Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Новоселовка ауылы
КММ Новоселов орта мектебі
Баяндама
Тақырыбы: «Оқушылардың ұлттық тәрбие берудің негізгі бағыт-бағдары…»
Дайындаған: Технология пәнінің мұғалімі
Сыздыков Аман Каиржанұлы
2014-2015 оқу жылы
Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы Бұл қазақстандықтардың қолынан толық келеді деп ойлаймын.
«Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. «Мәңгілік Ел» мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген ұғымы болып табылады. Бұл — Қазақ елін дамытуға бағытталған құндылықтардың негізі және мақсатқа жетудің басты жолы.
Мәңгілік Ел идеясы халқымыздың ғасырлар бойғы арманы ғана емес, Президентіміздің жетекшілігімен Қазақстанның дамуына негізделген идея.
Оқушылардың ұлттық тәрбие берудің негізгі бағыт-бағдары еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың Толық өркениеті ел болу үшін өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн". Ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтардың, рухани мәдени мұралардың сабактастығын сақтай отырып, ұлттық құңдылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеуге жан-жакты даярлау қажет. Бұл орайда оқушыларға ұлттык сана-сезімін қалыптастыру, туған халқына кұрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, тарихи мұраларды қастерлеуге тәрбиелеу, білім мен біліктерін шыңдау - басты міндет. Оқушыларды ұлттық кол өнер арқылы кәсіби шеберліктерін қалыптастырудың маңызды тұжырымдамалық бағыты болып, білім, ғылым, өнер, өндіріс және өнеркәсіптің байланысы саналады.
Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата дәстүрі халықтық өнер желісін үзбей, халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздерінің қарашағындай сақтап, ілгері дамытып өркендету - өнегелі іс. Адам өміріндегі қоғамдық салт-дәстүр, әдет-ғұрып қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына карай байып, мазмұны тереңдеп келе жаткан тәрбиелік мәні өте зор тағылым. Мұны ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілерінен көруге болады.
Оқушылардың кәсіби шеберліктерін жетілдіре отырып жаңа технологиялык әдістерді қолдану, жас ұрпаққа сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие . үрдісінде жоғары нәтижеге жету — біздің басты міндетіміз.
Қолөнер-ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен,тұрмысымен бірге дамып,ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларыңың иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарына жиі қолданған.Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің,әр халықтын тарихи дамыуына, тұрмысына,тарихи ерекшелігіне және эстетиқалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді.Сол қолөнердің бір түрі -Ағаш өндеу өнері .Ағаш бұйымдары ыңғайлы, пайдалануға тиімді, сонымен бірге ол тұрмыстық зат есебінде ғана емес, сән үшін де қолданылып, биік өнер дәрежесіне жеткізілген. “Алтынмен аптап, күміспен қаптап” дегендей, әр әулеттің жағдайына қарай зерлеп, әшекейлеп жасалған дүниені тұтынып келген. Ерте кездері бұл өнердің иесін ұста, он саусағынан өнер тамған шебер деп құрмет тұтқан. Қазіргі күні бұл кәсіп қолданбалы сәндік өнер деп айтылады.
Халқымыздың салт –дәстүрі , мәдениеті мен өнерінің қоры сарқылмас мол. Қазіргі заманымыздың жастары мен жеткіншектерінің осы мол қазынадан қол үзіп бара жатқанын жасыра алмаймыз .Осыған байланысты технология пәнінде қазақ халқының көне қол өнері мен оның ерекшелетері, кейбір ұмыт болып бара жатқан ұлттық бұйымдарды, қазақтың қол өнеріндегі қолданантың көне сайман, аспаптардың түрлері мен атаулары, оларды қолдану тәсілдері жайында мектеп оқушыларына ұлттық өнеріміз бен мәдениетіміз жайлы мағлумат берумен бірге, оларды арықарай еңбек сабағымда кеңейтіп, дамытуға қолдап жүрмін.
Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.
Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек.Сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқу үрдісін белсендіріп , дамыға оқыту идеясын іске асыруға, сабақтың қызықты өтуіне, оқушылардың өздерінің жұмыс атқару көмегін артырады.Microsoft Power Point, Paint бағдарламаларды пайдаланған кезде:
1.сабақтың көрнекілік дәрежесін көтереді.
2.сабақ үрдісін дамытады.
3.Жаңа сабақта уақытты үнемдеуге жол ашады.
Инновация –оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
- оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану
- сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т. б.
Технология пәнін оқытуда — еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз — Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы ұлттың ұлы бағдары. Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылу керек.
Қорытынды: Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарды көздеп отыр. Ал оқушыларымыз Омар Хайам айтқандай:
Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасам лапылдап,
Аспан қайдан ашылмақ дегендейін, -оқушыларымыз да заман ағымынан қалыспай, ұлттық құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болуымыз керек. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз "Мәңгілік ел" боламыз.