link14400 link14401 link14402 link14403 link14404 link14405 link14406 link14407 link14408 link14409 link14410 link14411 link14412 link14413 link14414 link14415 link14416 link14417 link14418 link14419 link14420 link14421 link14422 link14423 link14424 link14425 link14426 link14427 link14428 link14429 link14430 link14431 link14432 link14433 link14434 link14435 link14436 link14437 link14438 link14439 link14440 link14441 link14442 link14443 link14444 link14445 link14446 link14447 link14448 link14449 link14450 link14451 link14452 link14453 link14454 link14455 link14456 link14457 link14458 link14459 link14460 link14461 link14462 link14463 link14464 link14465 link14466 link14467 link14468 link14469 link14470 link14471 link14472 link14473 link14474 link14475 link14476 link14477 link14478 link14479 link14480 link14481 link14482 link14483 link14484 link14485 link14486 link14487 link14488 link14489 link14490 link14491 link14492 link14493 link14494 link14495 link14496 link14497 link14498 link14499 link14500 link14501 link14502 link14503 link14504 link14505 link14506 link14507 link14508 link14509 link14510 link14511 link14512 link14513 link14514 link14515 link14516 link14517 link14518 link14519 link14520 link14521 link14522 link14523 link14524 link14525 link14526 link14527 link14528 link14529 link14530 link14531 link14532 link14533 link14534 link14535 link14536 link14537 link14538 link14539 link14540 link14541 link14542 link14543
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Фосфор қосылыстарының қасиеттері

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті

70 Жанқожа батыр атындағы мектеп

Химия пәнінің мұғалімі

Ермаханова Эльмира Абдибаевна

Сабақтың тақырыбы:

Фосфор. Фосфор қосылыстарының қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

n Фосфордың атом құрылысы, оның аллотропиялық түр өзгерісі және оттекті қосылыстары: фосфордың (V) оксиді, фосфор қышқылы мен тұздарын қарастыру. Фосфор тыңайтқыштары туралы түсінік қалыптастыру.

n Қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге, өздігінен іздену жұмыстарын жетілдіру, ой — өрістерін дамыту.

n Білім деңгейлерін анықтау, топ болып және презентациямен жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың типі: Білімді бекіту

Сабақтың түрі: Конференция

Құрал — жабдықтар: Компьютер, нұсқаулық қағаз, Қазақстан картасы, периодтық жүйе, құрамында фосфоры бар заттар, кестелер, адам қаңқасы, металдардың кернеу қатары, сынауықтар.

Реактивтер: натрий ортофосфаты, мырыш, магний ұнтақтары, ортофосфор қышқылы, қорғасын нитраты, мыс сульфаты, қызыл фосфор, спиртшам, шырпы, темір қасық, индикатор лакмус қағазы.

Сабақтың құрылымы:

Сабақтың барысы

Берілетін уақыт

Ұйымдастыру кезеңі

1 минут

Оқушылардың білімдерін тексеру

10 минут

Оқушылардың презентацияны қорғау кезеңі

30 минут

Сабақтың қорытындысын шығару. Рефлексия

3 минут

Үйге тапсырма беру

1 минут

Мұғалім: Сабағымыздағы сөз болатын элементті А.Е.Ферсман «Ақыл — ой элементі» деп атаған.Оны 1669 жылы неміс алхимигі Х.Бранд тапқан. Қараңғыда жарқырайтын болған соң аты да соған сәйкес. Бұл элементтің атын грек тілінен аударғанда «Жарық шығарушы» деген мағына береді. Қандай элемент туралы сөз болып отыр? Оқушылар: (күтілетін жауап) Бұл элемент фосфор деп жауап береді. Мұғалім: Сабағымыздың тақырыбы: «Фосфор. Фосфор қосылыстарының қасиеттері». Фосфордың қызықты қосылыстары жайында да жазушылар өз шығармаларында жазып кеткен.Солардың бірі атақты фантастикалық шығармалардың авторы, ағылшын жазушысы А.Конан Дойл өзінің «Баскервили иті» деген шығармасында фосфор туралы айтып кетеді. «… Иә! Бұл қап — қара үлкен ит болатын. Бірақ мұндай итті ешкім де көрген емес. Оның аузынан жалын шығып, көздері ұшқын шашып, тұмсығы мен танауынан от шығып тұрды. Ол тұман арасынан шыға келгенде, мұндай қорқынышты, жиіркенішті құбыжықты ешкім де көрем деп ойлаған емес… Бұл қорқынышты иттің үлкендігі жолбарыстай еді. Оның арандай ашылған аузы әлі де көгілдір жалынмен жарық шығарып тұрды, оның жабайы көздері де отқа оралған еді. Мен осы жарқырап тұрған басқа қолымды тигізіп, қарағанымда саусақтарымның да қараңғыда жарқырағанын көрдім. – Фосфор, — дедім мен. » Бұл үзіндіде А.Конан Дойл химиялық қателік жіберді. Біз оны атауымыз үшін фосфордың қасиеттерін, ерекшеліктерін анықтауымыз керек. Сонымен сабағымыздың мақсатын айтайық. Оқушылар: (күтілетін жауап) Сабақтың мақсаты: фосфордың құрамын, құрылысын, қасиетін және қолданылуы мен қосылыстарын қарастыру. Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда «Нұсқаулық»бар, осы арқылы сіздер қысқаша түсінік бересіздер. Конфренцияны жүргізу.

Сөзді бірінші топқа береміз. Презентация «Фосфор — V топ элементі» (Үй тапсырмасы) Сөзді екінші топқа береміз. Презентация «Фосфор қышқылы» (Үй тапсырмасы) Сөзді үшінші топқа береміз. Презентация «Адамға фосфор керек пе?»(Үй тапсырмасы) Оқушылар тапсырмалары бойынша баяндап жатқанда мұғалім топтың жасаған презентациясын критерий бойынша бағалайды. Презентация нұсқаулыққа сәйкес болуы керек. Балалар тапсырмаларын орындап болған соң автордың шығармасындағы сұраққа жауап береді. «Үзіндіде А.Конан Дойл қандай химиялық қателік жіберді?»

Оқушылар: (күтілетін жауап) Егер ит тұманның арасынан қараңғыда шықса,онда оның аузынан да, тұмсығы мен танауынан да жалын шықпайды.Себебі фосфор тек өте өткір күннің сәулесінен ғана жануы мүмкін. Мұғалім: Сіздердің осы еңбектеріңізді бағалап, қорытындысын шығарамыз. Үйге тапсырма: § 18,19,1-5 жаттығу.

Скачать урок

Скачать файл: fosfor.doc
Посмотреть онлайн файл:


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности