link4080 link4081 link4082 link4083 link4084 link4085 link4086 link4087 link4088 link4089 link4090 link4091 link4092 link4093 link4094 link4095 link4096 link4097 link4098 link4099 link4100 link4101 link4102 link4103 link4104 link4105 link4106 link4107 link4108 link4109 link4110 link4111 link4112 link4113 link4114 link4115 link4116 link4117 link4118 link4119 link4120 link4121 link4122 link4123 link4124 link4125 link4126 link4127 link4128 link4129 link4130 link4131 link4132 link4133 link4134 link4135 link4136 link4137 link4138 link4139 link4140 link4141 link4142 link4143 link4144 link4145 link4146 link4147 link4148 link4149 link4150 link4151 link4152 link4153 link4154 link4155 link4156 link4157 link4158 link4159 link4160 link4161 link4162 link4163 link4164 link4165 link4166 link4167 link4168 link4169 link4170 link4171 link4172 link4173 link4174 link4175 link4176 link4177 link4178 link4179 link4180 link4181 link4182 link4183 link4184 link4185 link4186 link4187 link4188 link4189 link4190 link4191 link4192 link4193 link4194 link4195 link4196 link4197 link4198 link4199
Раисов Бекжан Сергазинович
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин. Ақсақ киік (өлең)

Шығыс Қазақстан облысы

Аягөз қаласы

«№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Мадымов Жанғали Мырзағалиұлы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин. Ақсақ киік (өлең)

Сабақтың тегі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік. С.Сейфуллиннің ақындық қуаты. Өлең-көркем өнер туындысы. Мазмұндық-композициялық құрылымы. Көркем бейнелер киік, Бетпақдала, ақынның өз тұлғасы, ақын көтерген проблема. Жаңа ұғымдар, атаулар шөп атаулары, Бетпақдаладағы тіршілік, өлеңнің идеялық мәні экологиялық, географиялық, эстетикалық, поэзиялық таным.

ә)тәрбиелік. Сұлулықты көре білуге, бағалай білуге, сұлулық сезіміне баулу, сүйсіну, жек көру, аяныш сезімдерін тану, сезіну.

б) дамытушылық. Бақылағанды пайымдау, оған эстетикалық баға беру, жаңа көркем бейнемен түйіндеу.

Сабақтың әдістері мен тәсілдері: дамыта оқыту топтық және жекелей оқыту түрлері, мәнерлеп оқу, проблемалық түйін тудыру, әңгіме.

Сабақтың жабдығы: С.Сейфуллин шығармашылығының 2-томы, Ж.Сейіловтың «Жез киік» әнінің жазбасы. Құрманғазының Ақсақ киік күйінің табағы, осы сабақта қажет болатын эстетикалық сұлулық-таным плакаттары т.б.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

(Сәлемдесемін, Оқушыларды тізім бойынша түгендеу бағаланатын карточка беру, классты төрт топқа бөлу)

-Қане балалар, бері қ араңдаршы!?

Қазір сендерге арнап Ж.Сейловтың «Жез киік» әнін тындаймыз. Әнді тыңдаған кезде мазмұнына мұқият болыңдар.(ән тыңдалады…)

-Жақсы бұл ән не жайында айтылады?

(дұрыс, киік жайында екен)

-Ендеше балалар бүгіңгі өтетін жаңа тақырып «Ақсақ киік» өлеңі

-Келесі сұрақ әнін де, сөзінде жазған адамды қалай атайды?

(Дұрыс композитор дейді)

-Ендеше балалар, жаңа тақырып «Ақсақ киік» өлеңі, авторы Сәкен Сейфуллин.

(Тақтаға жазамын)

-Қазір бізде дайындап келген оқушының шағын рефератын тыңдайық (тақырыбы С.Сейфуллин өмірбаяны 1894-1938)

-Енді оқулығымыз бойынша(білемін, -білмеймін, +жаңа ақпарат, -? Мені таң қалдырған) жұмыс жасайықшы.

-Ал, Айнұр дауыстап оқып жіберші. Қалғанымыз қолға қарындаш алып жұмыс жасайықшы.

-Жақсы кім айтып жіберем дейді өлең не жайында және қандай жерді айтып тұр екен? (Киік, Бетпақдала…)

-Қазір келесі рефератты тыңдайық. (Арайлым оқиды)

-Табиғатта қандай жерлер болады?

(Орманды дала, шөл, шөлейттаулы жерлер)

-Бетпақдала осының қайсысына жатады? (Шөл, шөлейт)

-Осы шөлді жерлерді мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?

-Қазір осыған дайындалып келген бір-екі оқушыларды тыңдайық.

Енді мына сөздерге түсінік беріп өтейік . Тақтаға ЕЛ-ЖАЙЛАУ, СЕГІЗ КӨШТІК, БАЯЛҒЫШ, ҚОС, БЕТЕГЕ, ТАҢЫ, БӨКЕН, БЕТПАҚДАЛА сөздері ілінеді.

(Ауызша түсінік беріп, дәптерге жазылады)

Қызығушылығын арттыратын тапсырмалар.

1- топ: Оқулықтан Бетбақдала сөзіне сипаттама оқиды.

2- топ: Параққа Бетбақдала сөзін топтап жазады

3- топ: Оқулықтан киік сөзіне сипаттама оқиды.

4- топ: Параққа киік сөзін топтап жазады.

Енді мына сұраққа әр топ атсалысуы керек.

-Киіктің сұлу әрі мүскін халін, адам сезімін ақын қандай бейнелі сөзбен жеткізген?

-Киік пен мерген сөзіне нақты жауап айтыңдаршы?

Сабақты бекіту: Қазір мына плакат бойынша бүгінгі өткен жаңа тақырып пен алдыңғы үй тапсырмасын еске түсіріп нақты жауап айтыңдаршы?

Ж.Жабаев, С.Сейфулин айырмасы ұқсастығы

1.Туған елі әр обылыста ҚАЗАҚСТАН

2. Нақтылы туған жері Қарағанды обл. ҚАЗАҚСТАН

Жамбыл обл.

3. Білімі Ж.Жабаев суырып салма ақын Сауат ашқан

С.Сейфуллин арнайы оқыған.

4.Шығармалар тақырыбы: Ж.Жабаев отаншылдыққа, халыққа, ерлікке, елдікке, еңбек етуге шақырған.

С. Сейфуллин сұлулықты, адалдыққа араласқан жырлаған ақындар.

5. Кім деп танимыз: С.Сейфуллин-лирик ақын ақын

Ж.Жабаев-патриот ақын Қазақ әдебиетінің ірі тұлғалары

Қорытынды:-Міне, бүгіңгі өткен тақырып сезімтал, аяулы болуды меңзейді.

а) үйге өлең мазмұнын толық айтуға дайындалу, сөздік дәптеріне жазғандарды оқу, автор қарастыру.

ә) бағалау жүйесі бойынша карточканы жинап беріңдер.

-Сабақ аяқталды, боссыңдар!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности