link2772 link2773 link2774 link2775 link2776 link2777 link2778 link2779 link2780 link2781 link2782 link2783 link2784 link2785 link2786 link2787 link2788 link2789 link2790 link2791 link2792 link2793 link2794 link2795 link2796 link2797 link2798 link2799 link2800 link2801 link2802 link2803 link2804 link2805 link2806 link2807 link2808 link2809 link2810 link2811 link2812 link2813 link2814 link2815 link2816 link2817 link2818 link2819 link2820 link2821 link2822 link2823 link2824 link2825 link2826 link2827 link2828 link2829 link2830 link2831 link2832 link2833 link2834 link2835 link2836 link2837 link2838 link2839 link2840 link2841 link2842 link2843 link2844 link2845 link2846 link2847 link2848 link2849 link2850 link2851 link2852 link2853 link2854 link2855 link2856 link2857 link2858 link2859 link2860 link2861 link2862 link2863 link2864 link2865 link2866 link2867 link2868 link2869 link2870 link2871 link2872 link2873 link2874 link2875 link2876 link2877 link2878 link2879 link2880 link2881 link2882 link2883 link2884 link2885 link2886 link2887 link2888 link2889 link2890 link2891 link2892 link2893 link2894 link2895 link2896 link2897
Жиембаев Мейрамбек
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Ата — анамен жұмыс " Балаңызды қаншалықты жақсы білесіз?"

Казахстан, г. Атырау

Детский сад №55

Методист

Джанжолова Г.А.

Ата — анамен жұмыс

" Балаңызды қаншалықты жақсы білесіз?"

Мақсаты : Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата аналардың білімдерін көтеруге көмектесу. Балаларына жылулығын сезіндіру, қаншалықты балаларына көңіл бөлетіндіктерін білу.

Барысы : Тәрбиеші Қош келдіңіздер, құрметті ата аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындылықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.

Бірінші жаттығу танысу «Есімдерді ата»

Мақсаты: топтағы балалармен ата-аналарды таныстыру жақындастыру.

Жүру барысы: Бұл тренингте ата-аналар шеңбер болып тұрады. 1 — ші допты лақтырып ата-аналар өздерінің есімдерін атайды, 2-ші айналымда балалардың есімдерін атайды, 3-ші айналымда сол топтағы есте қалған балалардың есімдерін атайды, бұл жерде ата-аналар бір-бірімен танысып, қай баланың ата-анасы екенін біледі.

Екінші жаттығу «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»

Мақсаты: ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынасты анықтау.

Жүру барысы: ата-аналарға және балаларға бірдей сұрақ қойылады, ата-анамен баланың жауабы салыстырылады. Ата-аналарға берілетін сұрақтар:

-балаңыз қандай түсті ұнатады?

-балаңыз қандай ойыншық түрлерімен ойнағанды ұнатады?

-қандай тағамды сүйсініп жейді?

-балаңызды еркелеткенде қалай атайыз?

-балаңыздың қай топқа баратынын білесіз бе?

-балаңыздың қандай мультфильмді жақсы қызығып көреді?

Сәйкес келген, жауаптарға 1 ұпайдан беріледі. Қай ата-ананың ұпайы көп марапатталады, ал қай ата-ананың ұпайы аз ол ата-аналарға кеңес беріледі. Болашақта баласымен тығыз байланыста болу керек екенін айтады.

Үшінші жаттығу: шығармашылық жұмыс бағытында

«Отбасылық құндылық ағашы».

Мақсаты: ата-аналар өз отбасындағы жауапкершілікті сезіну.

Жүру барысы: ата-аналар алдында жапырақтар және неше түрлі бояулар жатады. Жапырақтарда отбасылық құндылық сөздер жазылған

-махаббат

-сенім

-ауызбіршілік

-ата-ананың сөзі заң

- сыйластық

-ағайын-достарға ашық есік

-мықты денсаулық

-қамқорлық

-бос уақытыңызды балаңызбен бірге өткізу

-көп бала

-достық

Бірнеше берілген отбасылық құндылық сөздерді ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Бұтақтарына орналастырса жасыл түске, діңіне қызыл, тамырына қоңыр түске бояп іліп, не себепті отбасылық құндылықтарды осылай орналасқандарын қысқаша айтып, сипаттап береді.

4 — жаттығу:

Осы бағытта ата-аналардан сауалнама толтырылады.

Отбасы — Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы- адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

Қортынды жаттығу «Балаңыздың арманын орында»

Мақсаты: ата-аналар өз балаларының арман, қиялдар туралы білу және ойларын түйіндеу.

Барысы: Ата — аналардың алдында, өз балаларының арманы жазылған жұлдызшалар бар, ата-ананың өз баласының аты жазылған жұлдызшаны таңдап алып оқиды. Жұлдызшаға болшақта баласының қандай адам ретінде болатынын елестетіп, арманын тілектерінің орындалуна тырысатынын жазады, жұлдызшаны арман әлеміне іледі.

Қортынды сөз: Бала балабақшада қаншалықты болғанмен оның өмірінің көп бөлігі әке -шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата -ана, өміріңізде үш рет балабақшаға баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет- өзіңіз, екінші рет- балаңыз, ал үшінші рет- немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі отырысымызға қатысып отырған ата- аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп балабақшаға келе беріңіздер демекпіз.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности