link12726 link12727 link12728 link12729 link12730 link12731 link12732 link12733 link12734 link12735 link12736 link12737 link12738 link12739 link12740 link12741 link12742 link12743 link12744 link12745 link12746 link12747 link12748 link12749 link12750 link12751 link12752 link12753 link12754 link12755 link12756 link12757 link12758 link12759 link12760 link12761 link12762 link12763 link12764 link12765 link12766 link12767 link12768 link12769 link12770 link12771 link12772 link12773 link12774 link12775 link12776 link12777 link12778 link12779 link12780 link12781 link12782 link12783 link12784 link12785 link12786 link12787 link12788 link12789 link12790 link12791 link12792 link12793 link12794 link12795 link12796 link12797 link12798 link12799 link12800 link12801 link12802 link12803 link12804 link12805 link12806 link12807 link12808 link12809 link12810 link12811 link12812 link12813 link12814 link12815 link12816 link12817 link12818 link12819 link12820 link12821 link12822 link12823 link12824 link12825 link12826 link12827 link12828 link12829 link12830 link12831 link12832 link12833 link12834 link12835 link12836 link12837 link12838 link12839 link12840 link12841 link12842 link12843 link12844 link12845 link12846 link12847 link12848 link12849 link12850 link12851
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс

Қазақстан,Қызылорда қаласы

И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық колледжі

Тарих пәнінің оқытушысы

Досмамбетова Алтын Ажарбаевна

Сабақтың мақсаты: а) білім беру- «Білген сайын келеді біле бергім, біле беру

емеспе тілегі елдің»,- демекші, Отан

тарихын, соның ішінде 1916 жылғы Ұлт-

азаттық көтерілістің себеп –салдары,

қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызы

турасында білім беру.

ә) тәрбие беру — «Бабалар ерлігі-ұрпаққа үлгі».

Оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін

қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге

тәрбиелеу.

б) ой-өрісін дамыту — оқушылардың сабаққа деген

белсенділігін, қызығушылығын арттырып,

ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық

қасиетін арттыру.

Сабақтың түрі: Іздену-зерттеу сабағы.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Баяндау, ой-қорыту, ізденіс, ойын т.б. әдістері.

Пәнаралық байланыс: Әлем тарихы, география, қазақ әдебиеті, мәдениеттану

негіздері.

Қолданылған жаңа технология: интерактивті оқыту әдісі.

Көрнекілігі: 1. Д.ж. саяси картасы

2. Қ.Р. картасы

3. Үлестірмелі материалдар (атлас, контур карта т.б.)

4. Интерактивті тақта (техникалық құрал)

5. Кітап көрмесі

6. Ерлік, батырлық турасында мақал-мәтелдер

7. Киім үлгісі

8. Флипчарттар, слайдтар т.б.

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы:

1. Ұйымдастыру жұмыстары

Оқушылардың сабаққа түгел қатынасуын, дәрісхана тазалығын, сабаққа дайындығын бақылай отырып, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2. Кіріспе. Оқытушы сөзі.

Қазақ халқы ерте заманнан бергі дәуірде халқымыздың елдігін, ерлігін сынайтын үш кезеңді басынан кешірді. Оның біріншісі жаңа өмірге келгенде

қолына қан уыстап туған Шыңғыс хан шапқыншылығы болса, екіншісі елді еңіретіп «ақтабан шұбырынды» еткен жоңғар шапқыншылығы, үшіншісі ең

талмауытты –талмалы тұсы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс. Тарих қазақ халқының шаңырағын үш рет шайқалтты. Халық жадында үш заманға, үш қарғыс ат тағылды.

Олар «Ойран заман», «Зар заман», «Қилы заман». Міне, біздің бүгінгі тақырыбымыз осы қилы замандағы ірі тарихи оқиғалардың бірі болып табылады.

3.Жаңа тақырыпты хабарлау және мақсатына тоқталып өту.

Жоспары: 1. 1916 жылығы Ұлт-азаттық көтеріліс себептері және басталуы

2. Көтерілістің ірі орталықтары

3. Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы

4. Оқушылардың тақырып бойынша ізденістері

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тақырыпты зерттей отырып, өзіндік жұмыс жүргізуге дағдыланады.

5. Жаңа тақырыпты пысықтау

«Кім мерген?» ойыны,

«Тарихи диктант»,

«Сөйлемдерді толықтыру» ойын әдістері арқылы жүргізіледі.

6.Қорытындылау

Ел Тәуелсіздігі үшін, қазақ жері үшін өз жандарын қиған батырларымыздың ерлігі ұрпаққа үлгі, ешқашанда ұмытылмақ емес.

7. Бағалау

8. Үйге тапсырма: 1.Картамен жұмыс

2. Зерттеуді жалғастыру

3. Шығармашылық тапсырма (тарихи- логикалық есептер құру)

9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ч.Мусин Қазақстан тарихы 2008 ж

2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы Алматы 1998 ж

3. Қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтама Алматы 2005 ж.

4. Империя құрамында Аруна 2010 ж

Оқушылар ізденістері.

1.Топтағы үш оқушы жоспардағы көрсетілген сұрақтарға қысқаша тоқталып,түсіндіріп өтеді.Оқытушы міндетті түрде пысықтайды.

4-оқушы

Зерттеу жұмысы.

Келесі оқушы жоспардағы екінші сұрақты толықтыру мақсатында Сырдария көтерілісіне тоқталды.

Сырдария көтерілісі-осы өлкенің Әулиеата уезінде болған халық толқуы.Патша өкіметінің 1916ж 25 маусымдағы жарлығы бойынша Әулиеата уезінен тыл жұмысына 22675 адам алынуға тиіс болды.Әулиеата уезіндегі көтерілістің алғашқы кезеңіне Тұрар Рысқұлов қатысты.Т.Рысқұлов көтерілісті алдын ала

ұйымдастыру,қарулы күрес ошақтарын өзара үйлестіру,орыс шаруаларын қақтығыстарға бармау қажеттігі жайлы ұсыныстар айтты.

Алайда бұл ұсыныстарға құлақ асылмай селоларды қоршап,шабуылдар жасады.Бұған қарсы 1916ж қыркүйектің басында қосымша әскер жіберіп,Сырдария көтерілісі күшпен басып жанышталды.Сыр бойындағы көтерілісті зерттеген соң оқушы Қызылорда облысындағы тарихи оқиғаныда іздестірген,нақты мәлімет

таппағанымен зерттеу барысында Қалжан Ахун турасында тарихи деректеме айтып өтеді.

Қалжан Ахун Бөлекбайұлы (1862-1916)-діни қайраткер.Әкесі Бөлекбай Қарақалпақстандағы табын руының белгілі адамдарының бірі болған.Қалжан Ахун парсы,араб,тәжік тілдерін жетік білген.Өз атымен атаған мешітте имам болған.Патша әкімдері тарапынан халықты қолдаған үшін қудаланып,түрмеге қамалған.1916 жылдың жазында ораза кезіндегі намаз үстінде қайтыс болған.Қызылорда облысындағы Қалжан ахун мешітінің іргетасы1902 жылы қаланған.

5-оқушы

Зерттеу жұмысы

Аманкелді Имановтың өмірбаяны

Амангелді Үдербайұлы Иманов — халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кеңесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Амангелді әуелі ауыл молдасынан екі жыл оқып

кейін Тасыбай , Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түскен. Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартқан. Ел ішінде дау-шарға ерте араласқан, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалануына ұшырап, 1896-1911 жылдар арасында бірнеше рет түрмеге отырғызылды. Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы көтеріліс кезеңінде көрінеді. Амангелдіден Рамазан, Шәріп есімді екі бала қалды. Ұрпақтары Алматыда тұрады. «Батырдан –батыр туар ел таныған» демекші ұлы Рамазан Амангелдиев Мәскеу шайқасынан қатысқан 238-ші атқыштар дивизиясының автоматшысы болды. Ока жағасында , Серпухов түбіндегі Воронино қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін жойып, өзі де қаза тапты. Амангелдінің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын-жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болған.

6-оқушы

Зерттеу жұмысы

1966 жылғы 74 минуттық Амангелді кинофильмін 5 минутқа

монтаждап әкеліп , режиссер, актерлер т.б. тарихи деректемелерін айта отырып түсіндіріп шықты.

7-оқушы

Зерттеу жұмысы

Көтерілістің Торғай даласындағы басшыларының бірі-Әбдіғаппар Жанбосынов турасында деректеме.

Әбдіғаппар Жанбосынұлы –қазақ халқының 1916-1917 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының Торғай даласындағы басшысы. Тілеулі батырдың ұрпағы. Арғы атасы Нияз би-Абылай ханның сенімді серігі, әкесі Жанбосын (1847-1895 ж) көп жылдар болыс болған. Анасы-Алуа Ақтасқызы (1840-1934) (Ақтас-Ахмет Байтұрсыновтың әкесінің ағасы) Әбдіғаппар өз ауылында бастауыш мектеп ашқан. Ағаштан ою ойған шебер болған, суармалы егіншілікпен айналысқан, ақыл-парасатымен ел ағасы атанған. 1916 ж 21 қарашада 13 болыс ел өкілдерінің құрылтайы Әбдіғаппарды хан көтеріп, Амангелдінің сардарбек етіп сайлады. Әбдіғаппар ел билігін соғыс жағдайына бейімделген дала демократиясы негізінде қайта құрды. Көтерілісшілерді 20 адамнан тұратын халық өкілдерінің кеңесі арқылы басқарды. Бұл кеңес әскери, әкімшілік, шаруашылық мәселелерін шешетін басшы орталық болды. Көтерілісшілер ежелгі шығыс дәстүрімен ондық, жүздік, мыңдықтарға

жіктелді. Кейін Әбдіғаппар Кеңес өкіметінің саясатын жүргізуден бас тартқан соң , қызыл әскерлер қолынан қаза тапты. Ұрпақтары «хан тұқымы» ретінде аяусыз қуғынға ұшырады.

8-оқушы

Зерттеу жұмысы

Қарқара аймағындағы көтеріліс басшыларының бірі-Қазыбек Шорманұлы және Серікбай Қанайұлы туралы айтып өтті.

Қазыбек Шорманұлы –Қарқара көтерілісі басшыларының бірі. Ол 1864 жылы Жетісу облысы Жаркент уезі Байынқол болысында дүниеге келіп, 1916 жылы 8 тамыз күні Қырғызиядағы Қарақол қаласында бір топ көтеріліс басшыларымен бірге атылды. Қазыбек Шорманұлы 1916 жылғы шілде айының бас кезінде Қарқара-Кеген –Нарынқол өңірлерін мекендеген елдерді Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, Ә.Сұлтанбеков сынды беделді адамдармен бірге маусым жарлығына қарсы шығуға үндеді. Ереуілтөбеде болған көп адам қатынасқан мәжілісте патша жарлығын

орындауға қарсы шықты. Осы жиыннан кейін Қарқара көтерілісі басталды. Көп кешікпей патша жазалаушылары Ереуілтөбеде болғандарды түгелімен тұтқындап, түрмеге жапты. Бір топ басшылары ату жазасына кесілді.

Серікбай Қанайұлы-Қарқара көтерілісі жетекшілерінің бірі. Ол қазіргі Алматы облысының Райымбек ауданы Жалаңаш ауылында 1870 жылы 3 қазанда дүниеге келіп, 1916 жылы 3 тамызды Кеген ауылы маңындағы Қайқы асуында қайтыс болған. 1916 жылғы патша өкіметінің маусым жарлығына қарсы Ұзақ, Жәмеңке батырлармен көтерілісшілердің 400 адамнан тұратын алғашқы жасағын ұйымдастыруға тікелей араласты. Көтеріліс жеңіліске ұшырағанда, көптеген серіктерімен бірге патша жендеттерінің қолынан оққа ұшты. Ол туралы Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» повесінде айтылған.

9-оқушы

Зерттеу жұмысы

Қостанай өңірінен шыққан дәрігер Әбубәкір Алдияров туралы.

Алдияров Әбубәкір Бермұхамедұлы- қоғам қайраткері. 1904 жылдан Ақтобе , Қостанай өңірінде дәрігер болып қызмет істеді. Әубәкір 1916 жылы Белоруссияда (Минск қаласы) қара жұмысқа алынған қазақтар арасында дәрігерлік қызмет атқарды. 1917 жылы елге оралған соң Алаш қозғалысына белсене араласты. Алашорданың Қостанай уездік комитетінің төрағасы және Торғай облысы комитетінің мүшесі болды. Алдияров Әбубәкір Бермұхамедұлы Алаш қозғалысына белсене араласқаны үшін 1928 жылы Өскеменге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қырғызстанның Қарақол қаласында, Тараздағы темір жол ауруханасында қызмет істеді. Алдияров 1938 жылы жала жабылып, ату жазасына кесілді. 1956 жылы 20 қыркүйекте ақталды.

10, 11 -оқушылар

Зерттеу жұмыстары

Оқушылар Амангелді Иманов бейнесін сомдау үшін батыр сарбаздарының киімдерін киді. Қару- жарақ турасында түсінік беріп өтті.

12 -оқушы

Зерттеу жұмысы

Батыс Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс.

Көтеріліс бұрынғы Бөкей ордасын, Орал облысын , Ақтөбе, Ырғыз уездерін қамтыды. Б.Қаратаев, Ж.Сейдаллин Ресей Мемлекеттік думасының төрағасына арнайы хат арқылы тыл жұмысына адам алуды

1917 жылдың 17 мамырына дейін тоқтата тұру керектігі жөнінде ұсыныс жасады. Бөкей ордасындағы көтерілісшілерге Исатай Тайманұлының немересі Өтепқали Дінбаянұлы жетекшілік етті. Ақтөбе көтерілісшілері теміржолды бұзіп, пойыздарға бөгет жасады. Нәтижесінде көтерілісті ұйымдастырушылар тұтқынға алынды.

13,14,15 -оқушылар

Зерттеу жұмыстары

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің қазақ әдебиетінде жырлануы туралы айтып өтті.

1. Ж.Жабаевтың «Зілді бұйрық»

2. М.Әуезов «Қилы заман» т.б

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности