link11834 link11835 link11836 link11837 link11838 link11839 link11840 link11841 link11842 link11843 link11844 link11845 link11846 link11847 link11848 link11849 link11850 link11851 link11852 link11853 link11854 link11855 link11856 link11857 link11858 link11859 link11860 link11861 link11862 link11863 link11864 link11865 link11866 link11867 link11868 link11869 link11870 link11871 link11872 link11873 link11874 link11875 link11876 link11877 link11878 link11879 link11880 link11881 link11882 link11883 link11884 link11885 link11886 link11887 link11888 link11889 link11890 link11891 link11892 link11893 link11894 link11895 link11896 link11897 link11898 link11899 link11900 link11901 link11902 link11903 link11904 link11905 link11906 link11907 link11908 link11909 link11910 link11911 link11912 link11913 link11914 link11915 link11916 link11917 link11918 link11919 link11920 link11921 link11922 link11923 link11924 link11925 link11926 link11927 link11928 link11929 link11930 link11931 link11932 link11933 link11934 link11935 link11936 link11937 link11938 link11939 link11940 link11941 link11942 link11943 link11944 link11945 link11946 link11947 link11948 link11949 link11950 link11951 link11952 link11953 link11954 link11955
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Алғашқы әскери дайындық сабағында оқушыны патриоттық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу

Алғашқы әскери дайындық сабағында оқушыны патриоттық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамытуын қойып отыр. Қазіргі таңда педагогика ғылымының бір ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдауға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік бар.

Мен өз сабағымда оқытудың жаңа технологиялық әдістерінің ішінде педагогика ғылымдарының кандидаты Марал Мәденқызы Жанпейісованың модульдық оқыту технологиясын пайдаланамын, 5-6 жылдан бері «Алғашқы әскери дайындық сабағында баланы патриоттық, отансүйгіштік рухында тәрбиелеу» тақырыбында шығармашылық жұмыспен айналысып келемін.

Сабақ өту кезінде жаңа технологиямен шығармашылық жұмысты байланыстырып өтемін.

Модульдік технология — педагогикалық технологияның негізгі ұстанымдарын материалды толық игеру әдістерінің негізгі позициясына сүйенген. Модульдік технологиямен оқытудың маңызды мәселесі оқушылардың танымдық қызметінің артуы, жеке тұлғаның өзіндік дауына бағыт беру, сонымен қатар оның мүмкіндігінің жүзеге асуын қадағалау.

Сабақта қазіргі заман талабына сай компьютер техникасы, проектор пайдаланамын.

Алғашқы әскери дайындық сабақтарында мен негізінен дифференциалды, ұжымдық және жұптық оқыту әдіс-тәсілдерін қолданамын. Әсіресе, практикалық сабақтардан саптық даярлық бойынша сабақтар алдыңғы сабақтарда дағдыланған машықтардың ұмытылмауы үшін жүйелі түрде және бірдей уақыт аралықтарында өткіземін.

Әскери-патриоттық тәрбие жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық армия сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулиды. Бала әрдайым өмірге қызыға қарайды, бәрін үйренгісі келеді, еліне керекті азамат болып өскісі келеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі жасөспірімдердің отансүйгіштік,елінің патриоты мен азаматы болып қалыптасуына көңіл бөліп отыр. Патриоттық тәрбие беру — оқушының саналы көзқарасын қалыптастыру. Алғашқы әскери дайындық енгізілуі, оған байланысты әскери патриоттық тәрбиенің тереңдеуі, Отанымыздың саналы және белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Жастарды Отанды қорғауға, талантты әскери кадрлар даярлау, жас азаматтардың патриоттық тәрбиесіне танымдарымен мінездерін қалыптастыру ауыр және сан қырлы процесс. «Отанды сүю отбасынан басталады», отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Патриот, ержүрек адамды, табанды күрескерлерді тәрбиелеудің негізі мектепте қаланды.

Пәннің міндеті келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын , ұлттық намыс мол, жігерлі ұл-қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау. Сабақ барысында ұжымдық қорғаныс жұмыстарына, сабақтан тыс уақытта жаттығу жұмыстарын өткізуге аса көңіл бөлінеді. Ұжымдық қорғаныс жұмыстары АӘД-ты оқытудың негізгі бір бөлімі. Оқушылар теориялық сабақта алған білімдерін ұжымдық қорғаныс жұмыстары кезінде іске асырып, өздерінің білімдерін, біліктілік дағдыларын жетілдіреді.

Патриоттық даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан да, шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісінде АӘДпән мұғалімдеріне үлкен талап қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу жеткіліксіз, сонымен қатар білімді, тың ақпараттардан хабары мол болуы шарт.

Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені, Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды.

Комментарии пользователей /1/
  1. Меруерт
    Пожалуйста
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности