link3336 link3337 link3338 link3339 link3340 link3341 link3342 link3343 link3344 link3345 link3346 link3347 link3348 link3349 link3350 link3351 link3352 link3353 link3354 link3355 link3356 link3357 link3358 link3359 link3360 link3361 link3362 link3363 link3364 link3365 link3366 link3367 link3368 link3369 link3370 link3371 link3372 link3373 link3374 link3375 link3376 link3377 link3378 link3379 link3380 link3381 link3382 link3383 link3384 link3385 link3386 link3387 link3388 link3389 link3390 link3391 link3392 link3393 link3394 link3395 link3396 link3397 link3398 link3399 link3400 link3401 link3402 link3403 link3404 link3405 link3406 link3407 link3408 link3409 link3410 link3411 link3412 link3413 link3414 link3415 link3416 link3417 link3418 link3419 link3420 link3421 link3422 link3423 link3424 link3425 link3426 link3427 link3428 link3429 link3430 link3431 link3432 link3433 link3434 link3435 link3436 link3437 link3438 link3439 link3440 link3441 link3442 link3443 link3444 link3445 link3446 link3447 link3448 link3449 link3450 link3451 link3452 link3453 link3454 link3455 link3456 link3457 link3458 link3459 link3460 link3461 link3462 link3463 link3464 link3465 link3466 link3467 link3468 link3469 link3470 link3471 link3472 link3473 link3474
Мусайбекова Гульжан Канашовна
Должность:учитель ИЗО,черчения,технологии,зам.дир.по УВР
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:СКО,Уалихановскийр,село Кишкенеколь
Сызу сабағында оқушылардың сыни ойлауын дамыту

СЫЗУ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ

Мусайбекова Г.К

Кішкенекөл №1 орта мектебі

Уәлиханов ауданы.Солтүстік Қазақстан облысы.

Қазақстан Республикасы

Аннотация

Данное занятие построено на основе технологии критического мышления. В нем присутствуют три основных этапа:
-стадия вызова (формируется учебная задача);
-стадия осмысления (сохраняется и развивается интерес при работе с новой информацией и осуществляется движение от старых знаний к новым);
-стадия рефлексии( проводится анализ деятельности учащихся в течении занятия).
Спецификой данной разработки урока является:
-перенос методов технологии критического мышления от работы с текстовой информацией на работу с графической;
-движение процесса обучения учащихся от общего к частному;
Применение технологии критического мышления позволяет формировать пространственное мышление учащихся.

Summary

This occupation is constructed on the basis of technology of critical thinking.

There are three main stages:

-call stage (the educational task is formed);

-comprehension stage (remains and develops interest during the work with new information and movement from old knowledge to new knowledge );

-Reflection stage (the analysis of activity of pupils during the lessons).

Specifics of this development of the lesson is:

To transfer the methods of technology of critical thinking from work with text information for work with the graphic information

Keywords

New approaches

Critical thinking

Development

New information

Graphic work

Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.
Білуі қажет:
- алдын-ала сенімділік туғызу;
- білімдерін бір-біріне жеткізу;
- бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсер етуі.

Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:
- Мен не білемін?
- Мен жаңаша нені білдім?
- Менің білімім қалай өзгерді?
- Мен осы біліммен не істей аламын?

XXІ ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету.

«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, сабақ үш кезеңнен тұрады :
- Шақыру
- Іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну)
- Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы)

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» қолданған сызу сабағының жоспары. Тақырыбы: "Заттың екі көрінісі бойынша үшіншісін сызу»

Бұл сабақ СТО технологиясының негізінде құрылған.Сабақ негізгі үш кезеңнен тұрады:

-ой шақыру кезеңі (оқыту мақсаты айқындалады);
-мәнін түсіну кезеңі (жаңа ақпаратпен жұмыс жасау арқылы қызығушылықтары артады және білімдерін толықтырады);
- кері байланыс кезеңі( оқушының сабақ барысындағы жұмысы талданады).
СТО ны сызу сабағында қолданудың ерекшелігі:
-мәтінмен жұмыс барысында қолданатын сыни тұрғысынан ойлау әдістерін графикалық жұмыста қолдануға бейімдеу;
-оқыту процесінің жалпыдан жекеге ауысуы ;
Ақпараттық технологияларды сабақта қолдану оқушының кеңістікте ойлау қабілетін қалыптастыру .

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:
-техникалық құрастырудың білім білік дағдыларын жетілдіру;
-сызба бойынша зат пішінін талдауға үйрету;
-зат сызбасын оқу дағдыларын қалыптастыру
-сызбаны оқу және сызу барысында сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру;
-зат көріністерін орындауға үйрету.
Дамытушылық:
-Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту;
-логикалық ойлауын дамытуразвитие логического мышления;
-АҚТ арқылы сараптамалық біліктерін дамыту

-тапқырлығы мен көшбасшылығын дамыту

Тәрбиелік:

-өзгенің пікірімен санасу ,тыңдай білу дағдысын қалыптастыру
-бақылампаздығын қалыптастыру;
-пәнге деген оқушы қызығушылығын арттыру
Сабақ міндеттері:
1) Техникалық сызуға қабілетті және қызығушылық танытатын оқушыны анықтау;
2) Өз бетінше пәнді игеруге ынталандыру.
Пәнаралық байланыс:
1) «Геометрия»
Сабақ түрі: практикалық сабақ
Сабақ барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі :

<!-- [if !supportLists]-->1.1 <!--[endif]-->Бұл кезеңде оқушы зейінін сабаққа аудару үшін дәстүрден тыс ұйымдастыруды қолдануға болады,мысалы: Жауабы шегіртілген тапсырма беру.Тапсырма жауабын сабақ барысында анықтауға тырысады.Бұл әдіс оқушының фактілерді салыстыру және талдау дағдыларын ,қолда бар ресурс арқылы шешуін табу қабілетін қалыптастырады:

Сабақ мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру.Оқушылармен бірге табыс критерийлерін құру оларға өз беттерінше сабақ мақсатын айқындауға мүмкіндік береді.

Табыс критерийлері:

Кескіндерді талдай,салыстыра аламыз

Екі көрініс бойынша үшінші көріністі сыза аламыз


2) Өткен теориялық материалды қайталау:
Жеке жұмыс барысында оқушыларға 5 сұраққа жауап беру ұсынылады Сұрақтарға жауап беру уақыты (1,5мин):
1) Проекциялау әдісі дегеніміз не?
2) Негізгі проекциялау әдісін ата
3) Барлық жағдайда сызбада заттың бір көрінісі жеткілікті ма?Неге?
4) Кескіндердің қайсысы негізгі деп есептеледі? Неге?
5) Көрініс деген не?Негізгі көріністерді ата,орналасуын белгіле

Дұрыс жауаптар тақтада шығарылып ,оқушылар жұптасып тексереді.3,4,5 сұраққа жауапты ауызша толықтырады.Бұл оқушыға өз жауабын талдауға мүмкіндік береді.

3) Кескінмен жұмыс. Сызба бойынша затты талдау.Бұл жұмысты шағын топта жасау тиімді өйткені оқушылар өзара талқылау арқылы дұрыс шешуін табу үшін пікір алмасады.
Шығармашылық ойлауын дамытуға арналған тапсырма. «Үйдің қасында жәшік пен бөшкелер тұрды.Жауыннан кейін оларды алып тастады.Қалдырған ізінен қанша және қандай зат тұрғанын анықтау қажет.».

Тапсырма жауабы
Бұл тапсырманың бірнеше жауабы болуы мүмкін,сондықтан оқушы арасында зерттеушілік әңгіме пайда болады.Ол өз кезегінде сын тұрғысынан ойлауды дамытудың бір жолы.Мұғалім өз тарапынан бағыттаушы сұрақ қою арқылы әңгімені дамытуға жағдай жасайды.Бұл кескінді талдау арқылы оқушылар келесі түйін жасайды: Зат саны 6 , бірақ ол әртүрлі заттар және орналасуы әртүрлі болуы мүмкін.Жауап үлгісі
6 бөшке, 3тігінен тұрды, ал 3 жатты.
5 бөшке ,1 жәшік…
3 бөшке , 3 жәшік.
Талқылау барысында оқушылар келесі қорытынды жасайды: Қандай зат екенін анықтаумен қатар олардың орналасуын анықтау маңызды .

4) Тақтада жұмыс
Тақырыпты бекіту үшін оқушыларға сызбадағы қателерді табу және үшінші көріністі сызу тапсырмасы беріледі.

Оқушылар сызбаны сызықтармен толықтырып әрбір сызықтың қажеттілігін дәлелдейді.

тапсырма жауабы

5) Сабақ нәтижесін бағалау.Сабақтың негізгі міндеттерін қорыту,тақырып бойынша табыс критерийлер орындалды ма жоқ па белгілеу.
Оқушылар сабақ басында ,ұйымдастыру кезеңінде берілген «жауабы шегіртілген тапсырманы» орындауға қажетті білім алғандарын соны орындау арқылы анықталады. .

6) Бекіту кезеңінде оқушылар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Бұл тапсырмада оқушылар сызбаны толықтырып ,талдайды,кескіндерін орындайды. Бұл тапсырманы орындалу деңгейіне қарай сабақтың нәтижелілігін бағалауға болады.

Әдебиет:

1. Екінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық

2. Махметова.А.,Жаңа оқыту технологияларының білім сапасын арттырудағы рөлі.№ 2,2006 ж.

Комментарии пользователей /2/
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности