link4920 link4921 link4922 link4923 link4924 link4925 link4926 link4927 link4928 link4929 link4930 link4931 link4932 link4933 link4934 link4935 link4936 link4937 link4938 link4939 link4940 link4941 link4942 link4943 link4944 link4945 link4946 link4947 link4948 link4949 link4950 link4951 link4952 link4953 link4954 link4955 link4956 link4957 link4958 link4959 link4960 link4961 link4962 link4963 link4964 link4965 link4966 link4967 link4968 link4969 link4970 link4971 link4972 link4973 link4974 link4975 link4976 link4977 link4978 link4979 link4980 link4981 link4982 link4983 link4984 link4985 link4986 link4987 link4988 link4989 link4990 link4991 link4992 link4993 link4994 link4995 link4996 link4997 link4998 link4999 link5000 link5001 link5002 link5003 link5004 link5005 link5006 link5007 link5008 link5009 link5010 link5011 link5012 link5013 link5014 link5015 link5016 link5017 link5018 link5019 link5020 link5021 link5022 link5023 link5024 link5025 link5026 link5027 link5028 link5029 link5030 link5031 link5032 link5033 link5034 link5035 link5036 link5037 link5038 link5039
Абдрашитов Руслан Абдрахманович
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны

Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі,
Қазақстан Журналистер Одағының және
Халықаралық Ұстаздар Одағының мүшесі,
"Бейбітшілік әлемінің" Алтын медаль иегері
КАРЖАУБАЕВ РУСЛАН МУЛДАБАЕВИЧ

Сабақтың тақырыбы:

Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны


Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік - айтыскер ақын, Жамбылдың өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуда оқушыларға жан-
жақты білім беру үшін ақынның туған халқына, оның әдебиетіне сіңірген еңбегін таныту.
2. Дамытушылық — оқушылардың ой-өрісін дамыту, әдебиетті сүюге баулу, ақын туралы қосымша деректер
келтіру арқылы пәнге қызығушылығын ояту.
3. Тәрбиелік — адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, ақын өмірін үлгі ету, Отанын,өнерді сүюге баулу.
Түрі: Танымдық сабақ
Типі: Жаңа сабақты меңгеру
Көрнекіліктер: Жамбыл Жабаевтың портреті, интеративтік тақта, слайд.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу.
- Түгендеу.
- Жұмылдыру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1. “Сағындым”, “Балалық шақ”өлеңдерін жатқа сұрау.
2. “Білімдінің сөзі - ем”, “Балалық шағың — патшаның тағы” тақырыбына шағын эссе жазу.
3. Өлеңді талдау.
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
“Қарашығым, құлыным!” деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.
 Шумақ –
 Тармақ –
 Бунақ –
 Буын –
 Ұйқас -
қ — жауап.
1. Мағжан кім?
2. Мағжанның қайтпас, қайсар мінезін өзінің қай өлеңінен байқауға болады?
3. “Сағындым” өлеңінде ақын нені, кімдерді сағынады?
4. Ақын абақтыға кімдер үшін түсті?
5. “Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!” — деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жамбыл Жабаев. «Өтеген батыр» дастаны.
Менің өмірім
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей — көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан, –
Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы февраль айы екен.Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін — мен тіл алмай қасаратынмын. Менің ағам, әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде барлық тентектікті ұмытып, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді.
Жамбыл Жабаевтің түрлі суреттері, қалаларда орнатылған ескерткіштері, ақынның өмірінің соңында тұрған үйінің суретін көрсетемін. Жамбылға арнап «Жамбыл» атты кино түсірілкенін және басты рөлде Шәкен Аймановтың ойнағанын айтыс суреттерін слайдтан көрсетемін.
Сүйінбай Аронұлы Алатаудың аса сұлу бөктеріндегі Алматыға жақын Қарақыстақ ауылында 1815 жылы туып, 1898 жылы 83 жасында дүние салған. Болашақ даңқты ақын жасында жоқшылық тауқыметін көп тартқан. Жастайынан жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған.
Ақын Қожахмет Тұрлыбайұлы бір өлеңінде:
Сүйінбай он жасында қалды жетім,
Жылаумен секпіл басқан екі бетін.
Жетімді жетілдіріп, жүйрік еткен
Алланың көрмеймісің құдіретін,
Сүйінбай — ХІХ ғасырдың 30- жылдарынан 80- жылдардың соңына дейін алпыс жылдан астам іркіліссіз жырлаған, айтыста жеңіліп көрмеген аса көрнекті ақын.
Бала ақынның болашағынан үлкен үміт күткен көреген жырау: «Осы шабысыңнан тайма! Өлең жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт, әділдікті жырла! Көне тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, даңғыл жолға түс! Өлеңің бүкіл халық сүйсініп, көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын! Сенің көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын!» - деп бата береді. Жамбыл да :
Менің пірім - Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай!
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай!
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай!
Екпінімі іліккен,
Кетер ме екен жығылмай.
деп, Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап, ұстазының есімін ардақтаумен өтеді.
ІV. Жамбылдың шығармашылығын төрт топқа бөліп қарауға болады:
1. Байларды, халықтың қолы жете алмаған байлықты сынайтын өлеңдері. Мысалы: “Сәт сайланарда”, “Мәңке”, “Шалтабайға”.
2. Ұлы Отан Соғысы жылдарында жазылған өлең-жырлары. Мысалы: “Ленинградтық өренім”, “Аттандыру”,”Отан әмірі”, “Ата жаумен айқастық”, “Өмір мен өлім белдесті”.
3. Айтыстары. Мысалы: Айкүміспен, Бұрым қызбен, Сарамен, Сарбаспен, Досмамбетпен, Құлмамбетпен, Шашубай және т. б
4. Дастандары: “Өтеген Батыр”, “Сұраншы Батыр”
«Өтеген батыр» дастаны.
Өтеген батыр (1699-1773) — XVIII ғасырдың І-жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан.1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1470 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат етіседі. 1756 жыл шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты деген аңыз да бар.
Өтеген батыр — ел арасында аңызға айналған адам. Оны алғаш жырлаған Сүйімбайдың бабасы Күсен ақын. Өтеген батыр жайында тарихи дерек жинаған тарихшы Делебаевтың материалына қарағанда, Тілеміс, Майкөт ақындар да батырды дастан етіп жырлаған екен. Бұлардың ішінде бізге жеткені — Жамбылдың «Өтеген батыр» дастаны. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздар жинауға әдебиетшілер Е.Ысмайылов, Қ.Тұрғанбаев, Н.С.Смирнова, С.Бегалиндер қатысқан. Алматы облысының Бозой мен Қарой аралығында Өтеген батыр есімімен аталатын жерлер бар.
V. Қорытынды:
1. Тест сұрақтары:
1. Жамбыл қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
А)1845ж.Шығыс Қазақстанда В)1846ж.Әулие ата өңірінде.
С)1848ж.Орталық Қазақстанда. Д)1847ж. Көкшетау облысында.
2. Жамбылдың шығармасы.
А)``Сұраншы батыр`` В)``Қыс`` С)``Сағындым`` Д)``Жүйрігім``
3.Жамбылдың ұстазы кім еді?
А) Абай В) Тезек төре С) Cүйінбай Д) Шашубай
5. Ақынның жыры жас ұрпақты неге үндейді?
А) Білімге В) Еңбекке С) Жалқаулыққа Д) Ерлік пен туған жерді сүюге.
6.Жамбыл қай жылы қанша жасында қайтыс болды?
А) 1945ж 99 жасында. В)1946ж 100 жасында. С)1947ж 101 жасында. Д)1949ж 102 жасында.
2. Бес қатар өлең жолын құрастыру
1. Зат есім (Жамбыл)
2.Сын есім (Талантты, әділ)
3.Етістік (Айтысады, жеткізеді, дәлелдейді)
4.Сөйлем құрау (Жамбыл- жыр алыбы)
5.Бір синоним (Ақын)
VІ. Оқушыларды бағалау.
VІІ. Оқушыларға үй тапсырмасын беру: Жамбыл Жабаевтың өмір жолын және «Өтеген батыр» дастанын оқу, мазмұндау.


Комментарии пользователей /2/
  1. Fhe
    чушь angry
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности