіндігіне қарай мұғалім ол оқушыны ойша басқа топқа ауыстыра алады. Мұндай әр түрлі топтардың барлығы туралы оқушылар хабарсыз болуы шарт. Бірінші топтағы оқушылармен деңгейлеп жұмыс жүргізу үшін дайын сызба нұсқаларды, тірек кәртішкелер үлгілері қолданылады.

Менің ойымша, оқушы өз біліміне қарай, өз деңгей сапасын біліп тапсырмалар таңдайды. Әрбір оқушыға мүмкіндік беріледі. Сабақтың соңында әрбір оқушы бағасыз кетпейді. Мысалы, ойын «Сиқырлы конверт». Үш конверт дайындалады. Олар әр түсті болады.

Қызыл конверт І деңгей

Жасыл конверт ІІ деңгей

Сары конверт ІІІ деңгей

Оқушылар өз біліміне қарай, конверттен тапсырмалар таңдайды.

Саралап оқытуда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану өте ұтымды. Оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау қорытындыға келу, құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, мәселені шеше білу, пікірталас жүргізе білу, басқалармен қандай деңгейде болса да қарым-қатынас жасай білу, қажет жерде өз көзқарасын өзгерту, топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу, ойын қорғай білу қабілетін дамытады. Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Автор орындығы», «Эссе», «Семантикалық карта», «Не білемін, не білдім», «Кубизм». Бала өз білім- қабілетіне қарамай өз шығармашылығын көрсете алады. Бұл стратегиялар баланың еркін терең жан-жақты ойлауына үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.

Сабақты жұптап өткізудің тиімділігі - әрбір топтың оқушылары өз білім сапасын көрсетуге мүмкіндігі болады. Сабақтың соңында әр оқушы баға алады. Сабақ жұптап өту кезінде оқушының ойлануына шығармашылық әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды орындауына мүмкіндік беріледі. Білімді сыныпта игеріп, бекітіп, бағалауға мүмкіндік болады. Оқушының өз бетінше алуымен, шығармашылық жұмыс жасауына тестік тапсырмаларды орындауына, - «жоғары қиындықтағы тапсырмаларды орындауына» мүмкіндігі артады. Оқушылардың танымдық қызметін активтендіруден білім сапасын артырудағы маңызы зор. Сондықтанда осы мақсатқа жету үшін өз сабақтарымда ДЖИГСО ІІ, топқа бөліп оқыту әдісін қолданып келемін.

Іс жүзінде көріп жүргеніміздей дәстүрлі оқу жағдайында оқушылар бір — бірінен көмекті өте сирек сұрайды. Ал топтық жұмыс кезінде оқушылар бір-біріне өз білгендерін түсіндіреді. Топтық және ұжымдық жұмыстың ұтымдылығы. 1. Сабақ үстінде тақырып бойынша оқушылардың білімін

тексеруге болады.

2. Бір -біріне көмектеседі, жақсы оқитын оқушылар үлгерімі

төмен оқушыға болысады.

3. Бірінің білмегенін екіншісі толықтырып көпшіл болуға

тәрбиелейді.

4 .Сабақтың әрбір мазмұнын тиімді пайдалану нәтижесінде, үй

тапсырмасын орындауға аз уақыт жұмсалатын болады.

5. Жеке дара жұмыс жасап ізденетін оқушылар көптеп, әғни

топпен бірге жұмыс істегенде шешуші бір мақсатқа нәтижеге

жететіндігін түсінеді.

Топтық жұмыс барысында оқушылар атқаратын жұмыстарын өздерінің біліміне іскерлігіне қарай бөліп алады.

Үй тапсырмасы баланың қабілетіне қарай деңгейлеп беріледі. Жақсы оқитын оқушыларға күрделірек, нашар оқитындарға жеңілірек, себебі әр оқушының қабілеті, бейімділігі әр түрлі болғандықтан, олардың даму ерекшелігі әрқалай болады. Сол себептен оқушының жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып, деңгейлі тапсырмалар беріледі. Білімі жоғары оқушыларға берілетін тапсырмалар: эссе, шығарма жазып келу, өз пікірлерін айту, жоспар бойынша әңгіме құрастыру, берілген тақырыпқа тест сұрақтар дайындап келу, қосымша материал пайдаланып, реферат жазып келу. Үлгерімі төмен оқитын оқушыларға беретін тапсырмалар: дайын сызба бойынша ереже айтып беру, кесте толтыру, сұрақтарға жауап беру, суреттеу, тірек сөздерді пайдаланып сөз тіркестерді құрастыру, керекті әріптерді қою.

Қазақ әдебиеті қазақ тілінде жүргізілетін болғандықтан қазақ әдебиетіне көп көңіл бөлінуде. Осыған орай өз жұмыстарыма жауапкершілікпен қарап, өзге ұлттың балаларына көп көңіл бөлемін. Әдебиет сабақтарында саралап оқыту жиі қолданылады. Сабаққа қойылатын талаптар:

  1. Оқушылардың ауызекі сөйлеуін қалыптастыру.
  2. Сөйлемді дұрыс құрастыру.
  3. Мәтінді тыңдап түсіну.
  4. Мәтіннің мазмұнын айтып беру.
  5. Оқу жылдамдығы.
  6. Оқушылардың тілін дамытуға арналған жұмыстар жүргізу.
  7. Баланың деңгейін көтеру.

Қазақ әдебиет сабағында орыс тілде жүргізілетін сыныптарда өте көп

қиындылықтар туғызады. Сондықтан жеке оқушылармен жұмыс істеу мақсатында кәртішкелер дайындап, оларды орынды пайдалану керек. Осы сабақтың мақсаты - жеке тұлғаны дамыту. Оқушылардың тілін ұстарту мақсатында әр күні әр тақырыпқа сұрақ-жауап жұмысын жүргіземін. Баланың деңгейіне қарай мәтінмен жаңа сөздермен жұмыс істеледі, сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, сурет бойынша әңгіме, ойын,т.б. сабақ өткізудің түрлерін пайдаланамын. Мысалы, 5 сынып Абайдың «Қыс» өлеңіне әр түрлі деңгейлік тапсырмалар беріледі: бұл өлеңді оқып сурет салу, мәнерлеп оқу, өлеңді талдау, Абайдың «Күз» өлеңімен салыстыру, сөздік жұмысын жүргізу, басты кейіпкеріне мінездеме беру. Абайдың шығармашылығымен танысқанда, оқушылар бес жолды өлең құрастырды, Венн диаграммасын жасады, кесте бойынша жұмыс жасады. Осы тапсырмалардың ұтымдылығы: зерттеу, салыстыру, тіл байлығы артады, оқулықпен жұмыс жасау, шығармашылық әрекеттерін арттыру.

Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушының ең басты мақсаты, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту. Сол арқылы ауызекі сөйлеу тілін үйретіп шығару, еркін сөйлеуге дағдыландыру. Әрбір оқушыны сабаққа белсенді қатыстырып, шығармашылық қабілетін, ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру, өз ойлау әрекетін дамытып жетілдіру. Ал ол үшін мұғалім әрқашан ізденісте болу керек. Сабақтың әр кезеңінде саралап оқыту өте ұтымды, нәтижелі әдіс.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности