link13104 link13105 link13106 link13107 link13108 link13109 link13110 link13111 link13112 link13113 link13114 link13115 link13116 link13117 link13118 link13119 link13120 link13121 link13122 link13123 link13124 link13125 link13126 link13127 link13128 link13129 link13130 link13131 link13132 link13133 link13134 link13135 link13136 link13137 link13138 link13139 link13140 link13141 link13142 link13143 link13144 link13145 link13146 link13147 link13148 link13149 link13150 link13151 link13152 link13153 link13154 link13155 link13156 link13157 link13158 link13159 link13160 link13161 link13162 link13163 link13164 link13165 link13166 link13167 link13168 link13169 link13170 link13171 link13172 link13173 link13174 link13175 link13176 link13177 link13178 link13179 link13180 link13181 link13182 link13183 link13184 link13185 link13186 link13187 link13188 link13189 link13190 link13191 link13192 link13193 link13194 link13195 link13196 link13197 link13198 link13199 link13200 link13201 link13202 link13203 link13204 link13205 link13206 link13207 link13208 link13209 link13210 link13211 link13212 link13213 link13214 link13215 link13216 link13217 link13218 link13219 link13220 link13221 link13222 link13223 link13224 link13225 link13226 link13227 link13228 link13229 link13230 link13231 link13232 link13233 link13234 link13235 link13236 link13237 link13238 link13239 link13240 link13241 link13242 link13243 link13244 link13245 link13246 link13247
Серикова Карлыга Ергешовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
МҰҒАЛІМ — ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ТҰЛҒА

МҰҒАЛІМ — ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ТҰЛҒА

Бүгінгі таңда экологиялық білім беру білім жүйелері дамуының өзекті мәселенің бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса үздіксіз білім беру процесінде (отбасы→ балабақша → мектеп) балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.

“Экология” ұғымын тұңғыш рет 1866 жылы неміс биологы Э. Геккель қолданды. Бұлұғым гректің “ойкос”( үй немесе тұрғын үй / жилище/ ) және “логос” ( ой / мысль / ),яғни , “Тұрғын үйді ойлау” деген ұғымнан пайда болса керек. Қазіргі кезде “экология ” ұғымына анықтамада :
Экология- организмдердің бір- бірімен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейтін ілім.
Экология — тірі организмдердің тіршілік ортасымен ара-қатынасының зерттейтін биологиялық ғылым ретінде қарастырады.
Экология саласындағы қордаланған өзекті мәселелерді шешу ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді.

Экологиялық санаға экологиялық білім жатады : фактілер, деректер, жануарлар, әлемі мен өсімдіктер дүниесі және олардың өмір сүру ортасы жайында, жалпы қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардың өзара қарым-қатынасының қорытындысы мен талдауы.
Адамның экологиялық санасына тағыда оның табиғатты және қоршаған ортаны қорғау заңдылығын бұзғандар мен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі талпынысы мен әрекеті жатады. Сондықтан да, экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.

ҚР Конституциясының 31-бабында «Мемлекет адамның өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап,қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздейді» делінген. 15.07.1997 жылы қабылданған ҚР «қоршаған ортаны қорғау туралы» заңның 73-74 баптарында экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейілігі,үздіксіз болуы қарастырылған. Бұл ережелер ҚР-ның «Білім туралы» заңында да көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған «2030 стратегиясы» бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл бөлінгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын. Ендеше осы аса құнды екі құжатты басшылыққа ала отырып кез келген мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Қазақстан жолы — 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жодауында «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай егіс алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологияларына көшірілетін болады. Біз аграрлық ғылымды дамытып, сынақтық аграрлық-инновациялық кластерлер құруымыз қажет. Уақыт көшінен қалмай, табиғи азық-түлік өндірумен қатар құрғақшылыққа төзімді гендік-модификацияланған өнімдер өндірісін де жүргізу маңызды. Айтылған міндеттерді ескере келіп, Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарына түзету енгізуді тапсырамын»- делінген.

Қазіргі заманғы экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.

Экологиялық білім беруді жалпы мектептердің әрбір кластар бойынша жүргізілетін пән кіргізілуі керек. Бұрынғы уақытта жалпы экологиялық білім көтеріле қоймағаны өздеріңізге мәлім. Ал қазіргі уақытта яғни бүгінгі таңда нақты және маңызды бөлек пән ретінде немесе пән аралық байланыстар ретінде пайдалану мектептер үшін өте қажетті және керек.

Экологиялық тәрбие– ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Эколгиялық тәрбиенің мақсаты оқушылыр бойында экологиялық білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол арқылы олардың табиғатқа, қоршаған ортаға парасаттылық, жауапкершілік, қарам-қатынасын жан-жақты қалыптастырып дамыту.
Экологиялық тәрбие мен білім беру- табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтеру.
Біріншіден, адамның , қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми дүниесін қалыптастыру.
Екіншіден , жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тәрбиелеу.
Үшіншіден , экологиялық іс-әрекетте білі мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін жан-жақты факторларды қарастыру.
Мектепте экология пәнін оқыту — экологиялық және әлеуметтік мәселелердің мәнін түсіндіруге , қоршаған орта мен адам арасындағы өзара байланыстың дамуына талдау жасауға үйретеді.Нәтижесінде олар адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар бар екенін түсініп,адамның табиғаттыорынды пайдалану мәселесімен біртіндеп танысады.
Оқушылардың эколгогиялық санасын тәрбиелеуде гуманитарлық және эстетикалық цикілдегі пәндердің де маңызы ерекше.
Тарих, қоғам тану, мемелекет және құқықтық негіздері пәндерін оқу барысында табиғатқа рақымсыз қарым-қатынас жасауға болмайтындығын,ол үшін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әрекетін реттейтін заң актілері жайында білім алады.
Эстетикалық пәндер негізінде: әдебиет, көркем өнер, музыка сабақтары табиғаттың эстетикалық мәнін, оның өзінетән қайталанбас сұлулығын, адамға және жалпы қоғамға маңыздылығын ашып көрсетеді. Өнер табиғатты жандандырады, адамның сүйіспеншілігін оятады және оның бөлінбес бөлшегі екендігін ұғынуға мүмкіндік береді.
Негізінен бірыңғай экологиялық білім беру, принципін жасау қажет.
Яғни, экологиялық білім беру бағдарламасын неден бастап және қалай жүзеге асыруға болады?

Оқушыларды негізінен өзінің айналасында неболып жатыр, міне осыны түсінуге баулау керек.

Экологиялық міндеттерді анықтап,оларды шешу жолдарын белгілеуге, қоршаған ортаның жағдайын айқын парасаттылықпен және сын көзбен бағалай білуге үйрету.

Жоғары сынып оқушыларын өзінің тұрғылықты мекені, қала мен ауылдың экологиялық жағдайын түсіне білуге үйрету.

Оқушылар мен бірлесе өзінің тұрғылықты мекенінде экологиялық жағдайы нашар немесе апат аймақтарды қорғауға алу жұмыстарын ұйымдастыру

Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғатты қорғауға тәрбиелеуде мектептен тыс жүргізілетін жұмыстардың орны ерекше.

Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелейтін мектептен тыс жұмыстардың мақсаттарына қарай төмендегідей етіп топтауға болады.

Оқушылардың өз бетімен жүргізілетін жұмыстары:

– табиғатқа бақылау жүргізу;

– табиғат көріністеріне суреттер салу;

 — табиғат сырын түсіндіруге байланысты әртүрлі баяндамалар, рефераттар жазу,

альбомдар шығару.

Оқушылардың табиғат аясында істейтін жұмыстары:

– табиғат аясында істелінетін іс-тәжірибелік, сарамандық жұмыстар;

– әртүрлі бағыттағы серуендер, жорыққа шығу.

Оқушылардың экологиялық білімін жетілдіру жұмыстары:

табиғат қорғауға арналған ғылыми оқулар мен конференциялар;

– табиғат зерттеушілерімен, ғалымдармен кездесу;

–табиғат қорғауға бағытталған кештер ұйымдастыру.

Қоғамдық пайдалы еңбек:

жасыл жасақшылар тобын құру;

– табиғат қорғауға арналған сенбілік, жексенбілік, айлықтар өткізу.

Оқушылардың экологиялық білімдерін тексеру:

экологиялық олимпиадалар, байқаулар ұйымдастыру;

– табиғат қорғауды жақсарту мақсатында тесеру жұмыстарын ұйымдастыру.

Оқушылардың табиғатты аялауға сүйіспеншілігін арттыратын мерекелік іс-шаралар:

– табиғат қорғау күнін (5 маусым) атап өту;

Наурыз мерекесі, т.б;

Оқушылардың өлкетану жұмыстары:

этнографиялық-экологиялық мұражай ашу;

– мектепте «Табиғат мүйісі» табиғат бұрышын ашу;

– ауылдағы табиғи ескерткіштерді қамқорлыққа алу.

Мектепте жоғарыда көрсетілгендей мектептен тыс жұмыстарды өткізгенде оқушылардың ата-анасын қамтыған абзал.

Мектепте пән мұғалімдері пәнді жүргізу барысында өз мамандығына қоса экология мәселесін алдыңғы орынға қойса, оқушылардың табиғатты қорғау мәдениеті қалыптасып, көзқарасы дұрыс жолға түсер еді.

Осы айтылғандарды негіздей отырып, экологиялық мәдениетті ұстаздың қандай болуын жобалап көрейік:

Экологиялық мәдениетті ұстаз

Экологиялық білім беруде үздіксіз жетілдіруші

Экологиялық білім мен тәрбие беру міндетім деп санаушы

«Адам-қоғам-табиғат» жүйелерінің байланысын ұғындырушы

Білім саласындағы жетістіктерді ұтымды пайдаланушы

Табиғатты қорғауда жеке тұлғаның ролін ұғындырушы

Үздіксіз білім — толассыз, тоқтаусыз білім, ешқашан аяқталмайтын, өміршең білім. Үздіксіз білім адамның өмірге келген күнінен басталып, өмірінің соңғы күніне дейін жалғасын табатын процесс, қазіргі «өмір бойы білім алу» қағидасы білімнің үздіксіздігі идеясының заңды жалғасы.

Табиғатты қорғауда бүкіл дүние жүзілік бірлестікті күшейту, халықаралық ынтымақтастықтың негізінде экологиялық қауіпсіздіктің тұжырымдамасын жасау және іске асару қажет болады. Табиғатымыз қаншама бай болғанымен, оның сан алуан ресурстарының қай-қайсысы болмасын шексiз емес екендiгiн күнделiктi өмiрдiң өзi дәлелдеп отырған тұста экологиялық үздiксiз бiлiм беру керек екендігі анық.

Оқушылар да қойылып отырған мақсатты дұрыс қабылдап, оған өздерінің жауапкершілік сезімдерін ұлғайтуы тиіс. Нәтижесінде, табиғатымызды сақтап қалу экологиялық білімді талап ететіндігі және жоспарланған жұмыстарды өз дәрежесінде атқаруға оң ықпал ететіндігі айқын.

Әдебиеттер:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев. «2030 стратегиясы» бағдарламасы. 2008 жыл, ақпан.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына

Жолдауы.Қазақстан жолы — 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». 2014. 17

қаңтар.

Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығы.Ізденіс. -Алматы, 2007. -№ 4(2). -225-229б.

Сабденалиева Г.М. «Экология тәрбие берудің педагогикалық шарттары» Алматы. 2001 ж.

Экологиялық тәрбие жұмысының сипаты.Білім Образование.-2001. -№2. -31-33 б.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности