Қазақстан, Қызылорда қаласы
№ 235 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Қойшыбаева Айгерім Серікбайқызы
1.Білімдік : Оқушыларға «Мәңгі жасар өмір » әңгімесін оқытып , мазмұнын түсіндіру , мәтіннің сюжеттік құрылысын талдау . Әңгіменің авторы мен ақын Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармалары туралы білімдерін толықтыру .
2. Тәрбиелік : Оқушыларға Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен еңбектерін үлгі ете отырып ,Отанын сүюге , адамгершілік , адалдық ,ізгілікке , білім , ғылымды меңгерген , көкірегі ояу азамат болуға баулу .
3. Дамытушылық : Оқушылардың көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру , оқып түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілі : Сөздік , көрнекілік , сұрақ — жауап , әңгімелеу , талдау , пікірлесу .
Көрнекілігі : Интерактивті тақта , ақын — жазушылардың суреттері , т. б.
С а б а қ б а р ы с ы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ . Үй тапсырмасын тексеру
- Әңгіменің авторы кім? ( Шерхан Мұртаза )
- Шерхан Мұртаза кім ?
- Әңгіме кім жөнінде жазылған ? ( Тұрар Рысқұлов жайында )
- Ол кім ?
- Шерхан Мұртаза - Қазақстанның халық жазушысы , қоғам қайраткері , Қр- ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері . Ол 28.09. 1932 жылы Жамбыл облысы , Жуалы ауданы , Талапты ауылында туған. 1955 жылы М. В . Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген . Ол Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында , « Лениншіл жас»
( қазіргі «Жас Алаш») , « Социалистік Қазақстан» ( қазіргі « Егеменді Қазақстан») газеттерінде жұмыс істеген . «Қазақ әдебиеті» , « Егеменді Қазақстан» газеттерінде , «Жалын» , «Жұлдыз» журналдарында бас редакторлық қызметтер атқарған . Қазақстан жазушылар одағы басқармасының ІІ хатшысы болған. Қазақстан мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы қызметін атқарған . ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды . Сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Кеңестің мүшесі болған .
Шерхан Мұртаза «Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен марапат –талған. Тараз және Астана қалаларының Құрметті азаматы .
- Шерхан Мұртазаның қандай шығармалары бар ?
- Ш . Мұртазаның алғашқы әңгімелері ( « Әңгелек» , « Әмеңгер» ) 1955 жылы жарық көрген .
Ол қазақ және орыс тілінде бірнеше әңгімелер мен очерктер ,повестер, романдар жазған . Мемлекет қайраткері , революционер Т. Рысқұловтың өміріне арналған « Қызыл жебе» романы бар .
Шерхан Мұртаза қазақ тіліне Г. Х . Андерсонның ертегілерін , венгр халық ертегілерін , қырғыз жазушысы Ш . Айтматовтың повестері мен романдарын аударған .
-Әңгіме кім туралы ? ( Тұрар Рысқұлов жайында)
-Ол кім ?
- Тұрар Рысқұлов - (1894-1943) мемлекет және қоғам қайраткері , саясат- шы .
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына , 1917 жылғы ревоюцияға қатысушы .
Ол қазіргі Алматы облысы , Талғар ауданында туған .
ІІІ. Жаңа сабақ
- Өлеңнің мәтініне ән жазатын адамды кім дейміз ? ( Сазгер)
- ҚР-ның мемлекеттік рәмізі ?(Әнұран )
- … - асқар тау.(Әке)
- Халық ауыз әдебиеті үлгісі (Ертегі)
- Егемендік,тәуелсіздік сөзінің баламасы ?(Бостандық)
- Сәкен деген есім бізге таныс па ? Ол кім?
- Біз оның қандай шығармаларын оқыдық ?
Олай болса , бүгінгі өтетін тақырыбымыз Сәкен Сейфуллинге байланысты болмақ . Мәтіннің авторы Тұрсынбек Кәкішев.
- Мәңгі деген сөзді қалай түсінесіңдер? ( өмір бойы , ұмытылмайтын ,
өшпейтін). Бүгінгі өтетін тақырыбымыз : «Мәңгі жасар өмір».
Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас) (1894-1938) — қазақтың атақты ақыны , жалынды жазушысы , драматург , ұстаз , мемлекет қайраткері . Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі . Ол Қарағанды облысы , Ақадыр ауданы , Қарашілік ауылында дүниеге келген.
1938 жылы қуғын — сүргінге ұшырап , Алматыда атылды . 1958 жылы ақталған .
-Қуғын –сүргін деген не ?
Қуғын — сүргін — мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шарасы .
1937-1938 жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үгіт — насихат жүргізді деген айыппен қудаланып , қуғын — сүргінге ұшырады . 105 мың адам қамауға алынып , оның 22 мыңы атылды .
- Мәтінде қандай кезең суреттелген ? Оны неден аңғардың?
- Мәтін кімнің атынан баяндалған ?( Алтын Құсайынованың)
- Шілдехана деген не ? Ол кімнің үйінде болды ?
- Шілдехана деген сәби дүниеге келген күні отбасы , көрші — көлем , ағайын — туыс жиналып , аман –есен сәбидің өмірге келгенін тойлайтын рәсім . Ол басқарма бастығының үйінде болды .
- Шілдехана үстінде қандай ән басталды ? Ол кімнің әні еді ?
- Шілдехана үстінде Сәкеннің «Тау ішінде» әні бастала беріп , кілт тоқталды .
- Ән тыңдаушыларға ұнады ма ?
- Ел ағасы Қосбақан не істеді ? Ол Исламқұлға не деді?
- Хабаршылар қандай хабар әкелді?
- Шамалы жерде бөгде жан жоқ,- деді.
- Ауыл әншісі Исламқұлдың орындаған әніне қандай қошеметтер айтылды ? Ол кімге айтылған қошеметтер еді ?Бұл ән кімнің әні ?
- Ән «халық жауы» деген сұмдық атау байланған Сәкен Сейфуллиннің мұрасы еді.
- Әңгіме неліктен мәңгі жасар өмір деп аталған ? Оны неден аңғардың ?
- Ал, балалар , енді осы әнді өзіміз де тыңдап көрейік .Бұл ән радио , теледидардан дәстүрлі әншілердің , жас әншілердің эстрадамен орындауларында жиі айтылады . Ән өте көңілді ,әрі әсерлі .
-Суретті қалай атар едің ?
- «Абақты», « Жазықсыз тергеу».
-«Халық жауы» деген жаламен атылып кеткен кімдерді білесің ?
- Алихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов , Мағжан Жұмабаев , Жүсіпбек Аймауытов , Міржақып Дулатов ,Бейімбет Майлин , Ілияс Жансүгіров , өз
жерлестерімізден Темірбек Жүргенов пен Мұстафа Шоқай т. б .
* Оларды атқан адамдарға өз көзқарасыңды білдір .(Шығармашылық тапсырма )
ІҮ. Сабақты қорыту
-Берілген сурет пен мәтіннің арасында байланыс бар ма ? Болса қандай ?
-Бұл адамдарды болашақтың алдында ұмытылмай , мәңгі жасап қалады деу орынды ма ?
Ү.Үйге тапсырма
1. Мәтінді оқып , түсіну .(99-100-бет)
2.Өзіңе ұнаған халық әнін тауып , жаттау .