link14280 link14281 link14282 link14283 link14284 link14285 link14286 link14287 link14288 link14289 link14290 link14291 link14292 link14293 link14294 link14295 link14296 link14297 link14298 link14299 link14300 link14301 link14302 link14303 link14304 link14305 link14306 link14307 link14308 link14309 link14310 link14311 link14312 link14313 link14314 link14315 link14316 link14317 link14318 link14319 link14320 link14321 link14322 link14323 link14324 link14325 link14326 link14327 link14328 link14329 link14330 link14331 link14332 link14333 link14334 link14335 link14336 link14337 link14338 link14339 link14340 link14341 link14342 link14343 link14344 link14345 link14346 link14347 link14348 link14349 link14350 link14351 link14352 link14353 link14354 link14355 link14356 link14357 link14358 link14359 link14360 link14361 link14362 link14363 link14364 link14365 link14366 link14367 link14368 link14369 link14370 link14371 link14372 link14373 link14374 link14375 link14376 link14377 link14378 link14379 link14380 link14381 link14382 link14383 link14384 link14385 link14386 link14387 link14388 link14389 link14390 link14391 link14392 link14393 link14394 link14395 link14396 link14397 link14398 link14399
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Жалаң және жайылма сөйлем

Қазақстан,Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы
М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Карина М.М.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың

байланыстары туралы білімдерін нығайта отырып, жаңа

сабақты түсіндіру. Жалаң және жайылма сөйлемдерді

сөйлем ішінен табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.

ә) Сөйлем мүшелерін ажырата білуін, сөйлемнің мәнін

терең ұғынып, мағынасын аша білуге үйрету,

оқушылырдың ойлау қабілетін, тілін дамыту.

б) Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта,аудио дыбыс,флипчарт

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.(психологиялық дайындық)

Ой қозғау

- Балалар, қазір қай мезгіл?

- Қазір күз мезгілі.

- Күзден кейін қандай мезгіл келеді ?

- Қыс мезгілі.

- Қыс мезгілін сипаттап көріңдерші.

-

- Қыс мезгілі суық,аязды болады. Адамдар жылы киінеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, аналарымыз қысқа арнап банка жабады, ауылдағы адамдар малдың жем- шөбін, отын даярлайды, біздер шаңғы, шаналарымызды майлап, сайлаймыз.

- Ал қыстың алғашқы күні қандай мейрам болатынын білеміз бе?

- Дұрыс айтасыздар,Тұңғыш Президент күні.

- Ал сауатты болу үшін, біз әрине білімді болуымыз қажет.

- Балалар, жаңа өздеріңіз айтып өткендей қыс мезгілінде көптеген жұмыстар атқаруымыз қажет екен. Олай болса, бүгінгі сабағымызда біз қысқа дайындық жұмыстарын жасайтын боламыз.

Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпқа шолу.

(Дәптерлеріне жазылған жаттығу ауызша тексеріледі.)

- Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

- Тұрлаулы мүшелерге нелер жатады?

- Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

- Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтаймыз?

Жаңа сабақ

- Балалар, қыс мезгілінде де қыстап қалатын құстар болады.

- Олар қандай құстар? Қане,есімізге түсіріп көрейікші.

- Өте жақсы. Балалар, осы құстар сендерге хат жазып жіберген екен. Сол хатты оқып көрейік. Қалай, олардың өтініштерін орындаймыз ба? Ұяны дұрыс құрау үшін сендер тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.

1- жаттығу.

Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқы.

Мұз қатты.

Өзенге мұз қатты.

Есік ашылды.

Есік айқара ашылды.

Бұлбұл сайрады.

Бақты бұлбұл сайрады.

Жазушы жазды.

Жазушы қызықты әңгіме жазды.

(Тақырыптың ережесін екі бағандағы сөйлемдерді салыстыра отырып, оқушылар өздері шығарулары керек).

Тек қана тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. Боран соқты.

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем деп атайды. Екі күн қатарынан боран соқты.

Екінші бағандағы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.

- Балалар, өте жақсы. Сендер тапсырмаларды дұрыс орындап, құстарға ұя жасап бердіңдер. Құстар сендерге алғыстарын білдіруде.

-Енді анамызға қысқыға арнап көкөністер тұздауға көмектесу үшін келесі тапсырманы орындайық.

2- жаттығу.

Берілген сызбалар бойынша төмендегі сөздерден сөйлемдер құрастыр.

Қарға қарқылдады. Суретші суретін бояды. Асқар ауылға атасына келді. Мұғалім сабақта білімді оқушыны мақтады. (Әр сөйлем ауызша сөйлем мүшелеріне талданады).

-Балалар, тапсырмалардың бәрін дұрыс орындап, анамызға да көмек көрсеттік.

- Олай болса, ойындар арқылы логикалық тапсырмалар орындайық.

«Жауапты сұрақтан ізде»

  1. Қолына раушангүл ұстаған қыздың атын білесің бе? (Раушангүл) (Осы сөзді қатыстырып жалаң сөйлем құра).
  2. Қоянбаев Әсет орманнан қандай аңды көрді? (Қоян) (Осы сөзді қатыстырып жайылма сөйлем құра).
  3. Ертеде талдың қорғаны болған қала қазір қалай аталады? (Талдықорған) (Осы сөзді қатыстырып сөйлем құра).
  4. Естіген дыбысыңды қатыстырып жалаң сөйлем құрап көр.

«Адасқан әріптер»

А М Р Н А У Ж А Ы Д

А Ж Ң Р Б Ы Ы Қ О Ы Д

(Сөздерді меңзермен сәйкестендір. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр).

Арман жауды.

Жаңбыр оқыды.

Арман қызықты ертегі оқыды. Түнде толассыз жаңбыр жауды.

Сергіту сәті.

- Балалар, қыста сендердің барлығыңның асыға күтетін қандай мерекелерің бар, кім айтады? Әрине, Жаңа жыл. Жаңа жылда біздер нені айналып би билеп, ән саламыз? Жақсы, қане бәріміз орнымыздан тұрып, шыршаға қосылып, сергіту сәтін жасайық.

- Енді қысқыға арнап шана мен шаңғыларымызды дайындап қояйық. Спортпен шұғылдансақ, деніміз сау, дене мүсініміз сымбатты болады. Дайынбыз ба? Олай болса, келесі тапсырманы орындаймыз.

3- жаттығу.

Сөйлемдерді оқып, алдымен жалаң, содан соң жайылма сөйлемдерді көшіріп жаз.

Жалаң: Бағдаршам жанды. Оқушы жазды. Нұргүл сырғанады.

Жайылма: Демалыс күні анам дәмді бауырсақ пісірді. Қыста жер ақ қарға оранады. Жаяу адам соқпақ жолмен келеді.

Бұл кедергіден де өттік. Тапсырмаларды бұл жолы да дұрыс орындадыңдар.

Енді киетін жылы киімдерімізді әзірлесек, қысқыға дайын боламыз.

Ол үшін келесі жаттығуды орындайық.

4- жаттығу.

Сөйлемдерді толықтырып жаз.

  1. жауды.

-ды -пен күреді.

  1. пен мұзайдында тепті.

  1. Асхат жасады. Оны - қа ілді.

  1. –ға ұшып келді.

- Жарайсыңдар! Тапсырмалардың барлығы орындалды. Міне, киіміміз де дайын болды.

-

- Бүгін қысқа дайындық жұмысын жасап, әбден әзірлендік. Енді қысты қарсы алуға дайынбыз.

Жаңа сабақты қорытындылау.

- Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

- Жалаң сөйлем дегеніміз не?

- Жайылма сөйлем қалай жасалады?

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-

Үйге тапсырма.

5- жаттығу. (87 бет).

Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге, жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдырып жаз.

Венн диаграммасын толтыру.

Жалаң Жайылма

Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, бағаланады.

Сабаққа белсене қатысып, барлық тапсырмалады дұрыс орындағандарыңызға рахмет. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности