link1224 link1225 link1226 link1227 link1228 link1229 link1230 link1231 link1232 link1233 link1234 link1235 link1236 link1237 link1238 link1239 link1240 link1241 link1242 link1243 link1244 link1245 link1246 link1247 link1248 link1249 link1250 link1251 link1252 link1253 link1254 link1255 link1256 link1257 link1258 link1259 link1260 link1261 link1262 link1263 link1264 link1265 link1266 link1267 link1268 link1269 link1270 link1271 link1272 link1273 link1274 link1275 link1276 link1277 link1278 link1279 link1280 link1281 link1282 link1283 link1284 link1285 link1286 link1287 link1288 link1289 link1290 link1291 link1292 link1293 link1294 link1295 link1296 link1297 link1298 link1299 link1300 link1301 link1302 link1303 link1304 link1305 link1306 link1307 link1308 link1309 link1310 link1311 link1312 link1313 link1314 link1315 link1316 link1317 link1318 link1319 link1320 link1321 link1322 link1323 link1324 link1325 link1326 link1327 link1328 link1329 link1330 link1331 link1332 link1333 link1334 link1335 link1336 link1337 link1338 link1339 link1340 link1341 link1342 link1343 link1344 link1345 link1346 link1347 link1348 link1349 link1350 link1351 link1352 link1353 link1354 link1355 link1356 link1357 link1358 link1359
Алмуханбетова Кульшайра Жусупбековна
Должность:Учитель географии и истории
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинская область, Жаркаинский район, село Далабай
"География пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесі" шеберлік сынып

География пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесі

Мақсаты: Пән бойынша оқушыны тестілеуге жүйелі түрде дайындай отырып, жоғарғы көрсеткіштерге жеткізу

Күтілетін нәтиже: 1. Оқушы өз бетімен жұмыстанады, ізденісте болады.

2. ҰБТ-ге қызығушылықпен дайындалады

3. Жоғарғы көрсеткіштерге жетеді

Мектептің ҰБТ-ге дайындық жүйесі


Ақпараттық Диогностикалық Практикалық Мониторинг

бағыт бағыт бағыт

Коррекциялық Анализ

жұмыс

Осы жүйені негізге ала отырып, мен география пәнінен дайындықты мына түрде өткіземін:

1.Ақпараттық блок

ҰБТ-ді өткізу ережесімен таныстыру

Кәсіби бағыт беру

Нормативті құжаттармен таныстыру

Мектеп әкімшілігі, сынып жетекші, пән мұғалімдері

2 Диогностикалық бағыт. Негізгі мақсатым:

А)Оқушылардың білім деңгейін анықтау.

Оқушылардың білім деңгейін анықтау үшін мен әрине оқушыдан 1-2 нұсқадан тест жұмысын аламын. Ол арқылы оқушының қай тақырыптан білімі төмен екендігін анықтауға болады. Мысалы оқушы 2 нұсқа тест тапсырмасын орындап мынадай тараулар бойынша көп қателесті:

1.План және карта

2. Қазақстанның экономикалық және физикалық географиясы

3. Дүниежүзілік экономика

Яғни мен келесі мектепшілік ҰБТ-ге дейін (1 аптада — 1 рет,әр сәрсенбі) осы тақырыптар бойынша тез арада білімін көтеруге тырысамын. Осы тақырыптарды түсіндіремін, өз бетімен оқуға беремен, түрлі тапсырмалар орыындатамын. Сонымен қатар 2011-2015 жылғы тест жинақтарынан құраған «Сұрақ — жауап» нұсқаулығымды қолданамын. Бұл нұсқаулықта оқушы өзіне қажет тарауды таңдап алып, сол тарауға байланысты сұрақтарды жауаптарымен жаттайды. Сонда келесі тестілеуде оқушының 1-2 балл қосқанын көруге болады.

Ә) Тестілерге сараптама жасау

Бұл кезде мен өткен жылдардың тест жинақтарына сараптама жасап, жиі кездесетін тараулар мен тақырыптарды анықтаймын. Мысалы менің сараптамам бойынша 2014-2015 жылғы тест жинақтарында:

Бір сөзбен айтқанда тест сұрақтарында көбінесе Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясынан сұрақтар көп кездеседі. Яғни дайындық барысында біз осы бөлімдерге көп көңіл бөлуіміз керек деген сөз.

Б) Қиындық тударатын мәслелерді анықтау


Бұл кезде біз мұғалім оқушы қарым –қатынасын жақсартамыз. Яғни оқушымен әңгімелесе отырып:

ØПсихологиялық ахуал туғыза отырып, жылы қарым — қатынас орнату, сол арқылы оқушыға қиындық туғызатын тақырыптар мен тарауларды анықтаймын. Оқушыға мен тек қана мұғалім емес, сонымен қатар оның көмекшісі екенімді сездіртемін. Сонда оқушы еш қысылмай мұғалімге толығымен ашылады.

ØОқушыға АКТ-ны дұрыс пайдалануға бағыт беремін. Бұл дегеніміз интернет желісі мен гаджеттерде география пәнінен ҰБТ-ге дайындық кезінде қолдануға болатын сайттар мен қосымшаларды айтып өтемін. Бұл арқылы оқушы тестілеуге кез келген жерде дайындала алады, әрі бұндай жаңашыл технологиялар қазіргі жастарға өте қызықты.

Тестілеуге дайындық ретінде мен оқушыларға мынадай сайттар мен қосымшаларды қолдануға нұсқау беремін:

1.iTest 3. География

2. Umnik сайттарын 4. География ЕНТ — тел.қосымшаларын пайдаланамын

Практикалық бағыт

Тест жинақтарымен жұмыс Түрлі деңгейдегі тапсырмалар

1.Тест жұмыстарымен жұмыс кезінде мен көбінесе тиімді тәсілдерді қолдануға тырысамын. Яғни оқушы тестте кездесетін :

ØТестте кездесетін географиялық терминдер мен ұғымдармен жұмыс істейді,оларды жаттайды. Ол үшін мен «ҰБТ кездесетін географиялық терминдер» нұсқаулығын құрдым

ØЕң,ең,ең… тестілерде кездесетін ең,ең деген тақырыптағы сұрақтарды қарастырамыз. Яғни оқушы ең биік шың, ең ірі көл, ең ұзын өзен сияқты ұғымдарды білетін болады. Бұл оқушыға да қызықты әрі жаттауға да жүйелі болады.

ØКарталар мен атластармен жұмыс. Картамен жұмыс істей білетін оқушы география жайында толық түсінігі болады. Тестілеу кезінде картаны еске түсіре отырып, ол логикалық ойлау арқылы да сұрақтарға жауап беруге үйренеді.

2. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Бұндай тапсырмалар оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Білімін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Әр тестілеудің соңында тест нәтижесі бойынша оқушыға мониторинг жүргізіледі, осыған байланысты қате кеткен сұрақтар бойынша қатемен жұмыс жүргіземін. Ал тестілеу соңында міндетті түрде қатемен жұмыс жүргіземін. Қатемен жұмыс кезінде мен қате кеткен әр сұрақты жауаптарымен қосы толығымен талдаймын. Мысалы оқушыда мына сұрақ бойынша қате кетті деп есептейік:

1.Арал теңізінің суының азаюының негізгі себебі:

А) Температуралық режим — бұл жауап бола алмайды, өйткені температуралық режимнің теңіз суының көлеміне еш қатысы жоқ.

В) Жауын — шашын- бұл жауап бола алмайды, өйткені жауын –шашын көлемі аз, ол теңіз суының көлеміне негіз бола алмайды.

С) Арал теңізінің көлемі азаймайды - бұл жауап бола алмайды,өйткені - логикалық жағынан да бұл мүмкін емес.

Д)Аралға құятын өзен суларының азаюы- бұл дұрыс жауап, өйткені- Арал теңізінің су көлемі оған құяр өзен суларымен тығыз байланысты.

Е) Теңіз тұзының және су температурасының артуы - бұл жауап бола алмайды, өйткені теңіз суының температурасы оның су көлемінің кемуіне мүлдем қатысы жоқ.

Қорытындылай келе мен дайындық кезінде:

1. Оқушының осал жақтарын анықтап, оларды толықтыруға тырысамын.

2. Түрлі әдістер арқылы ( АКТ-ны қолдану, әр деңгейлі тапсырмалар, қосымшалар,әдістемелік нұсқаулықтар) барлық тақырыптар арқылы білімін кеңейтемін.

3. Жақсы көрсеткіштерге жеткізуге тырысамын

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности