Қазақстан,Шығыс Қазақстан облысы,Көкпекті ауданы,Мамай ауылы
«Аманкелді атындағы орта мектебі»КММ
Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
Куеубаева Саягуль Назарбековна
Қазіргі заманда танымдық қабілеті жоғары, қоғамның өзгеруінде өз үлесін қоса алатын, өзіне сенімді, жауапкершілік ала алатын, топта жұмыс жасай алатын адам қажет. Ол үшін білім және түсінік қажет. Қай адамға болса да бағыт- бағдар бермей, түсінік қалыптастырмай тұрып, ол адамның жұмысынан жақсы нәтиже талап ете алмайсың және де ештеңе күте алмайсың.Сондықтан да оқытуды мұғалімнің және оқушының көшбасшылық ұстанымын қалыптастыратындай дұрыс ұйымдастыру қажет.
«Педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша әзірленген мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсын аяқтағаннан кейін мен өз іс-тәжірибемде 7 модульді ықпалдастыра отырып сабақтар өткізе бастадым. Алғашқы сабақтан бастап оқушылардың белсенділігінің арта бастағанын байқадым. Жаңа әдістерге оқушылар қызығушылық танытты. Оқушыны сыни ойлауға жетелеуде сын тұрғысынан ойлау әдістерін: (Бононың алты қалпағын, бес жол өлең, Джигсо) сабақта қолдандым. Сабақты бақылау кезінде байқағаным: бірінші сабақтағы оқушы іс-әрекетін 3,4- сабақтағы оқушылардың іс-әрекетімен салыстырғанда, алға жылжуды көрдім. Күннен -күнге белсенділіктері арта бастады. Оқу үрдісіне емін-еркін араласа бастады. Өзін-өзі, топты, өзара бағалауда да оқушылар белсенділік танытты.
5-сыныпта Ж.Молдағалиевтің «Ар-ұят туралы» өлеңін талдауда 7 модульді ықпалдастыра өткізген сабағымды назарларыңызға ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: |
Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» |
Жалпы мақсат |
ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлуматтар алуына жағдай жасау, «Ар — ұят туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу. өз бетінше талдау , зерттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау. |
сілтеме |
1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41-49-бет 2.Әдебиет пәнін оқыту әдістемесі |
Оқу нәтижесі: |
Ар-ұят туралы білімдерін кеңейту, Өлең талдау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адамгершілікке қасиетін тануға ықпал ету |
Негізгі идеялар: |
Шығарманың көтерген проблематикасын айқындау |
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Презентация, кесте ,стикер, флипчарт,бағалау кестесі |
Оқыту әдістері |
Сұрақ-жауап, миға шабуыл, бағалау түрі: формативті-қол шапалақтау, жеке , топтық жұмыс |
Дереккөздері |
оқулық |
тапсырмалар: |
Тапсырмалар, тақырып бойынша постер қорғау, ойталқы |
Сабақ бойынша мұғалім, оқушы іс-әрекеті
І Психологиялық ахуал туғызу 5минут. |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушы іс-әрекеті |
|
Адам қасиеттеріне байланысты мақал-мәтел арқылы топқа бөлу |
3 оқушыдан 2топқа бөлінеді |
Поэзия минуты 8мин |
«Дауыл»өлеңін мәнерлеп жатқа оқу Қасым кім? Өлең не туралы? |
Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды |
Бағалау.2мин |
Өзін-өзі бағалату |
«Қай деңгейде» әдісі |
7мин ІІ1.Ой шақыру
|
1-топ ар,ұят деген сөзді қалай түсінесіңдер? 2-топ Арсыз, ұятсыз деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? |
Оқушылар ойларын постерге түсіріп, қорғайды |
ІҮ.Жаңа тақырып 9м |
Бүгін сабақ не туралы болады деп болжайсыңдар? |
Өз ойларын ортаға салады |
Презентация көрсету |
Т.Молдағалиев «Ар-ұят туралы» І топ .Ақын өмірі туралы оқиды ІІ топ. Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіруді тапсырады |
Оқушылар мәтінді оқып, білгендерін ортаға салады. |
Талдау 5м |
Өлеңге сатылай талдату |
Оқушы тақтада өлеңді талдайды |
Ү.Қорыту Миға шабуыл 5м |
1.Қазіргі кезде арсыздық, ұятсыздық адамдар арасында жиі көрініс тауып жүрген жоқ па?Ол неден туындайдыдеп ойлайсыңдар? 2.Өзіңді қандаймын деп ойлайсың? Қолпаштау сөздері арқылы бағалау |
Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы өз ойларымен бөліседі |
ҮІ.Үйге 2мин |
«Ар,ұят-адамдықтың белгісі» Оқушыға ерік береді. 1.Өлең шығару 2.Ойтолғау жазу 3.Сурет салу |
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу |
ҮІІ.Бағалау 2мин |
Бірін-бірі бағалау. Қол әдісін қолдану |
Бір бірін бағалайды
|
Рефлексия |
Сабақтан алған әсері, ұсынысы стикерге жазу «Көңіл күй ағашы»әдісі |
Сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын жазады. |
Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттыруда 7 модуль әдісінің тиімді екенін әр сабақта оқушылардың іс-әрекетінен байқап отырдым. Рефлексия кезінде оқушылар біртіндеп өз ойларын еркін айт, жаза бастады. Бағалауда да дәлелмен әділ бағалау жүргізе бастады. Нашар оқитын оқушылар да сабақта белсенділік таныта бастады.