link4428 link4429 link4430 link4431 link4432 link4433 link4434 link4435 link4436 link4437 link4438 link4439 link4440 link4441 link4442 link4443 link4444 link4445 link4446 link4447 link4448 link4449 link4450 link4451 link4452 link4453 link4454 link4455 link4456 link4457 link4458 link4459 link4460 link4461 link4462 link4463 link4464 link4465 link4466 link4467 link4468 link4469 link4470 link4471 link4472 link4473 link4474 link4475 link4476 link4477 link4478 link4479 link4480 link4481 link4482 link4483 link4484 link4485 link4486 link4487 link4488 link4489 link4490 link4491 link4492 link4493 link4494 link4495 link4496 link4497 link4498 link4499 link4500 link4501 link4502 link4503 link4504 link4505 link4506 link4507 link4508 link4509 link4510 link4511 link4512 link4513 link4514 link4515 link4516 link4517 link4518 link4519 link4520 link4521 link4522 link4523 link4524 link4525 link4526 link4527 link4528 link4529 link4530 link4531 link4532 link4533 link4534 link4535 link4536 link4537 link4538 link4539 link4540 link4541 link4542 link4543 link4544 link4545 link4546 link4547 link4548 link4549 link4550
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Қазақстанның көп ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері, алатын орны мен даму жолдары

Қазақстан Республикасы,Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы
Маңғыстау Энергетикалық Колледжі

Бөлім меңгерушісі, оқытушы

Сейтова Жанар Айтмуратовна

Қазақстан Республикасы — көп ұлтты, тәуелсіз және зайырлы мемлекет. Ұлт бірелстігі мен татулығы бойынша еліміз әлемге үлгі болып келе жатыр. Елімізде өмір сүріп жатқан әрбір 130 ұлттың өзіндік мәдениеті мен өнері мен бай мұрасы бар. Оларға қолдау көрсетіп, дамыту жолында еңбектер атқарылып келеді. Алайда еліміздегі бұл мәдениеттер топтастығының ерекшелігі неде, келешекте оны қалай дамытып, ел мәдениетін байытуға болады сынды көкейтесті, маңызды сұрақтарға назар аударайық.

Қазақстан қазір өзіндік саяси және экономикалық жүйесі бар, көптеген әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жағдайдағы сол жылдардың маңызды жетістігі — Қазақстан республикасы өзін бүкіл әлемге егеменді ел ретінде мойындатып, қазақ ұлтын, сондай-ақ, көпұлтты мемлекетімізді халықаралық деңгейдегі танытып бере алды. Мұнда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады.

Дамыған, өркениетті қоғам құру, құқықтық мемлекет пен толыққанды азаматтық қоғам қалыптастырыу қай елде болмасын, сол мемлекетте ұлттар мен халықтардың татулығынсыз мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде 3000-ға жуық ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп отыр. Олар екі жүзден астам мемлекетке біріккен. Әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігі бірыңғай бірұлтты емес, көп ұлтты. Әлемнің аймақтарының халқы барған сайын этностық құрамы, мәдениеті мен өмір салты бойынша әркелкілене (әр түрлі бола түсуде) түсуде. Бұл шаруашылық пен қоғамдық өмірдің интернационалданрылуының, халықаралық және ішкі мемлекеттік көші-қонның өсуі мен некенің санының артуының нәтижесі. Бұл заңды процесс болып табылғанымен, өкінішке орай көп жағдайда ұлтаралық шиеліністің күшеюіне, кейде тіпті қан-төгіске әкеленетін ашық дау-жанжалдарға да алып келіп ұрындыруда. Соған байланысты, ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр

Ел ырысын еселеуді көздеген көреген саясаттың нәтижесінде елімізде экономикалық өрлеумен қатар ел бірлігі, тұрақты даму, бейбітшілік пен келісім құндылықтарының базасында жаңа қазақстандық дәстүр мен ділдің негізі жасақталды. Осы құндылықтар қоғамдық идеялогияның бастауы болды. Қоғам оны терең қабылдап - сонымен өмір кешуде. Базалық құндылықтар Қазақстан қоғамының ұйыстырушы факторына айналды. Ел тәуелсіздігі жарияланғаннан бергі уақыттарда жүзеге асырылып жатқан ішкі саясат Қазақстан қоғамында ұлтаралық ынтымақтастық пен халықтар достығының көркейіп дамуына қолайды жағдай тудырды. Бүгінгі республикамыздағы діни конфессиялар мен ұлттар, ұлыстар арасындағы қарым-қатынастар отандас халықтардың шынайы достық пейілдерін паш етеді.

Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан — мәдениет саласының өрісі кең.

Мәдениет — тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.

Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:

  • мәдени әрекет,
  • мәдени орта,
  • мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
  • мәдени ұйымдар мен ұжымдар.

Бір шаңырақ астында татулығы жарасып, ел тарихын жасасып жатқан жүз отыздан астам ұлт өкілдері қазіргі таңда өздерін «қазақстандықпыз» дегенді мақтанышпен айта алады. Дүниежүзінде көп ұлтты мемлекеттер баршылық. Алайда саяси-экономикалық өмір айнасындағы соңғы кездердегі дағдарыстардың салқыны көп ұлтты елдің береке-бірлігіне іріткі сала алмаған дәл Қазақстандай мемлекетті әлем бүгінде феномен ретінде қабылдайды. Қазақстан көпұлттық мәдениет пен бірлікті дамытуға бағытталған ішкі саясатты ұстанып келеді. Мұнда әр халықтың өз мәдениеті мен дәстүрін көркейтудің мүмкіншіліктер аясы кең. ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында: «Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған Қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды», — деген еді. Тәуелсіздік жылдарында өзінің серпінді күш-қуатымен әлемдік интеграцияға бет алған Қазақстан өзге мемлекеттерді қол жеткізген жетістіктерімен таң қалдыруда.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси аренасында өте ірі ұйым болып табылады. ҚХА-да Қазақстан халықтары арасында достастық пен бейбітшілікті орнатуда ауқымды шаралар қолға алынады. Мұндағы әрбір этномәдени орталық ҚХА құрамына енеді. Олар мемлекттік тілге үлкен құрмет көрсете отырып өздерінің салттарын да ұмыт қалдырмайды», - дейді А.Құсайынова.

А.Құсайынованың айтуынша, ҚХА – Қазақстанның әрбір халқының мәдниеті, салты мен дәстүрін дамытуға серпін беретін құрылым. Осы арқылы Қазақстанның әрбір ұлт өкілі күнделікті өмірлерінде өздерінің салт дәстүрін еркін ұстанып, тілі мен мәдениетін насихаттай алады.

«Бір қуаныштысы, ҚХА өкілінің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болуы. Ол кісінің ел ішін былай қойғанда шет елдерде де беделі жоғары. Біздің Президентіміздің қуаттылығы сонда, ол кісінің елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, еліміздегі ұлт өкілдерінің достастығының негізіне айналдырды. Елбасының айтқан әрбір сөзі халықтар достығына бағытталған», - дейді.

Қорытындылай келе, көп ұлтты мәдениетті дамытудың өзіндік ерекшеліктері бар екендігіне көрз жеткіздік. Әрбір ұлттың мәдени мұрасы көздің қарашығындай сақталып, ұрпақтар сабақтастығында белгілі орынын алуы тиіс. Қазақ мәдениетінің бір бөлігі ретінде тәуелсіз Қазақстанның өнері мен мәдениетін жандандыруда көп ұлттық мәдениетті қолдап отыруымыз қажет.

Әдебиеттер тізімі

1. Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева Т. Мәдениеттану. Оқулық А., 2002.

2. Маданов Х.М. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы кезеңдері. А., 1995

3. Мүтәліпов Ж. Мәдени диалог және өркениеттер тоғысы. А., 2002.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности