link9840 link9841 link9842 link9843 link9844 link9845 link9846 link9847 link9848 link9849 link9850 link9851 link9852 link9853 link9854 link9855 link9856 link9857 link9858 link9859 link9860 link9861 link9862 link9863 link9864 link9865 link9866 link9867 link9868 link9869 link9870 link9871 link9872 link9873 link9874 link9875 link9876 link9877 link9878 link9879 link9880 link9881 link9882 link9883 link9884 link9885 link9886 link9887 link9888 link9889 link9890 link9891 link9892 link9893 link9894 link9895 link9896 link9897 link9898 link9899 link9900 link9901 link9902 link9903 link9904 link9905 link9906 link9907 link9908 link9909 link9910 link9911 link9912 link9913 link9914 link9915 link9916 link9917 link9918 link9919 link9920 link9921 link9922 link9923 link9924 link9925 link9926 link9927 link9928 link9929 link9930 link9931 link9932 link9933 link9934 link9935 link9936 link9937 link9938 link9939 link9940 link9941 link9942 link9943 link9944 link9945 link9946 link9947 link9948 link9949 link9950 link9951 link9952 link9953 link9954 link9955 link9956 link9957 link9958 link9959
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Бәйтерек- аңыз ағашы

Қазақстан,Петропавл қаласы
№7 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Қайнетова А.Т.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру;

оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

аккаунт war thunder.

3. Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.

Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, презентация.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, СТО элементтері

Пәнаралық байланыс:тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.

Астана қаласы қай жерде орналасқан?

Астана қаласы туралы не білесіңдер?

Астана қаласының мақтаныштарын атап өтіндер?

Астана қаласының төрінде орналасқан алып ғимарат не? (Бәйтерек)

Балалар, бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы — Бәйтерек — аңыз ағашы.

Жаңа сабақ.

Мұғалімнің сөзі:

Ата-бабаларымыз жапан далада жалғыз өскен ағашты киелі ағаш немесе әулие ағаш деп санаған. Оны кесуге, қандай да бір зақым келтіруге тыйым салған. Саясында ұзақ отырып демалып, ұйықтауға да болмайтынын ескерткен. Жалғыз өскен ағаштың жанында ұзақ болсаң, сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың деп жалғыздықтың нышанына балаған. Ал құла түздегі жайқалып өскен жалғыз ағаш пен шөлді мекендегі тырбиып өскен бұталарды қасиетті санап, жанында түнеп, шүберек байлайтын болған. Кейбіреулер ол маңда әулие жатыр деп ырымдап, мал сойып, тілеу тілеп те жатады.

Бәйтерекетің негізгі идеясы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ой-қиялынан туды. Президент осы алып ескерткіштің эскиз-нобайын бір түннің ішінде өзі ойлап шығарды. Оның айтуынша, монументтің негізгі идеясы бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

Бәйтеректің негізгі ұстыны Бейбітшілік дарағы болып есептеледі. Ежелгі түпкі ұғымында «бәйтерек» деген сөздің өзі «өмір ағашы» деген мағынаны білдіреді. Міне, осы жапырақ жайған алып ағашқа ертедегі ертегілерде кездесетін қасиетті құс — Самұрық айқара жазылған кең қанаттарымен айналасын тұтас жауып ұшып келеді. Ол өмірдің өзегін өркендетіп, үміттің үзірін үкілейтін алып алтын жұмыртқа — Күнді салу үшін Өмір ағашы — Бәйтерекке ұмтыла түскен.

Осы алып ағаштың тағы бір идеясы өлім мен өмірді теңестіретін дүниежүзілік мифтің мазмұнына негізделген. Қазақ мифологиясында ол космос ағашы ретінде қаралады. Бәйтерек үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде кеңінен көрсетіледі. Ел арасында адамның жаны киелі теректе сақталады деген ұғым ежелден қалыптасқан. Мифологияға зер салсақ, бәйтерек туралы аңыз әңгімелер өте көп. Солардың бірінде, басы аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан киелі теректің әрбір жапырағы жер жүзінде жасаған әр адамның өмір тіршілігінің нышаны, жер бетінде тіршілік еткен әрбір адам киелі теректің жапырағы жарылғанда өмірге келіп, жапырағы жайқалып өскенде есейіп, кемеліне келіп, жапырағы мезгілсіз сарғайса, қайғы-қасіретке тап болады, жапырағы солса

қартайып, жапырағы үзіліп, жерге түскенде, қазаға ұшырайды делінген. Осылай бәйтеректің жапырағына жан орналастырып, адамның өмір сүру кезеңдерімен үйлестіре бейнелейді.

Бәйтерек — үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде әспеттелінеді. Орта дүниені — адам, жоғарғы дүниені — қарақұс, төменгі дүниені — жылан-айдаһар көрсетеді. Қазақ ертегілерде кейіпкер жерасты әлеміне тап болады және ұзаққа созылған сапар кезінде үлкен ағашқа жолығады, ол жерде ағашқа өрмелеп бара жатқан жыланды өлтіріп, Самұрықтың балапандарын айдаһардан құтқарып қалады. Осы ерлігі үшін Алып Қарақұс кейіпкерді жер бетіне алып шығады.

Балалар енді осы сабағымызды қорытындылайық.

Сендер осы аңыздан не түсіндіндер?

Бұл аңыз сендерге қандай пікір қалдырды?

Қандай ой — түйінге келдіндер?

Балалар өз ойларын айтады.

Тапсырма: Бәйтеректің суретіне қарап сөйлем құрастыру

Сабақты бағалау Үйге тапсырма: тақырып бойынша шығарма жазу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности