link3024 link3025 link3026 link3027 link3028 link3029 link3030 link3031 link3032 link3033 link3034 link3035 link3036 link3037 link3038 link3039 link3040 link3041 link3042 link3043 link3044 link3045 link3046 link3047 link3048 link3049 link3050 link3051 link3052 link3053 link3054 link3055 link3056 link3057 link3058 link3059 link3060 link3061 link3062 link3063 link3064 link3065 link3066 link3067 link3068 link3069 link3070 link3071 link3072 link3073 link3074 link3075 link3076 link3077 link3078 link3079 link3080 link3081 link3082 link3083 link3084 link3085 link3086 link3087 link3088 link3089 link3090 link3091 link3092 link3093 link3094 link3095 link3096 link3097 link3098 link3099 link3100 link3101 link3102 link3103 link3104 link3105 link3106 link3107 link3108 link3109 link3110 link3111 link3112 link3113 link3114 link3115 link3116 link3117 link3118 link3119 link3120 link3121 link3122 link3123 link3124 link3125 link3126 link3127 link3128 link3129 link3130 link3131 link3132 link3133 link3134 link3135 link3136 link3137 link3138 link3139 link3140 link3141 link3142 link3143 link3144 link3145 link3146 link3147 link3148 link3149
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Урок истории Казахстана на тему «Тәуекел хан»

Жауымбева Айнур, учитель истории Казахстана и всемирной истории

в Атырауской областной национальной гимназии для одаренных детей в г.Атырау,

Атырауской области, Казахстан

Мақсаты

Білімділік: Отан тарихынан сүбелі орын алар тарихи тұлғалардың бірі Тәуекел ханның 16

жыл ел тізгінін ұстаған уақытындағы Қазақ ордасының ішкі-сыртқы

саясатындағы рөлін түсіндіру ;

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып,

қорытынды жасау қабілеттерін, өзекті мәселелерді өз беттерінше ізденуге,

сараптама жасауға, қосымша дерек көздерін пайдалану арқылы білімдерін

дамытуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тәуекел ханның тағлымы мол тарихи тұлғасы арқылы ұлтжандылыққа,

отансүйгіштікке, адамгершілікке, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже

Оқушылар өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Интерактивті, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, тірек-сызба, СТО

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, карта

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Түгендеу

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушылар амандасады, сабаққа зейіндерін аударады.

Үй тапсырмасын сұрау

І. Ой қозғау (нені білеміз?)

Мұғалім сөзі

  1. Көрініс: «Қасым ханның өсиеті»
  2. Карточкалық сұрақтар
  3. Тарихи сынақ хат
  4. Тікелей эфир (Тарих шындығы бағдарламасы)
  5. Математикалық ойын

1. 728*2+9= (Әбілхайыр хан қайтыс болды )

2. (324+43)*4= (Қазақ хандығының құрылуы )

3. 342*4+143= (Хақназар хан қайтыс болды )

4. 299*5+23= ( Қасым хан қайтыс болды )

5. (844*2)-150= (Ташкент маңы билеушісі Баба

сұлтан мен өзбек ханы

Абдаллахтың билікке таласының басталуы )

6. 6633:33+1379= (Қасым ханның билікке отырған жылы)

7. 779*2-11+32= (Хақназар ханның таққа отырған жылы )

  1. Үй тапсырмасын қорытындылау

Оқушылар үйге берілген тақырыптың мазмұнын айту, жазбаша тапсырмаларды мұғалімге тексерту

Жаңа сабақ

Жоспары:

1. Тәуекелге дейінгі қазақ хандығы

2. Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығының сыртқы саясаты

- қазақ-өзбек қатынастары

- орыс мемлекетімен қарым-қатынасы

Жаңа тақырып бойынша оқушыларға мәлімет беру

ІІ. Іздену (нені білгіміз келеді?)

Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар:

Ой қозғау:

- Қазақ хандарының тарихы 1465 — 1847 жылдар аралығын қамтиды. Тәуекел ханға дейінгі қазақ хандарының қазақ тарихындағы қызметіне қалай баға бересіңдер?

«Сиқырлы торша» ойыны (10, 20, 30, 40)

«Тұлғаларды таны».

  • Қазақ сұлтандарына өз жерінен жер беріп, олардан өз ағасына қарсы және ойраттарға қарсы күреске пайдаланбақшы болған монғол ханы? (Есен-Бұға)
  • Қазақ сұлтандары бөлініп шыққан көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі. (Әбілқайыр)
  • Ақ Орданың соңғы ханы, Қазақ хандығын құрушылардың бірінің әкесі. (Барақ)
  • Қазақ хандығының құрылуы туралы жазып қалдырған орта ғасырлық тарихшы. (Мұхаммед Хайдар Дулати)
  • Қазақ хандарымен Сыр бойындағы қалалар үшін 30 астам соғысқан Әбілқайыр ханның немересі. (Мұхамед Шайбани)

Оқиғаларды сәйкестендіру

1580-1582жж Шығай ханның билігі

1583ж Ант беріскен шартты бұзды

20 күн қоршау Бұхара қаласы

1582 ж маусым Баба сұлтанды талқандау

1582-1598жж Тәуекелдің билігі

1598 ж жазы Мәуреннахрға жорық

1595 ж Мәскеуден елші В. Степанов келді

1598ж Көшім Орта Азияға қашып кетті

Оқушылар Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық ахуалымен, шапқыншылық жорықтарымен танысады.

Мұғалімнің кесте, тірек-сызба арқылы түсіндірілген тақтадағы материалдарды мұқият сынып жұмыс дәптерлеріне жазып отыру.

Жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмалар

ІІІ. Ой қорыту (нені білдік?)

Жаңа тақырып бойынша интерактивті тапсырма:

Тәуекел тұсында 1594 жылы Мәскеуге Құлмұхаммед бастаған тұңғыш қазақ-орыс қарым-қатынасы тарихтан орын алды.

Осы қазақ елшілігінің мақсаты:

1.__________________________________________________________

(Патша тұтқынында отырған жиені Ораз Мұхамедті босату)

2.__________________________________________________________

(Абдоллах ханмен күресте Мәскеудің қолдауын сұрады)

Орыс патшасы Федордың талап-шарттары:

1.___________________________________________________________

(«Бұқара хандығымен, бізге опасыздық жасаған Сібір ханы Көшіммен соғысасыздар»)

2.___________________________________________________________

(Тәуекел жиенінің орнына өзінің бір баласын аманатқа жіберу.)

Дәл жауабын айт

1. Баба сұлтан осы қаланың жанында өлтірілді (Түркістан)

2.Абдаллах қай елдің ханы (Өзбек)

3.Орыс патшалығының астанасы (Мәскеу)

4.Баба сұлтанның адамдары өлтірген қазақ сұтаны (Жалым)

5.Қазақ хандығының күш-қуатын арттырған шайқас (Ташкент)

6.Орыс патщасы Федор Ивантвичке аттанған қазақ елшісі (Құл Мұхаммед)

7. Қазақ хандарының ұзақ жылдар жүргізген соғысының нәтижесі (Сыр бойындағы қамал-қалалар және Ташкент қосылды)

«Сандық білім беру ресурсы» онлайн тапсырмалар орындау

Бекіту сұрақтары:

n Тәуекел хандық билікке отырған кезде саяси жағдай қандай еді?

n Тәуекел ханның «ант беріскен шартты» бұзу себебі неде?

n Тәуекел ханның Ресейге қойған талаптары неге орындалмады?

n Тәуекел хан қай жерде қайтыс болды?

n Қай ел қазақтарға «оқ ататын» қару беруге уәде етті?

n Орыс патшасымен қарым-қатынас қандай жағдайда жүрді?

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой-пікірлерімен санаса білу. Жаңа тақырыптарды меңгергендерін тапсырмаларды орындау арқылы дәлелдеу.

Бағалау

Оқушыларды сабаққа қатысына, берілген тапсырмаларды орындауына қарап бағалау

Үйге тапсырма

§39 оқып келу, тапсырмаларды аяқтап келу, тапсырмалар жиынтығы

Үйге берілген тапсырмаларды орындап келу

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности