link2394 link2395 link2396 link2397 link2398 link2399 link2400 link2401 link2402 link2403 link2404 link2405 link2406 link2407 link2408 link2409 link2410 link2411 link2412 link2413 link2414 link2415 link2416 link2417 link2418 link2419 link2420 link2421 link2422 link2423 link2424 link2425 link2426 link2427 link2428 link2429 link2430 link2431 link2432 link2433 link2434 link2435 link2436 link2437 link2438 link2439 link2440 link2441 link2442 link2443 link2444 link2445 link2446 link2447 link2448 link2449 link2450 link2451 link2452 link2453 link2454 link2455 link2456 link2457 link2458 link2459 link2460 link2461 link2462 link2463 link2464 link2465 link2466 link2467 link2468 link2469 link2470 link2471 link2472 link2473 link2474 link2475 link2476 link2477 link2478 link2479 link2480 link2481 link2482 link2483 link2484 link2485 link2486 link2487 link2488 link2489 link2490 link2491 link2492 link2493 link2494 link2495 link2496 link2497 link2498 link2499 link2500 link2501 link2502 link2503 link2504 link2505 link2506 link2507 link2508 link2509 link2510 link2511 link2512 link2513 link2514 link2515 link2516 link2517 link2518 link2519
Жесупова Алмагүл Батрқанқызы
Должность:бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылы
Дүниетану "Пайдалы қазбалар"

Мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың еліміздегі, өз өлкеміздегі пайдалы қазбалар туралы және оларды өндіру жолдары мен пайдасы туралы білімдерін пысықтау.
Дамытушылық:Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтіп, ойларын тұжырымдай білуге дағдыландыру. Оқулықпен, интерактивті тақтамаен жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік:Қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарау, табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу. Жас ұрпақты қоғам талаптарына сай, ақпаратты технологияны меңгерген бәсекеге қабілетті, болашақ өмірге бейімдеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.
Қолданылатын жаңа технология: СТО жобасы
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: талдау-жинақтау, топтау, 5 жолды өлең, тест
Сабақты ұйымдастыру формасы: топтық
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: сызбалар, флипчарт, ТСО, карточкалар,ҚР картасы
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: компьютер, проектр, интерактивті тақта, маркерлер
Сабақтың құрлымы:
Ø Ұйымдастыру кезеңі .Психологиялық дайындық.
Ø Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білім, білік дағдыларын тексеру.
Ø Ой қозғау.
Ø Топқа бөлу.
Ø Мағынаны тану.
Ø Сергіту сәті. Сен білесің бе?
Ø Ой түйіндеу. Картамен жұмыс.
Ø Ой толғаныс.
Ø Сабақты қорыту.
Ø Үйге тапсырма.
Ø Бағалау.
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1,2 флипчарт
Психологиялық дайындық.
Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тарауды қайталау. Тест. 3,4,5 флипчарт
1.Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2
Ә)3
Б) 4
2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
А) тас көмір, мұнай, газ
Ә) мұнай, гранит, мыс
Б) газ, тас көмір, қорғасын
3.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?
А)газ
Ә)құм
Б)металл

4.Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?
А)Өскемен, Семей
Ә)Қарағанды, Екібастұз
Б)Маңғыстау, Атырау
5. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?
А)тас көмір, мұнай
Ә)қорғасын, алюминий
Б) мұнай, газ
6.Кенді пайдалы қазбаның мол шоғырланған жері қайда?
А) Шығыс Қазақстанда
Ә)Орталық Қазақстанда
Б)Солтүстік Қазақстанда
7.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?
А)тұз, фосфорит,әктас
Ә) мұнай, гранит, тұз
Б) фосфорит, газ, металл
8. Еліміздегі ең ірі темір кен орны:
А)Кентау
Ә)Соколов-Сарыбай
Б)Өскемен
9. Кен орны деп нені айтады?
А)пайдалы қазбалардың шоғырланған жері
Ә)пайдалы қазбаларды өндіру әдістері
Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер
10. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?
А) фосфорит, мәрмәр
Ә) бензин, газ, жанармай
Б)жанғыш газ, әктас
Дұрыс жауабымен салыстыр және бағала.Оқушылар өздерін бағалайды.
1. Ә 6.Ә 1 қате — “5”
2. А 7.А 2 қате — “4”
3. Б 8.Ә 3 қате — “3”
4. Ә 9.А 4 қате — “2”
5. Б 10.Ә
ІІІ. Ой қозғау. Жұмбақ жасыру. 6 флипчарт
Қызуын аямайды,
Көлікке азық жасайды. /Мұнай/
Қара түсті, отын,
Жанады жарқын. /Көмір/
Мөлдір, әрі түссіз,
Өзі табиғи отын. /Газ/
-Балалар, жұмбақтың шешулері не болды? Олар неге жатады?/Пайдалы қазбалар/
-Ендеше біз бүгін сендермен пайдалы қазбалар тарауынан алған білімдерімізді қайталаймыз. Ол үшін алдымен топқа бөлінеміз!
Үстелде жатқан пайдалы қазбалардың шарттарын/ темір, табиғи газ, мәрмәр / бір-бірден алып үш топ құрады:
І топ: Кенді пайдалы қазбалар. 7,8 флипчарт
ІІ топ: Жанғыш пайдалы қазбалар.
ІІІ топ: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
ІҮ. Мағынаны тану: 9 флипчарт
1.Топтау әдісі арқылы пайдалы қазбалар туралы жазады. Флипчартта орындау.
2. Кестені толтыру:10 флипчарт
Пайдалы қазбаның аты Түсі Қасиеті Қайда қолданылады
Ү. Сергіту сәті: «Сен білесің бе?» 11,12 флипчарт
Флипчартта Тәуелсіздік стелласын құрастырып, оның қандай пайдалы қазбалардын жасалғанын білу.
Ол туралы қысқаша мәлімет беріп, Тәуелсіздіктің 20-жылдығымен байланыстыру: Тәуелсіздік стелласы 2006 жылы орнатылған. Стелла төрт жағынан тұлпарлармен және төбесінде күн астындағы қыранмен декарацияланған. Қазақ халқында тұлпар - дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне.
Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық, көрегендіктің бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
ҮІ. Ой түйіндеу: Картамен жұмыс. 13,14,15 флипчарт
Әр топ өзінің атына сәйкес пайдалы қазбаларды кескін картаға түсіреді. Флипчартта орындау.
ҮІІ. Ой толғаныс: «Егер мен қоршаған ортаны қорғау министрі болсам,........»
ҮІІІ. Сабақты қорыту: 17 флипчарт
-Сабақта не өттік?
-Сабақ ұнады ма? Несімен?
ІХ. Үйге тапсырма: 18 флипчарт
Күнделікті ашайық.
Тапсырманы тізіп жазайық.
Тараудан алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық.
-« Пайдалы қазбаға» 5 жолды өлең құрастыру.
Х. Бағалау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности