link504 link505 link506 link507 link508 link509 link510 link511 link512 link513 link514 link515 link516 link517 link518 link519 link520 link521 link522 link523 link524 link525 link526 link527 link528 link529 link530 link531 link532 link533 link534 link535 link536 link537 link538 link539 link540 link541 link542 link543 link544 link545 link546 link547 link548 link549 link550 link551 link552 link553 link554 link555 link556 link557 link558 link559 link560 link561 link562 link563 link564 link565 link566 link567 link568 link569 link570 link571 link572 link573 link574 link575 link576 link577 link578 link579 link580 link581 link582 link583 link584 link585 link586 link587 link588 link589 link590 link591 link592 link593 link594 link595 link596 link597 link598 link599 link600 link601 link602 link603 link604 link605 link606 link607 link608 link609 link610 link611 link612 link613 link614 link615 link616 link617 link618 link619 link620 link621 link622 link623 link624 link625 link626 link627 link628 link629
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Газ заңдары

Қазақстан Республикасы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы,Жетісай қаласы
"№122 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Физика пәні мұғалімі
Абдукадирова Улжан

Сабақтың мақсаты: Газ заңдары туралы жан-жақты білім бере отырып,оқушылардың ой-өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, жылдам қимылға ұшқыр ойлауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: физикалық диктант, көршіңді тексер, логикалық сұрақтар, графикалық жұмыс, есептер шығару, физикалық сауаттылық

Сабақтың көрнекілікттері:АКТ, үлестірмелі материалдар, насос, қыздыру шамы, шприц

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

Физикалық диктант:

1. Молекулалар шоғыры

2. Зат мөлшері

3. Заттың мольдік массасы

4. МКТ-ның негізгі теңдеуі

5. Менделеев-Клапейрон теңдеуі

Физикалық диктантты тексеру:

“Көршіңді тексер” әдісімен тест жұмысын орындау.

І топтың ІІ топқа дайындаған тест сұрақтары

1. Реомюр шкаласы бойынша судың қайнау температурасы:
А) 80 Р
В) 1000 Р
С) 60 Р
Д) 75 Р
2. Дені сау адамның температурасы 36 С, Кельвин шкаласында бұл температура:
А) 273 К
В) 320 К
С) 309 К
Д) 310 К
3. Тұрақты көлемі мен пішіні болмайтын күй:
А) сұйық пен газ
В) тек газ
С) тек сұйық
Д) тек қатты дене
4. Қалыпты жағдайда кез-келген газдың қысым, көлем, температурасы қанша?
А) қысым 103Па,көлем 22.4 л , температура 278 К
В) қысым 104 Па,көлем 21.4 л , температура 273 К
С) қысым 106 Па, көлем 22.5 л , температура 275 К
Д) қысым 105 Па, көлем 22.4 л , температура 273 К
5. Больцман тұрақтысы:
А) 1.38*1023Дж/К
В) 1.38*10-23Дж/К
С) 1.38*10-22Дж/К
Д) 1.38*1022дж/К
ІІ топтың І топқа дайындаған тест сұрқтары

1. Қатты денелерге тән қасиеттер:
1) Берілген көлемді толтырады
2) Белгілі пішіні болады
3) Көлемін сақтайды
4) Оңай сығылады
А) 1 және 3
В) 2 және 3
С) 2 және 4
Д) 3 және 4
2. Универсал газ тұрақтысының мәні?
А) 8.31 Дж/К*моль
В) 88.33 Дж/К*моль
С) 8.13 Дж/К*моль
Д) 3.18 Дж/К*моль
3. Кельвин температуралық шкаласы бойнша 0оС нешеге тең?
А) 173 К
В) 373 К
С) 274 К
Д) 273 К
4. Броундық қозғалыс:
А) Зат атомдарының ретсіз (хаостық) қозғалысы
В) Биологиялық қозғалыстар
С) Сұйықта (ерітіндіде) жүзген бөлшектердің ретсіз қозғалысы
Д) Химиялық реакция
5. Екі дене жылулық тепе-теңдік болмау үшін қандай физикалық параметрлері әр түрлі болуы керек?
А) Қысымдары
В) Молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы
С) Температуралары
Д) Денелердің көлемі
Е) Денелердің массалары

Бізді қызықтыратын сұрақтар:

1. Егерде молекулалардың арасындағы тартылыс күштері кенеттен жоқ болып кетсе, ыдыстағы газдың қысымы қалай өзгерер еді?

2. Температурасы мен қысымы бірдей болғанда қайсысы ауыр болады: құрғақ ауа ма, әлде ылғал ауа ма?

3. Ылғал ағашты жаққанда сытырлаған дыбыс шығады. Мұның себебі неде?

Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Жаңа материалды меңгерту:

Газдардағы изопроцестер

Газдың берілген массасы үшін қандайда бір термопараметрдің тұрақты болып қалатын процестерді изопроцестер д.а.

Келесі изопроцестерді қарастырайық:

Процестер

Изотермалық

процесс

Изобаралық

процесс

Изохоралық

процесс

Тұрақты шама

T = const

p = const

V = const


Изотермалық процесс -температурасы тұрақты, ал қысым мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесс.

Газ күйінің теңдеуіненpV = m/M·RT шығатын нәтиже:

T = const кезінде газдың берілген массасы үшінpV = const (Бойль — Мариотт заңы).

Р. Бойль Э Мариотт

T = const, онда V↓ p↑, немесе керісінше V↑ p↓

Изобаралық процесс -қысымы тұрақты, ал температура мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесс.

Газ күйінің теңдеуінен pV = m/M·RT шығатын нәтиже:

р = const кезінде газдың берілген массасы үшін V/Т = const ( Гей-Люссак заңы).

Ж. Гей-Люссак р = const кезінде Т↓ V↓, керісінше T↑ V↑

Изохоралық процесс -көлемі тұрақты, ал температура мен қысым өзгеретін термодинамикалық процесс.

Газ күйінің теңдеуіненpV = m/M·RT шығатын нәтиже:

V = const кезінде газдың берілген массасы үшін p/Т = const (Шарль заңы).

Ж. Шарль

V = const кезінде Т↓ p↓, керісінше T↑ p↑

P1V1 = P2V2

Ғалымдардың ағылшын тілінде өмір баяны:

1-оқушы: Edme Marriotte- lived in 1620-1684 he is French physicist, one the founders and the first member of the Academy of Sciences in Paris

Robert Boyle student of Zhonevskom University Robert Gook studied Robert Boyle.

2-оқушы: Joseph Louis Gray Lusac-lived in 1778-1850 Saint-leonard-de-Nobbat,in Paris.He was a French chemist and physicist. In 1809 he become professor of chemistry.From 1808 to 1832, he was a professor of physics at the Sorbonne.

3-оқушы Jack Sharl (1746-1823) Franch physicist, is matematician,inventor, self-educated.

Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

Графикалық жұмыс

1-2: изобаралық ұлғаю2-3: изотермиялық сығылу3-1: изохоралық суыту

р, Т осінде V, Т осінде

процестерді салыңдар

1-2: изохоралық қыздыру 1-2: изобаралық қыздыру

2-3: изотермалық ұлғаю 2-3: изотермалық сығылу

3-1: изобаралық суыту 3-1: изохоралық суыту

Есептер шығару

  1. 270 С температурадағы көлемі 6 л газдың, 1270 С температурада көлемі қандай болады? (8 л)
  2. Газды қысқанды оның көлемі 15-тен 10 л-ге дейін азайды, ал қысым 55 кПа-ға көтерілді. Бастапқы қысымды анықтаңыз. (110кПа)
  3. Т0 температурада идеал газ қысымы Р0 болды. Тұрақты массада және тұрақты көлемде газ температурасын 25%-ке төмендетті. Газ қысымы қалай өзгереді?
  4. -230 С-дегі жабық ыдыс ішіндегі газдың қысымы 15 кПа. 1270 С-де қысым қандай болады? (24 кПа)
  5. Жұмыс істемей тұрған күйде, 770 С температурада газ толтырылған электр шамының колбасындағы газ қысымы 70 кПа-ға тең. Егер жұмыстық режимде шамдағы қысым 60 кПа-ға дейін артатын болса, жанып тұрған шамдағы газ температурасы қандай болар еді?(300 К)

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың жаңа тақырып бойынша функционалды сауаттылығын тексеру.

1-топ шприцте орындалатын Гей-Люссак заңын түсіндіреді (изобаралық процесс)

2-топ қыздыру шамында орындалатын Шарль заңын түсіндіреді (изохоралық процесс)

3-топ насоста орындалатын Бойль-Мариотт заңын түсіндіреді (изотермалық процесс)

Бағалау

Физикалық диктант 0-5 ұпай

Көршіңді тексер 0-5 ұпай

Қызықты сұрақтар 0-3 ұпай

Графикалық жұмыс 0-3 ұпай

Есептер шығару 0-6

Физикалық сауаттылық 0-3 ұпай

Жиынтық ұпай 25

25-21 ұпай «5»

20-15 ұпай «4»

9-14 ұпай «3»

0-8 ұпай «2»

Кері байланыс

Үй жұмысы: §4.8, 9-жаттығу(1,2,3,5,8,9)

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности