Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
АҚПАРАТТЫҚ — КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ОҚУШЫ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ РОЛІ

Год: 2013

Страна: Казахстан

Кызылординская область,Казалинский район,кент Айтеке би

Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің

информатика пәнінің мұғалімі

Есембекова Рита Серікқызы

АҚПАРАТТЫҚ — КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ОҚУШЫ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ РОЛІ

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» - деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны, интерактивті құралдарды, мультимедиалық әдістерді қолдануға, интернетте жұмыс істеуге негізделеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Қазіргі таңда интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Өз іс-тәжірибемде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым:

  1. Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану.
  2. Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын сабақта жиі қолдану.
  3. Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.

Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

  • Бормен тақтаға жазылған кескінді, интерактивті тақтадағы түрлі-түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
  • Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
  • Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
  • Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
  • ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  • Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
  • Сабақтың өнімділігі артады.
  • Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.

Сабақ материалы презентация немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер, аудио-видео хабарлар болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Мұғалім алдын-ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивті тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, мұғалім тақта арқылы м ысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал-саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.

9-сыныпқа «Графиктік режимде жұмыс» тақырыбында интерактивті құралдардың мүмкіндігін пайдалана отырып, «Кім тапқыр?» ойыны арқылы сабақ өткіздім. Интерактивті тақта арқылы ойынның шарты берілді. Ойын үш кезеңнен тұрды. «Сәйкесін тап?!» кезеңінде оқушылар екі бағанда тұрған операторлар мен олардың қызметінің сәйкестігін интерактивті қалам арқылы көрсетті.

«Қатесін тап?!» кезеңінде интерактивті тақтада берілген программада жіберілген қателіктерді тауып, түзетті. Ал «Ретін тап?!» кезеңінде тақтада шатастырылған жолдарды өз ретімен қойып, программаның дұрыс орындалу жолын тапты.

Интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары — презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер — сабақтың жақсы өтуін барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді.

Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға игеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек.

Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Электрондық оқулықты қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:

  • өтілетін және өтілген материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге, ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге;
  • оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге;
  • түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға, қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға;
  • оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға.

Мультимедиалық технологияны қолдану әдістемесі:

ü Оқытуды басқару жүйесін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде жетілдіріп отырады. Оқытудың мотивациясын күшейтеді;

ü Оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамытатын оқыту мен тәрбиенің сапасын арттырады, оқушылардың дайындық деңгейін арттырады;

ü Компьютер тек ойын ойнайтын құрылғы емес, басқа да мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді.

Мультимедиалық сабақтар келесі дидактикалық мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • пән бойынша базалық білімді меңгеру, алған білімді жүйелеу, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
  • жалпы оқуға деген, оның ішінде ерекше информатика пәніне деген ынтасын арттыру;
  • оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

7 сыныпқа өткізген «Paint графикалық редакторында жұмыс жасау» тақырыбындағы сабағымда мультимедиалық әдістерлі кеңінен қолдандым. Сабақ «саяхат сабақ» түрінде өтті. Оқушылар компьютер алдында отырып, түрлі танымдық тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, практикалық тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы саяхат маршрутының келесі кезеңіне жолдама алып отырды. Сонымен қатар компьютерде тест тапсырмасын орындады. Төменде сабақтағы оқушылардың орындаған тапсырмаларының көрініс парақтарын ұсынып отырмын:

Мультимедиалық сабақтар оқушыларды жаңашылдығымен қызықтырады. Сыныпта мұндай сабақ үстінде оқушылар өз ойын «өз сөзімен» айтатын шынайы қарым-қатынас туады, олар тапсырманы ынтамен орындайды, оқып жатқан материалға қызығушылықпен қарайды, оқушыда компьютер алдындағы қорқыныш жоғалады. Оқушылар пән бойынша оқулықпен, анықтамалық және басқа әдебиетпен жұмыс істеуді үйренеді. Оқушыларда жоғары нәтиже көрсетуге, қосымша қиын тапсырма алып орындауға қызығушылықтары пайда болады.

Мультимедианы қолдану оқушыларды ізденімпаздық дағдыларын шығармашылық жобаларын іске асыру бағытына ауыстыруға үйретеді және белсенділік, жинақтылық, өздігінен жұмыс істеу сияқты өмірге қажетті қасиеттерін қалыптастырады.

Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

Қазіргі кезде мектептегі барлық кабинеттердің интерактивті тақтамен жабдықталуы мұғалімнен ақпараттық технологияларды жетік меңгеруді талап етеді. Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық тенологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Сондықтан заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолданысқа еніп, оқушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру әрбір мұғалімнің заманауи басты міндеті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 1. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журнал №4-2008 жыл Ж. Садыбекова «Оқу –тәрбие үрдісінде ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі» (4-5 бет)

2. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журнал №3-2006 жыл - М. Ғалымжанова «Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру» (2 бет)

3. «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі мен маңызы» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары (30 сәуір 2008 жыл)

4. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журнал №4-2009 жыл Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» -17 бет

5. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журнал №1-2010 жыл М.А.Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық –коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» -48 бет

5. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журнал №2-2008 жыл

Сұрауымбетова Р. «Білім беру деңгейін көтеруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі» -2 бет

6. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журнал №3-2011 жыл

Құрманғалиева Ә. «Интерактивті құралдарды қолдану әдістері» - 5 бет

Скачать

Скачать файл: esembekova-rita-216-bayandama.doc
Посмотреть онлайн файл:


Комментарии пользователей /1/
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности