link14742 link14743 link14744 link14745 link14746 link14747 link14748 link14749 link14750 link14751 link14752 link14753 link14754 link14755 link14756 link14757 link14758 link14759 link14760 link14761 link14762 link14763 link14764 link14765 link14766 link14767 link14768 link14769 link14770 link14771 link14772 link14773 link14774 link14775 link14776 link14777 link14778 link14779 link14780 link14781 link14782 link14783 link14784 link14785 link14786 link14787 link14788 link14789 link14790 link14791 link14792 link14793 link14794 link14795 link14796 link14797 link14798 link14799 link14800 link14801 link14802 link14803 link14804 link14805 link14806 link14807 link14808 link14809 link14810 link14811 link14812 link14813 link14814 link14815 link14816 link14817 link14818 link14819 link14820 link14821 link14822 link14823 link14824 link14825 link14826 link14827 link14828 link14829 link14830 link14831 link14832 link14833 link14834 link14835 link14836 link14837 link14838 link14839 link14840 link14841 link14842 link14843 link14844 link14845 link14846 link14847 link14848 link14849 link14850 link14851 link14852 link14853 link14854 link14855 link14856 link14857 link14858 link14859 link14860 link14861 link14862 link14863 link14864 link14865 link14866 link14867
Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
Мазмұнды ойындар

Аннотация

Сюжетті-рольдік ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, қарым — қатынас әрекетін белсендіру. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне арналған әдістемелік нүсқау.

Мазмұны

І. Түсінік хат.

ІІ. Мектепалды қазақ тобына арналған сюжеттік-рөлдік ойындарының тізімі:

1. «Көше» сюжеттік-рөлдік ойыны.

2. «Аурухана» сюжеттік-рөлдік ойыны.

3. «Мектеп» сюжеттік-рөлдік ойыны.

4. «Шаштараз» сюжеттік-рөлдік ойыны.

5. «Дүкен» сюжеттік-рөлдік ойыны.

6. «Кітапхана» сюжеттік-рөлдік ойыны.

7. «Отбасы» сюжеттік-рөлдік ойыны.

8. «Құрылысшы» сюжеттік-рөлдік ойыны.

9. «Ателье» сюжеттік-рөлдік ойыны.

10.«Шекарашы» сюжеттік-рөлдік ойыны.

11.«Ғарышкер» сюжеттік-рөлдік ойыны.

ІІІ. Сюжеттік-рөлдік ойындарының болашақ жоспары

Түсінік хат.

«Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету

қандай орын алатын болса, балалар өмірінде ойын да сондай

үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін

жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке

адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады».

( А.С. Макаренко)

Бала мен балалар ұжымының дамуына мектеп жасына дейінгі іс-әрекетінің негізгі түрі - ойын зор рөл атқарады. Ойын - балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиелейді.

Орыс педагогы В.А. Сухомлинский: «Ойын - баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес» - деп айтады.Ойын - балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұны, әлеуметтік сипаты жағынан баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты.Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Ойынның түпкі ниеті — бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы.

Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Отбасы», «Балабақша»және т.с. болып ойнайды.

Ойынның сюжеттік мазмұны — бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, оның әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойынға ықылас пен ынтаны күшейтеді. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.

Ойын бала үшін нағыз өмір. Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді.

Сюжеттік-рөлдік ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжеттік-рөлдік ойындардың ерекшелігі - оны балалардың өздері жасайды. Сюжеттік-рөлдік ойында бейнелеу құралы - рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.

Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен ашық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Ойын – ұшқыр, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.

Ойын  — тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

«Көше» сюжеттік-рөлдік ойыны.

Бағдарламалық мазмұны: 1.Балаларға көліктердің түрлері, жүргізушілердің еңбегі және көше қозғалыстарының ережесі туралы түсінік беру. Балаларға бағдаршамның атқаратын жұмысын, автобусқа міну, көшеден өту ережелерін үйрету. Көше ережелерінің белгілерін түсінуге, ажырата білуге үйрету, көше қозғалыстарының ережелері жайлы білімдерін кеңейту. 2.Көше қозғалыстарының негізгі ережелеріне бағына білуге тәрбиелеу. Ойын атрибуттарын жасау, реттеушіні, жаяуларды, жүргізушілердің рөлін ойнауды уйрету. Атрибуттар: түрлі көліктер, коляскалар, велосипедтер, бағдаршам, белгілер, реттеушінің жұмыс киімі, жаяуларға арналған белгілер, жаяулар, жүргізушінің куәлігі,реттеушінің таяғы. Қатысушылар: полиция-реттеушісі, МАИ инспекторы, жүргізушілер, жаяулар.

Қыркүйек 1.Көше жайлы әңгімелеу, көліктердің әрекеттерін бақылау мақсатында көшеге саяхат. Сөздік: жолақтар(тратуарлар), қиылыстар, жол қиылысындағы қозғалыс. 2. «Қала көшесі» суреті бойынша әңгімелеу.Түрлі көліктердің екі жақтамалы қозғалысы, қиылыстар, жолақтар жайлы білімдерін тиянақтау. 3. «Жаяуға арналған жол» белгісін дайындау. «Жаяуға арналған жол» белгісі тұрған жерде жаяулардың жолақпен, жаяуларға арналған жолдан өтуін серуендеу барысында ойнату. 4. «Қозғалысты кім басқарады?» әңгімесін оқу. Балаларға МАИ инспекторының жұмысы жайлы түсінік беру. Сөздік: ала таяқша(жезл), рация, дыбыс ұлғайтқыш (громкоговоритель).

Қазан. 1.Балабақшаға МАИ инспекторын шақыру арқылы оның жұмысы туралы балалардың білімін кеңейту. 2. Атрибуттарды дайындау: шлем, белдік, күртеше, рация, дыбысұлғайтқыш. 3.Инспектор рөліне баланы таңдау және атрибуттарды ойнату. Көшеде жүру ережелері туралы білімдерін тереңдету.

Қараша. 1.Бағдаршаммен таныстыру. «Жол ашық, өтіңдер» әңгімесін оқу. Көліктермен жаяулардың қиылыстардағы қозғалысын, бағдаршамның жұмысын бақылау. 2. Атрибуттарды дайындау: бағдаршам. Бағдаршамның көмегімен жолдан өту және көліктердің қозғалысын ойнату.

3. «Бағдаршам» өлеңін жаттау. «Біздің қала көшелері» ойынын басқа тұрмыстық ойындарымен байланыстыру. Балаларды өз еркімен рөлдерді таңдауға үйрету.

Желтоқсан. 1.«Болуы мүмкін емес» суреті бойынша әңгімелеу.Балалардың көшеде жүру ережесінің қауыпсіздігін сақтау туралы білімдерін тиянақтау. 2.Балаларға полиция-реттеушісінің жұмысы туралы әңгімелеп беру. Топқа МАИ қызметкерін шақыру және «Біздің қала көшелері » ойынын көрсету, полиция-реттеушісінің ала таяқшамен(жезл) машиналарды тоқтатып, жаяуларды көшеден өтуін көрсету. 3. Атрибуттарды дайындау: МАИ қызметкерінің киімі, ала таяқша(жезл). Екі қиылыс жасап, полиция-реттеушісінің әрекеттерін ойнату. 4. «Қала көшесі» макетін дайындау.Балалар машиналардің , адамдардың кескінін, үйлерді жасайды. Көше қозғалыстарының ережелерін қайталау, тиянақтау.

Қаңтар. 1. «Көңілді бағдаршам» диафильмін көрсету. Балалардың көліктер мен жаяулардың жол қиылысындағы бағдаршаммен басқару ережелері туралы білімдерін тиянақтау. 2. Автобус аялдамасына экскурсия. Жүргізушінің сигнал беруін, жолаушылардың автобусқа мінулерін бақылау. Қарттар және балалы жолаушылар автобустың алдынғы есігінен кіреді. Ережені сақтай отыра, автобустың қай жағынан және қалай өтуін әңгімелеу. 3. Балалармен қозғалыс ережелеріне жүгіне отырып, автобусқа міну ойынын ойнату. 4. Қыс мезгіліндегі қозғалыс жайлы әңгімелеу. Балаларға қауыпсыздық ережелерін сақтау әдеттерін қалыптастыру.

Ақпан. 1. «Қызыл, сары, жасыл» ойын-сауық өткізу.Көше қозғалыстарының ережелері туралы алған білімдерін тиянақтау. 2. Жолда жүру ережелерін бұзғандар және оларға қандай шара қолдану керектігі туралы әңгімелеу. 3. «Мен және менің достарым» ойынын үйрету. 4. Балаларды автотұрақ, жаяуларға өтуге болмайтын, «Балалар» жол белгілерімен таныстыру.

Наурыз. 1. «Асхана», «Аурухана» қасындағы автотұрақтағы көліктердің көбеюін бақылау. 2. Жүргізушілерге жол белгілері асхананы, аурухананы табуда көмектесетінін түсіндіру. «Медициналық көмек орны», «Тамақтану орны» белгілерімен таныстыру. Балаларға таныс болған белгілердің атрибуттарын жасату. Олардың алған білімдерін қортындылау, тиянақтау. 3. Белгілерге сәйкес көшедегі көліктердің қозғалыстарын ойнату. «Телефон», «Асхана», «Аурухана» ойындарымен байланыстыру. «Тауып ал» дидактикалық ойыны, көше қозғалыстарының ережесі туралы білімдерін тиянақтау.

Сәуір. 1.Х. Талғаровтың «Дос болайық бәріміз» өлеңін оқу. Жаяулар ережесін қайталау, тиянақтау. 2.Балалармен «Қайда ойнауға болады, қайда ойнауға болмайды?» тақырыбы бойынша әңгімелесу. 3.«Жүргізушілер» қозғалыс ойынын үйрету. Сигнал бойынша әрекеттер, бағдаршамның жұмысы туралы білімдерін қайталау. 4.«Қызыл, сары, жасыл» ойынын басқа тұрмыстық ойындармен байланыстыру.

Мамыр. 1. Жол белгілері атрибуттарын қолданып, балабақша ауласында балалармен ойын өткізу. 2. МАИ қызметкерін жүргізуші рөліне шақыру.

«Аурухана» сюжеттік-рөлдік ойыны.

Бағдарламалық мазмұны: Балалардың дәрігер мамандығы жайлы білімдерін кеңейту: балалар дәрігері (педиатр), медбике, жедел жәрдем дәрігері, окулист(көз дірігері), хирург, лоринголог, терапевт, стоматолог(тіс дәрігері), фармоцевт. «Емхана» ойынын басқа ойындармен байланыстыру арқылы толықтыру және дамыту. Медициналық терминдермен балалардың сөздік қорын кеңейту. Топтарда ойынды үйымдастыруға үйрету барысында достық қарым-қатынасты нығайту.Рөлдерге өз қалауларымен бөлуді үйрету. Ұжымдық ойында басқарушылық іскерліктерін қалыптастыра отырып, бірлестікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Ойын атрибуттары: 1.Педиатр кабинеті: дәрігер, медбике, халат, бас киім, рецептер, градусник, жолдама, фонендоскоп, шпатель, , ойыншық, витаминдер. 2.Емшара бөлмесі: дәрігер, медбике, халат, бас киім, шприцтер, банкелер,қыша қағазы, инголятор, мақта, спирт, витаминдер. 3.Дәріхана: дәрі сатуші, фармоцевт, дәрілер, дәрілерге арналған сөрелер, рецепт. 4.Окулист(көз дәрігері): бас киім, халат, таблица, бинт, мақта, пипетка, көзге тамызатын дәрі, мазь, көзілдірік. 5.Жедел жәрдем: дәрігер, жедел жәрдем көлігі, халат, бас киім, дәрілер салынған чемодан. 6.Терапевт: дәрігер, медбике, рецептер, жолдамалар, ширма, кушетка, градусник, шпатель. 7.Стоматолог: дәрігер, медбике, қысқыштар, пинцепт,тісті емдеуге арналған заттар, халат, бас киім, сабын, спирт, шприц.

Қыркүйек.

1.«Біз дәрігерміз» әңгімесін оқу, әңгімелеу. Балаларды барлық мамандықтардың жұмысы жақсы және қажет екендігін, бірақ жер бетіндегі ең керекті мамандық дәрігер, себебі ол адамдардың өміріне жауаптылығы туралы өз ойларын айтуға, қортынды жасауға үйрету.

2.Атрибуттар дайындау.

3.«Педиатр кабинеті» (градусник, фонендоскоп, рецептер, шпатель, еңбекке жарамсыздық парақтары). Медицина қызметкерлерінің аттарын және олардың атқаратын жұмыстары туралы білімдерін тиянақтау. «Дәрігер» өлеңін оқу.

Қазан.

1.Балалар дәрігері туралы әңгімелеу. «Кім болғым келеді?» суреттер жинағын көру. Балалар дәрігері жас балаларды емдейтінін және ол өте мейірімді жан екенін түсіндіру Сөздік: педиатр, мейірімді, фонендоскоп.

2.Педиатр кабинетіне серуен. Дәрігермен науқас кісінің ортасындағы әңгімені бақылау.К.И. Чуковскийдің «Дәрігер Айболит» ертегісінен үзінді оқу.

3.«Дәрігер және науқас бала» сюжеттік ойынын ойн

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности