link3654 link3655 link3656 link3657 link3658 link3659 link3660 link3661 link3662 link3663 link3664 link3665 link3666 link3667 link3668 link3669 link3670 link3671 link3672 link3673 link3674 link3675 link3676 link3677 link3678 link3679 link3680 link3681 link3682 link3683 link3684 link3685 link3686 link3687 link3688 link3689 link3690 link3691 link3692 link3693 link3694 link3695 link3696 link3697 link3698 link3699 link3700 link3701 link3702 link3703 link3704 link3705 link3706 link3707 link3708 link3709 link3710 link3711 link3712 link3713 link3714 link3715 link3716 link3717 link3718 link3719 link3720 link3721 link3722 link3723 link3724 link3725 link3726 link3727 link3728 link3729 link3730 link3731 link3732 link3733 link3734 link3735 link3736 link3737 link3738 link3739 link3740 link3741 link3742 link3743 link3744 link3745 link3746 link3747 link3748 link3749 link3750 link3751 link3752 link3753 link3754 link3755 link3756 link3757 link3758 link3759 link3760 link3761 link3762 link3763 link3764 link3765 link3766 link3767 link3768 link3769 link3770 link3771 link3772 link3773 link3774 link3775 link3776 link3777 link3778 link3779
Жаппарова Гульнур Кенжеевна
Должность:Учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Карагандинская область, Бухар жырауский район, п.Курылыс
Қазақ әдебиеті пәнінен сыныптан тыс шара "Абай-біздің ұлттық ұранымыз!"

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Құрылыс ауылы, Ақжар негізгі мектебі КММ

Пәні: қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі: Жаппарова Гульнур Кенжеевна

Тақырыбы: Абай –біздің ұлттық ұранымыз!

Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы тереңірек меңгеру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту, адамгершілікке тәрбиелеу. Абайдың даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс іс-шара

Басталуы: Домбыраның үні. Сахнада Абай өлең жазып отырады. Үстел үстінде ескі май шам және құс қауырсынынан жасалған қалам мен шыны құтыда сия. Абай сәлден соң, орнынан тұрып өлең шумақтарын оқып сахнадан шығып кетеді.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

-Құрметті қонақтар мен оқушылар! «Абай –біздің ұлттық қранымыз!» атты сыныптан тыс тәрбие сағатына қош келдіңіздер!Абай есімі- қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының , қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.Абай Құнанбаевтың қалдырған өшпес әдеби мұрасы қашан да түн қойнауынан нұр сәулесін шашқандай халқына құрмет етуде. Абай перзенті бар халық –бақытты халық.

-Өнегелі өнер дегенді айтқанда халқымыздың тарихының биік шыңына шыққан жалғыз дара тау ағашындай Абай есімі ауызға ілінеді.Абайдың мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы. Замандар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға деген көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар қалың елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.

1- оқушы: Абай Құнанбайұлы 1845 жылы тамыз айының 10-жұлдызында дүниеге келіп, 1904 жылы шілденің 6 жұлдызында дүниеден өтті.Абайдың әкесі Құнанбай өз кезеңінде беделді адам болған. Абайдың анасы Ұлжан –ақылды, мейірімді кісі екен. Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Ол Ибрахимді еркелетіп, «Абай» деп атаған.Абай әжесі Зере мен Ұлжандай аналарының тәрбиесінде болады. Олардың қызық әңгімелерін жалықпай тындайтын. Абай бала кезінде әкесі Құнанбай ел басқару жұмысымен жүреді. Абайдың бойына әкесінің батылдығы, алғырлығы дарыды.

(Көрініс. «Абайдың дүниеге келуі» 9 сынып оқушылары.)

Слайд көрсетіледі. «Абайға арналған ескерткіштер»

Оқушылар:

1-оқушы: -Егер сіз жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз!

2-оқушы: -Адамгершілік пен арлылық , махаббат пен залымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз!

3-оқушы: -Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстарын, қатпар - қатпар сырларын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз!

4-оқушы: - Тіршіліктің мәңгілік сауалдарына жауап іздеп, ғаламның 18 мың құпиясын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз!

-Абай –ұлы ойшыл, Абай- дана, Абай –дара. Абай шығармашылығы дербес даралық шыңына жеткен, ұлттық сөз өнерінің дәстүрлерімен, дүниетанымдық және мәдени үрдістермен тығыз байланысты халық рухының көрінісі болып табылады. Абай ұлы ақын, өнердің бір туар иесі дегенге оның поэзиясына, бүкіл әдеби, музыкалық, шығармашылық мұрасына тән жаңашылдықты айтамыз.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ –барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

Олай болса Абай атамыздың өлеңдерін оқиық.

1-оқушы: «Күз» өлеңі

2-оқушы: «Қараша, желтоқсан мен ол бір екі ай» өлеңі

3-оқушы: « Жазғытұры» өлеңі

4-оқушы: « Сегіз аяқ» өлеңі

5-оқушы: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

6-оқушы: «Ғашықтық, құмарлықпен - ол екі жол» өлеңі

7-оқушы: «Әсемпаз болма әр неге» өлеңі

8-оқушы: «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» өлеңі

9-оқушы: «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» өлеңін жатқа айтады.

-Абай ақын, ойшыл, композитор болып елге таныла бастаған кезде оның сөзіне, өнеріне құмартып алыс жерлерден келіп кездескен ақын, әнші, жыршылар аз болмаған. Олар Абайдың өлеңдерін, әндерін қазақ даласына бұрыңғыдан да мол таратуға күш салған.

(Абайдың әні орындалады)

«Желсіз түнде жарық ай»

Желсіз түнде жарық, ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып

Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

-Абайдың 45 қара сөзі бар.Абайдың қара сөздерінің стилі, оларға тән ой ұтқырлығы, шешендік мәселеге зер салсақ, мұндағы шешендік дегеніміз, әйтеуір, сөзді қалай сұлулап, көрікті етіп өрнектеп айтуға ұмтылу емес, ойдың тереңдігімен, астасып келетін шешендік тәсілдер қолдана білу екенін айқын аңғарамыз.

(Үнтаспадан 15-қара сөзі тыңдалады.)

(Көрініс)

Жетінші қара сөз

Қайрат , ақыл, жүрек үшеуі таласып келіп, ғылымға жүгініпті.

Қайрат айтыпты:

-Ей, ғылым дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейді. Әуелі өзіңді білуге, ерінбей , жалықпай үйрену керек, ол –менің ісім. Дүние, абыройды еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай , бойды таза сақтайтұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады? –депті.

Ақыл айтыпты:

-Не пайдалы, не зиянды болса, білетұғын –мен. Менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен; ғылымды үйрене алмайды екен. Осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды? –депті.

Онан соң жүрек айтыпты:

• Мен адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады. Менсіз тіршілік жоқ. Ұят сақтап, рақым қылдыратын — мен, әділет, нысан, ұят, рақым, мейірбаншылық менен шығады.Менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?-депті. Сонда ғылым бұл үшеуініңсөзін тыңдап болып, айтыпты:

• -Үшеуің басыңды қос.Бәрін жүрекке билет.Осы үшеуінің бір кісідей табылсаңдар — қасиетті адам сол.

(Слайд көрсетіледі. Аудармашылығы жайында )

Абайдың әр түрлі тақырыптағы шығармаларының ішіндегі махаббат лирикасы айрықша орын алады. Ол әндердің бірі «Көзімнің қарасы». Оның кең тынысты, мұңды әуені жақсы көретін жанын жырлауға сөз асылын таппай қиналған жанның ішкі толғаныс сырларын ерекше көркемдік мәнермен еткізеді.

(Ән орындалады)

Көзімнің қарасы

Көзімнің қарасы,

Көңілімнің санасы,

Бітпейді ішімде,

Ғашықтық жарасы.

Қазақтың данасы,

Жасы үлкен ағасы.

Бар демес сендей бір

Адамның баласы.

Жылайын, жырлайын,

Ағызып көз майын.

Айтуға келгенде,

Қалқама сөз дайын.

Күй «Сал күрең»

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!–дейді Абай.

Абай –халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз, оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту –біздің ғұмырлық парызымыз.

Абайдың туғанына 170 жыл уақыт өтсе де, оның еңбектері халық жадында сайрап, оған нұрлы өмірге жол көрсетіп тұр.Абай есімі мәңгі ұмытылмайды.

Абай сепкен ұрық, өскен дәндер бір ғасырдан аса уақыт бойы өсіп –өніп, ұлттық әдебиетімізді, мәдениетімізді, бүкіл рухани өмірімізді көркейтуде. Абайдың тамаша ақындық дәстүрлері қазір жаңа мазмұнға ие болып, кейінгі толқын жазушылардың өнеге етіп, ілгері дамытуы арқылы толысып келеді.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі дара да, дана тұлға Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына байланысты, ақын шығармашылығын ұмытпай, дәріптеп оны құрмет ету мақсатында ұйымдастырылған шағын іс-шарамыз аяқталды. Орыстар үшін –Пушкин, ағылшындар үшін –Шекспир, грузиндер үшін — Руставели қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.

Олай болса, сөздің соңын «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» -деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтқан сөзімен аяқтап, аман- сау болыңыздар демекпін.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности