link5612 link5613 link5614 link5615 link5616 link5617 link5618 link5619 link5620 link5621 link5622 link5623 link5624 link5625 link5626 link5627 link5628 link5629 link5630 link5631 link5632 link5633 link5634 link5635 link5636 link5637 link5638 link5639 link5640 link5641 link5642 link5643 link5644 link5645 link5646 link5647 link5648 link5649 link5650 link5651 link5652 link5653 link5654 link5655 link5656 link5657 link5658 link5659 link5660 link5661 link5662 link5663 link5664 link5665 link5666 link5667 link5668 link5669 link5670 link5671 link5672 link5673 link5674 link5675 link5676 link5677 link5678 link5679 link5680 link5681 link5682 link5683 link5684 link5685 link5686 link5687 link5688 link5689 link5690 link5691 link5692 link5693 link5694 link5695 link5696 link5697 link5698 link5699 link5700 link5701 link5702 link5703 link5704 link5705 link5706 link5707 link5708 link5709 link5710 link5711 link5712 link5713 link5714 link5715 link5716 link5717 link5718 link5719 link5720 link5721 link5722 link5723 link5724 link5725 link5726 link5727 link5728 link5729 link5730 link5731 link5732 link5733
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Қазақ тілі сабағында жаңа технологияны қолдана отырып оқушылардың сөйлеу тілін дамыту

Год: 2013

Страна: Казахстан

Автор: Конекбаева М.О

Казахстан, Талдыкорган
№9 орта мектептің

Конекбаева Марзия Омархановна

Қазақ тілі сабағында жаңа технологияны қолдана отырып оқушылардың сөйлеу тілін дамыту

Мектепте оқытылатын барлық пәндердің маңызы зор, оның ішінде қазақ тілінің орны аса ерекше. Орыс тілінде оқытылатын мектептерде қазақ тілінен сабақ беруде оқушының ойлауы мен тілін дамытуда. Дүниетанымын қалыптастыруда алдымызда үлкен міндеттердің тұрғанын ұмытпағанымыз жөн. Оның ішінде әрбір грамматикалық тақырыптардың да қосатын үлес салмағы бары анық. Сонда қазақ тілі грамматикасы оқытылуының нақты тәрбиелік мүмкіндіктері қандай? Грамматиканың қай деңгейі, қай бірлігі оқушының ойлау мен тілі дамуында үлкен орын ала алады? Жалпы, білім негізі бастауыштан басталатыны барлығымызға мәлім. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың өзіндік дүниетанымдық позицияларын қалыптастыруда тәрбие теориясымен тығыз бірлікте қарастырылады. Шығыс халқының «Мың рет естігеннен гөрі бір көрген артық» деген даналық сөзі сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білуге айтылған тәрізді. Тірек — сызба дегеніміз - көрнекіліктің бір түрі. Көрнекілікті ХVІІ ғасырда чехтың прогресшіл ұлы педагогы Ян Амос Коменский енгізді. Шетел педагогтары Ж.Ж. Русса, И.Г. Песталоцци «көрнекілікті тек арифметика, геометрия сабақтарында қолдану мүмкін» десе, Я.А. Коменский мен оның идеясын қолданушы неміс пелагогы Ф.В.Дистерверг пен орыстың ұлы педагогы К.Д. ушинский «көрнекілікті барлық пәндерде қолдану мүмкін және қажет» деген. Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әділ — тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс - әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән беруде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет. Танымдылық белсенділік — оқушының оқуға, білімге деген ынта — ықыдасының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Қазіргі кезде 80- нен астам педагогикалық технология қолданылып жүр. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсінуіміз керек. Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің мазмұны мен мақсаты оқыту мен тәрбиелеудің жұмыс түрлерін ұштастыра отырып, одан әрі жетілдіруді, өмірмен байланыстыруды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс — тәсілдер кеңінен қолдануды талап етеді. Сондай әдістердің бірі оқушының байқау, көру қабілетінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын көрнекілік әдісі. Осы тұрғыдан келгенде, бұл мәселені терең зерттеген Е.И. Пассов: «Коммуникативный метод обучения иностранному говорению» еңбегінде сабақтың мына ерекшеліктерін көрсетеді:

- Уәждемелік: сөйлеу әрекеті ішкі қажеттіліктен туындау керек. Бұл үшін оқу материалы, мазмұны жаңа, танымдық жағынан қызық болуы шарт;

- Мақсаттылық: оқушы сөйлеу әрекетін орындағанда, не үшін оқитынын, жазатынын, тыңдайтынын, айтатынын, сөйлейтінін білуі шарт;

- Жекелік маңыздылығы: үйренуші оқу мақсатын саналы түсініп, оның қажеттілігін сезінуі тиіс;

- Қарым — қатынастық даралық сипаты: оқушы өзінің индивид екенін, соған орай өзіндік көзқарасын білдіріп отыруы шарт;

- Ойлау белсенділігі: шығармашылық тұрғыдан ойлауды қажет ететін белсенділік болуы шарт (фраза сөздерді, мәтінді қайталау, баяндау емес);

- Өзара әрекет: оқытушы мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, үйлесімді оқу әрекетінің болуы;

- Ситуативтік: сөйлеу жағдаяттарын (ситуацияларды) ескерту;

- Ақпараттылық: оқушының жас, интеллектуалдық мүмкіндіктеріне сәйкес қызықты оқу материалдарын іріктеу;

- Жаңалық деңгейі: мәтін мазмұны ғана емес, оқыту процесінің барлық элементтеріне қатысты болуы;

- Эвристикалық сипаты: шығармашылық тұрғыдан сұрақ — жауапқа құрылуы;

- Функционалдық сипаты: тілдесімде тілдік бірліктерді атқаратын қызметі тұрғысынан іріктеу;

- Проблемалық сипаты: оқу материалы проблемалық, яғни, оқушының өз бетінше ойланып, орындап, шешуіне: оның ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс.

Ғылыми стиль терминдерін білу, қолдана білу.

Сөз құрамын білу, түбірлес сөздерді табу.

Сөйлемнің негізгі түрлерін білу.

Таныс емес сөздерді сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы ажырата білу. Қазіргі мұғалімдерге ұсынылып отырған қазақ тілі пәні бойынша тірек — сызбалары теориялық материалды игеруге практикалық тұрғыдан үлкен көмек береді. Көптеген психологтардың пікірі бойынша, оқыған материалды есте сақтаудың тиімді әдістерінің бірі — оны шартты белгілер бойынша танып — білу арқылы есте сақталатының мойындайды. Орыс тілді аудиторияда қазақ тілінен сабақ жүргізудің негізгі міндеті — бұл ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорды есте сақтау, коммуникативтік аспект — қарым — қатынасты қалыптастырумен қатар, негізгі теориялық материалдарды кесте мен сызба түрінде түсіндіріп отырса, ол, әрине, есте сақтау қабілетін арттырады. Сызба арқылы оқыту тәсілдері қажетті грамматикалық тақырыпты жылдам әрі тиімді меңгеруге көп көмегін тигізеді. Мүғалімнің міндеті осы дайын тірек — сызба, кестелерді өзінің жеке іс — тәжірибесінде қолдана отырып, әр тақырыпты іріктеп, талдап, сызбаларды барынша түсінікті етіп оқушыға жеткізе білу. Мысалы, фонетика бойынша и, у дыбыстарының жуан, жіңішке болып келуіне байланысты сабақта міндетті түрде салыстырмалы кестені қолданамын,\. Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында қолданылатын тағы бір көрнекіліктің түрі — дидактикалық кәртішкелер. Дидактикалық кәртішкелер таратылып берілгенде, тақтада оқушылардың алдында сол тақырыпқа сәйкес, тірек — сызба ілінеді. Көбінесе, грамматикалық ұғымдарды оқушыларға жеткізерде практикалық жолмен іске асырамын. Олар тақырып ерекшелігіне бөлініп отырады.

Мысалы: етістіктің шақтары.

Етістіктің шақтары

Әрине, оқулықтағы барлық материалдарды сызба немесе көрнекілікке айналдыруға болмайды. Педагогикалық талап — білім беру жолында қолданылатын теория мен практиканы басшылыққа ала отырып, мұғалім оқушылардың тілден алған теориялық білімін практика жүзінде меңгерту мақсатталады. Қазақ тілінде әр септіктің формасы біркелкі жүйеде қалыптасқан. Бірақ оны жаттап алу оқушылардың қазақ тілін сапалы түрде тиянақты меңгеруінде дұрыс нәтиже бермейді.

Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау арқылы жүргізілетін сабақ ұзақ есте қалады. Осындай тірек материалдарын, сигналды кәртішкелерді, символдарды мол пайдалану педагогикалық технологияның бір тармағы — жеделдетіп оқытуға жатады. Ол күштеусіз оқытуға жеке тұлғаның мүмкіндігін ашуға септігін тигізеді. Сөйлем мүшелері арқылы сөйлем құрамында шартты сызық белгілерін немесе сұрауларды көрсетіп. Осыларды қажетті сөздермен алмастыру керек деген тапсырма беріледі. Ал, сөз құрамын меңгерткенде «Орнын тап!» атты ойында ойнату арқылы, оқушылардың ойын шақыртып, ойлануға мәжбүрлеймін.

Осы әдісті қолдану арқылы проблема шешіледі: оқушылар ойлап тауып, сөйлем құрастырады немесе байланыстырады. Нәтижесінде ойларын жазады, салыстырады, табады, талқылайды. Алған білімін жіктейді, саралай біледі, ең негізгі түйінін түсіне біледі.

Мұғалім мен бала бірігіп жұмыс істейді, яғни, тікелей қарым — қатынас қалыптасады, оқушының ықыласы артады. Тірек - сызбалармен жұмыс істеу — оқушылардың логикалық ойлау әдісін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттырады. Жұмысты, көбіне, оқушылар өздері ойланып, орындай алатындай етіп ойластырған жөн. Емлелік шарттарды нақтылап, түсінікті етіп жасау керек. Тірек — сызбалар тек көрнекілік ретінде ғана емес, деңгейлік тапсырмалар, жеке кәртішкелер ретінде топпен немесе жұппен жұмыс істеуге беріледі. Мысалы: Мен өзімнің сабағымда етістікті қайталау кезінде тақтаға ілінген тірек — сызба арқылы етістіктің үш жағын үш топқа бөліп беремін. Тірек — сызба бойынша тапсырмалар, көбінесе, сызбаны толтыр немесе шартты белгілер бойынша грамматикалық атауларын табуға беріледі. Сонымен бірге жетелеуші сұрақтар беруге болады. Тірек — сызбаларды сапалы түрде меңгерту үшін қабылданатын зат пен құбылысты дұрыс байқау, талдау жасау керек. әрбір сабағымды ерекше оқушылардың есінде ұзақ сақталып қалуы үшін және оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын одан әрі арттыру мақсатында әрқашан көрнекі құралдарды сапалы әзірлеп, жаңа технологияға сай жабдықталған кабинеттерде өткізуге тырысамын. Тірек — сызбаларды сабақта қолдана отырып оқыту оқушының оқу материалдарын тез меңгеріп, жеке тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізеді. Тірек — сызбаларды, көбінесе, бекіту, қайталау сабақтарында қолданамын. Жеке тұлғаның бойында өзіндік әрекетінің нәтижесінде мынадай қасиеттер қалыптасады:

  1. Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздығы.
  2. Оқуға деген қабілетінің артуы.
  3. Өз ойының дербестігі.

Жалпы айтқанда, тірек — сызбамен оқыту — заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр — сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Дидактиканың, тәрбие теориясының, психологияның таным теориясының барлығының түйіскен нүктесінде қарастырылатын мәселе.

Қорыта айтқанда, орыс мектебінде қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін мәнділігі бұдан кем емес. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға, қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруға көп көмегін тигізеді.

Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап — жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда грамматикалық және лексикалық тақырыптарды меңгерту — күрделі жұмыс, сондықтан тірек — сызбаларды пайдалану арқылы оқушыларға жеткізу әлдеқайда тиімді. Сабақтың барысында тірек — сызбалар, біріншіден, көзбен көріп, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттырады, екіншіден, білімге деген құштарлықтарын одан әрі дамыта түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы. 2009, № 12
  2. Т.М. Артықова. «Қазақ тілі бойынша тірек — сызбалар».
  3. В.Ф. Шаталов. «Тірек — сызба нұсқасы».
  4. Ж. Адамбаева. «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері». 1993.
  5. Е.И. Пассов. «Коммуникативный метод обучения иностранному говорению».
  6. М.А. Аманбаева. «Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану».

Скачать:

Скачать файл: statya.doc
Посмотреть онлайн файл:


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности