link7308 link7309 link7310 link7311 link7312 link7313 link7314 link7315 link7316 link7317 link7318 link7319 link7320 link7321 link7322 link7323 link7324 link7325 link7326 link7327 link7328 link7329 link7330 link7331 link7332 link7333 link7334 link7335 link7336 link7337 link7338 link7339 link7340 link7341 link7342 link7343 link7344 link7345 link7346 link7347 link7348 link7349 link7350 link7351 link7352 link7353 link7354 link7355 link7356 link7357 link7358 link7359 link7360 link7361 link7362 link7363 link7364 link7365 link7366 link7367 link7368 link7369 link7370 link7371 link7372 link7373 link7374 link7375 link7376 link7377 link7378 link7379 link7380 link7381 link7382 link7383 link7384 link7385 link7386 link7387 link7388 link7389 link7390 link7391 link7392 link7393 link7394 link7395 link7396 link7397 link7398 link7399 link7400 link7401 link7402 link7403 link7404 link7405 link7406 link7407 link7408 link7409 link7410 link7411 link7412 link7413 link7414 link7415 link7416 link7417 link7418 link7419 link7420 link7421 link7422 link7423 link7424 link7425 link7426 link7427 link7428 link7429 link7430 link7431 link7432 link7433
Азиева Айгул Жолболсынқызы
Должность:Заместитель директора по учебной части
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Атырауская область, город Атырау, мкр.Жулдыз 3/73
"Мақал-мәтелдер" тақырыбындағы ашық сабақ

Сыныбы: 5 «б»

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: халықтың рухани қазынасы, ғасырлар шежіресі, халық тарихы мен тіршілігі, ақыл-өнегесінен көрініс тапқан мақал-мәтелдер туралы оқушылардың білім-білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен талдау машықтарын қалыптастыру.

ә) дамытушылығы: ойлау қабілеттерін, тапнымдық ізденістері мен сөйлеу мәдениетін және өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасау белсенділіктерін дамыту.

б) тәрбиелілігі: атадан қалған асыл мұрамызды орынды пайдалана білуге, ұшқыр да, ойлы сөйлеуге, ұлтжандылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: іздендіру, түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО элементтері

Пәнаралық байланыс: әдебиет, ағылшын, өзін-өзі тану, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызбалар, үлестірмелі парақшалар

Техникалық құралдар: интерактивті тақта

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

«Әрқашан күн сөнбесін!»

(Баяу әуен ойналып тұрады, күн нұры туралы мәтін оқылады да, күн парақшасы оқушыларға табыс етіледі)

- Менің сендерге тілерім — жарқыраған күн сендердің жандарыңды жылытсын және сендер күн шуағындай адамдарға мейірімді, қайырымды болыңдар. Сендердің шашқан шуақтарың қонақтардың жанын жылытсын!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1) 122-жаттығу

2) Сұрақ-жауап

Мұғалімнің бөлімді қорыту сөзі.

- Бәрекелді, балалар! Үй тапсырмасын толығымен орындап келдіңдер.

ІІІ. «Жұмбақ сағат»

ы

ұ

ө

о

л

м

қ

а

м

і

б

у

ғ

ғ

і

р

м

б

а

ы

л

і

р

і

л

ы

б

і

ш

- Ал, енді балалар, бұл сағатта берілген қандай сөйлем екенін табайық. Ол үшін «о» әрпінен бастап екі әріптен қалдыра отырып, айналдыра оқимыз. Сонда ғана жауабын ала аламыз.

- Жауабы: «Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы»

- Балалар, осы мақалды сабағымыздың ұраны етіп алсақ, жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:

ІҮ. Жаңа сабақ. «Мақал-мәтелдер»

1. Ой қозғау.

- Балалар, мақал –мәтел ұғымы сендерге ана тілі мен әдебиет сабағынан жақсы таныс. Олай болса, ой қоржындарыңызды ашып, өздеріңе таныс «Еркін жазу» стратегиясы бойынша мақал-мәтелдер туралыф ойларыңа не келеді, топтастырып көріңдер.

-

Халық даналығы

- Асыл сөз

- Ата-баба өсиеті

- Тақырыбы әртүрлі болады

- Ауыз әдебиетінің бір түрі

- Көп нәрсені ұғындырады

- Жарайсыңдар, балалар, ана тілі мен әдебиет сабағынан бұл тақырыпты жақсы меңгергендерің көрініп тұр. Дұрыс айтасыңдар, мақал-мәтелдер халық даналығңының айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Өмір шындығының көрініс, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Мақал-мәтелді әр адам өзінің айтайын деген ойымен орайластырып пайдаланса, сөзі көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. «Мақал-сөз атасы» деп халқымыз тегін айтпаған.

- Халық даналығының айнасы

- Халықтың ұрпағына өсиеті

- Асыл сөз қазынасы

- Өмір сүру ережесі

«… халық тілінің байлығын игеру — зор талғам, парасатты тілейтін жұмыс»

Ғабит Мүсірепов

- Иә, балалар, жұмыс жасап, еңбек еткен адам ғана өз арманына қол жеткізеді. Біздерде бүгін бір үлкен белесті бағындыруымыз керек, ол үшін көп жұмыстанамыз. Олай болса, іске кірісейік!

«Ізденген жетер мұратқа»

Мақал-мәтелдер

Сұрақтар

Болжамдар

«Еңбек түбі — береке»

Құрамындағы сөздердің орны қандай?

Сөздердің орны тұрақты

«Ердің атын еңбек шығарады»

Мағына мөлшері қаншалықты?

Аз сөзбен көп мағына береді

«Біреуге ор қазбьа, өзің түсерсің»

Қандай ақыл-өсиет айтылған?

Ешкімге, ешқашан қиянат жасамау

2. Жаңа білімді меңгерту.

- Сонымен, балалар, кестемен жұмыс жасай отырып, мақал-мәтелдердің негізгі белгілерін анықтадыңдар деп ойлаймын. Қане, айтып көріңдер!

Мақал-мәтелдердің негізгі белгілері:

- Қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады.

- Белгілі бір тұжырым, түйінді береді.

- Өсиет-өнеге айтылып, адамгершілікке үндейді.

- Аз сөзбен көп мағына береді.

Қорыта отырып, ерекшеліктеріне көшу: балалар, енді тақтаға назар аударайық.

Мақал

Мәтел

Әке — асқар тау, шеше — қайнар бұлақ, бала — жағасындағы құрақ.

Аузы күйген үріп ішер.

Құрылысы жағынан екі-үш бөлімді

Көбіне бір бөлімдлі болып келеді

Бидайдың кеудесін көтергені — дақылының жоқтығы,

Жігіттің кеудесін көтергені — ақылының жоқтығы.

Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности