link11232 link11233 link11234 link11235 link11236 link11237 link11238 link11239 link11240 link11241 link11242 link11243 link11244 link11245 link11246 link11247 link11248 link11249 link11250 link11251 link11252 link11253 link11254 link11255 link11256 link11257 link11258 link11259 link11260 link11261 link11262 link11263 link11264 link11265 link11266 link11267 link11268 link11269 link11270 link11271 link11272 link11273 link11274 link11275 link11276 link11277 link11278 link11279 link11280 link11281 link11282 link11283 link11284 link11285 link11286 link11287 link11288 link11289 link11290 link11291 link11292 link11293 link11294 link11295 link11296 link11297 link11298 link11299 link11300 link11301 link11302 link11303 link11304 link11305 link11306 link11307 link11308 link11309 link11310 link11311 link11312 link11313 link11314 link11315 link11316 link11317 link11318 link11319 link11320 link11321 link11322 link11323 link11324 link11325 link11326 link11327 link11328 link11329 link11330 link11331 link11332 link11333 link11334 link11335 link11336 link11337 link11338 link11339 link11340 link11341 link11342 link11343 link11344 link11345 link11346 link11347 link11348 link11349 link11350 link11351 link11352 link11353 link11354 link11355 link11356 link11357 link11358 link11359 link11360 link11361 link11362 link11363 link11364 link11365 link11366 link11367 link11368 link11369 link11370 link11371 link11372 link11373 link11374 link11375
Серикова Карлыга Ергешовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Бүгінгі жас ұрпақ — келер күннің егелері

Серикова Карлыга Ергешовна

ОҚО, Сайрам ауданы,

Ақбай ауылы, №28 Ақбай жалпы орта мектебі.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және

директордың ғылыми-әдістемелік

жөніндегі орынбасары

Бүгінгі жас ұрпақ — келер күннің егелері

Бала - өміріміздің мәні, болашақтың сәні. Бүгінгі жас ұрпақ — келер күннің егелері. Сондықтан, бала тәрбиесі - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- дегенін барлығымыз білеміз. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам — мұғалім. Ал мектептегі мұғалім кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман баланы қалай тәрбиелейді? Теориялық білімін практика жүзінде іске асыра ала ма?- деген сұрақтар ата-аналарды мазалайды. Бірақ мектептерде жас мамандарға тәжірибелі тәлімгер ұстаздар көмекке келеді. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуде ата- аналар жиналысы мен тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, өзара сабаққа қатысу, семинар, тренингтердің рөлі өте зор. Сонымен қатар жас мамандарға психологиялық қолдау да қажет. Педагог этикасы, педагогикалық такт, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, тренинг өткізу. Мектеп құжаттарын толтыруды, құжаттармен жұмыс жасауды меңгеру.Оқушылардың жеке құжаттарын толтыру. Ата- аналармен танысу жиналысы, сауалнамалар толтыру уақытылы жүргізілу тиіс. Ата−аналармен қарым-қатынас жасау,оларға бала оқытудың қазіргі кездегі талаптары мен қиыншылықтары туралы мағлұмат беру, бала психологиясына көңіл бөлу т.с.с. кеңестер берілу.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер- бүгінгі мектеп оқушыларын мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» - деген болатын.

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Міне, осындай міндеттерді алға тарта отырып жас мамандарға көмек:

1. Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.

2. Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.

3. Өзіңіздің білім қорыңызды қызықты тарихи оқиғалармен, ертегілермен, жануарлар әлемінен, табиғаттан және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.

4. Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл мұғалім ешқашан қабақ шытпасын деген сөз емес. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.

5. Әрқашан сабаққа қосымша артық ойын түрі болсын. Олар бастаған сабақтың барысын өзгертуге немесе оны жоспардан тыс өткізуге тура келген жағдайда қолдану үшін қажет. Сабаққа «запасымен» әзірленіңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайдаланылмай қалғаны жақсы.

6. Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.

7. Әділеттілік «кодексін» сақтауға тырысыңыз. Жасөспірімдер әділетсіздік көріністеріне тым шамшыл келеді.

Мұғалім болу- үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндері білім тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттері білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық қуаныш бар ма?
Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында» деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.

Мұғаліміне қойылатын талаптар:

Біріншіден, мұғалім жеке көқарасы бар және қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Осындай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар- ожданың үнемі қорғай алады.

Екіншіден, мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ берсе де, ол баланың өмірінің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге дайын болуы керек.

Әр мұғалімнің педагогикалық басты заңдылық. «Адам өзінің шаруашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым — қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді. Көп білу үшін көп оқып, тоқу керек. «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.

Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандарты оқулықтарды пайдалану, ақпараттарды көбейту, т.т. мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысының өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан- жақты даму үшін балаға осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.

Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттерімен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп- салдарын анықтай білуге де шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.

Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси- идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып. Ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлға айналуы керек.

Қорытындылай келе тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне мықты көңіл бөлетін - мұғалім.

Әрбір ұстаз ұлттық құндылықтарды, яғни этнопедагогика мен этнопсихология негіздерін меңгеріп, өз ісінде инновациялық әдістерді пайдалануы қажет. Сонда ғана ұстаз деген ұлағатты атқа лайық бола аламыз.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности