link12222 link12223 link12224 link12225 link12226 link12227 link12228 link12229 link12230 link12231 link12232 link12233 link12234 link12235 link12236 link12237 link12238 link12239 link12240 link12241 link12242 link12243 link12244 link12245 link12246 link12247 link12248 link12249 link12250 link12251 link12252 link12253 link12254 link12255 link12256 link12257 link12258 link12259 link12260 link12261 link12262 link12263 link12264 link12265 link12266 link12267 link12268 link12269 link12270 link12271 link12272 link12273 link12274 link12275 link12276 link12277 link12278 link12279 link12280 link12281 link12282 link12283 link12284 link12285 link12286 link12287 link12288 link12289 link12290 link12291 link12292 link12293 link12294 link12295 link12296 link12297 link12298 link12299 link12300 link12301 link12302 link12303 link12304 link12305 link12306 link12307 link12308 link12309 link12310 link12311 link12312 link12313 link12314 link12315 link12316 link12317 link12318 link12319 link12320 link12321 link12322 link12323 link12324 link12325 link12326 link12327 link12328 link12329 link12330 link12331 link12332 link12333 link12334 link12335 link12336 link12337 link12338 link12339 link12340 link12341 link12342 link12343 link12344 link12345 link12346 link12347
Кожахметова Гульжихан Беккалиевна
Должность:учительница начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Мангыстауская область Каракиянский район , село Мунайшы
Открытый урок по родному языку "Қамқорлық"

Маңғыстау облысы,

Қарақия ауданы,

Мұнайшы селосы

№7 орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі Қожахметова Гульжихан Беккалиевна.

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: Қамқорлық. Б. Соқпақбаев.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Мәтінді мәнерлеп, нақышына келтіре оқи отырып, мәтін мазмұнындағы айтылғалы отырған ойды түсіну, мазмұнын өз сөздерімен баяндап беруге бейімдеу.

2. Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру, ой — қиял ұшқырлығын дамытуға жұмыстандыру арқылы, шығармашылық қиялын, дүниетанымын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүюге, тіршілік иелеріне қамқорлық жасап, мейірімділік таныту,жақсы мен жаманды айыра білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс — тәсілі: Ж. Қараев технологиясы.

Техникалық құрал: Видеопроектор.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу,қазақ тілі

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал ұйымдастыру.

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Бастамас бұрын сабақты

Амандасып алайық.

Жарқырасын күніміз,

Жайнап тұрсын гүліміз.

Жақсы ниет тілекпен,

Бастайық сабақ бүгін біз.

- Ал қане балалар орнымызға отырып, оқу іс-әрекетімізді бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Мәнерлеп оқу

ә)«Көжек» әңгімесінің мазмұнын айту

ә) «Жедел ойлау» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап алу

1. Мәтін шығарманың қай түріне жатады? (Ертегі)

2. Ертегідегі кейіпкерлерді ата. (Шаруа, көжек)

3. Шаруа көжекті қайдан тауып алды? (Мұздан)

4. Ертегідегі негізгі ой нені меңзейді? (Туған жер)

ІІІ. Ой қозғау:

-Балалар, біз өтіп жатқан тарауымыз қалай аталады?

-«Табиғат — менің өз үйім» деп аталады

-Адам және барлық тіршілік атаулы, жан — жануарлар, құстар, жәндіктер, өсімдіктер бәрі табиғат перзенті.

Көктем айында барлық тіршілік атаулы өзінің қарбалас кезін бастайды. Мысалы құстар туған жерге оралып, ұя салып , балапан өргізеді.Ал жануарлар ұрпақ көбейтіп, төлдейді. Сондықтан барлығымыз осы табиғатперзенттеріне қамқорлық жасауға міндеттіміз.

-Қамқорлық дегенді қалай түсінеміз:

Осыған орай бүгін өзімізге таныс атақты жазушы Б. Соқпақбаевтың «Қамқорлық» мәтінін өтеміз.Бұл мәтінде қандай қамқорлық жөнінде сөз болған екен ,келіңдер, танысайық.

«Сөз ойла, тез ойла»

қ м о л қ ы а қ р

Адам бойындағы жақсы қасиеттерді айту

-Қандай сөз шықты?

-Қамқорлық

Осыған орай бүгін өзімізге таныс атақты жазушы Б. Соқпақбаевтың «Қамқорлық» мәтінін өтеміз.Бұл мәтінде қандай қамқорлық жөнінде сөз болған екен ,келіңдер, танысайық.

ІV.Жаңа тақырып: Қамқорлық. Б. Соқпақбаев туралы мағлұмат беру.

Мәтінді оқу.

Сөздік жұмыс.

Жан далбаса — асыға, тездете.

Ентелеп — Бірдеңеге үлгере алмай қалатындай, ентігіп, демалысы жиілеп.

Дуал — үйді, бақты айнала қоршалған қоршау.

Әккі — төселген, қуланған, әбден бойы үйреніп алған.

Безбүйрек — аяусыз.

Топшы – құс қанатының кеудеге жалғасқан жері.

Бейқам — ешнәрсе ойламай отыруы.

V. Жаңа сабақты пысықтау

1.Мәтінді мазмұндау.

Джиксо әдісі бойынша

2.«Торғай» «Қамқорлық» мәтіндерін салыстыру.

Венн диаграммасы

VІ. Сергіту сәті.

Желкілдеген желменен,

Желегінді тербеген.
Өсірді оны дихандар,
Тамшылаған терменен.

VІІ,Деңгейлік тапсырмалар:

1. Міндетті деңгей:

а) іштей , түсініп оқу;

ә) тізбектей оқу.

2. Алгоритмдік деңгей:

· Кейіпкерлерге мінездеме беру.

3. Эвристикалық деңгей:

· Сен қалай ойлайсың?

· Сен Қожаның орнында болсаң не істер едің?

· Мәтін туралы өз ойын ортаға салу.

· Қорытынды жасау

4. Шығармашылық деңгей:

· Мақал — мәтелдерді, халық даналығын қолдана отырып оз ойымен «Жақсылық пен Жамандық» тақырыбына әңгіме жазу.

VІІІ.Қорытындылау

- Балалар, бүгін біз не туралы мағлұмат алдық?

- Қамқорлық, мейірімділік.

- Сендерге әңгімедегі қай кейіпкер ұнады, қай кейіпкер ұнамады?Неліктен?

ІХ. Кері байланыс:

1. Мәтін авторының кім?

2. Мәтіндегі Жантас қандай бала?

3. Мәтіндегі Қожа қандай бала?

4. Қожаға толығырақ мінездеме бер.

5. Жантасқа толығырақ мінездеме бер.

6. Жантастың алғашқы оғы неге тиді?

7. Торғайдың халін баяндап бер.

8. Мәтіндегі негізгі ой не?

- Бүгінгі сабақ ұнады ма?

- Несімен ұнады?

Х.Бағалау.

ХІ.Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеп беру.Құстар — біздің досымыз» тақырыбына эссэ жазу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности