Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Практикалық - конференция сабақ "Тарих - ғасырлар куәсі"

Қазақстан,Ақтөбе қаласы

№10 жалпы білім беретін орта мектеп

Тарих пәнінің мұғалімі,екінші санатты мұғалім

Кайсарова Гулдаурен Тураркызы

Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сахна мәдениетін үйрету.

Оқушыларды отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Барысы:

Түрі: Ғылыми — практикалық конференция.

Көрнекілігі: Кітап көрмесі, слайд шоу, безендірілген сахна.

Би: Қазақ биі.

1-жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі «Тарих — ғасырлар куәсі» атты ғылыми- практикалық конференцияны тамашалауға келген қонақтар және оқушылар! 1465- 1466 жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар — ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту — сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.

2-жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.

1-жүргізуші:

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.

Көрініс: «Қазақ хандығының құрылуы»
Сахнаға Есен-бұға, ақсақалдар мен билері шығып отырады.
Уәзір: Алдияр тақсыр, сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.
Есен-бұға: Кірсін!
Керей мен Жәнібек: Ассалаумағалейкум! — деп бастарын иіп амандасады.
Есен-бұға: Келген шаруаларыңды айтыңдар!
Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу-ызасын қоластындағы халықтардан алып, жазалай бастады.
Жәнібек: Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.
Керей: Сондықтан да біз, бауырымыз Жәнібек екеуіміз, сізге бұйымтаймен келіп отырмыз.
Есен-бұға: Бұйымтайың болса айт!
Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз.
Есен-бұға: Керей, Жәнібек, мен өзімнің ақсақал, сұлтандарыммен ақылдасайын. Сендер барып демалыңдар!
(Керей мен Жәнібек шығып кетеді)
Есен-бұға: Қандай ойда болып отырсыңдар?
1. Ақсақал: Жер халықтың байлығы, оны ешкімге беруге болмайды.
2. Ақсақал: Осы жолы ығысып Керей мен Жәнібекке орын берсек, ертелі-кеш сол жақсылығымыз өзімізге қайтып келер.
3. Ақсақал: Әбілқайырдан өш алар кез келді! Шекарамыздың батыс аумағын қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек, мұндай ұсынысты біз өз пайдамызға пайдалануға болады.Есен-бұға:Әбілқайыр менің жауым. Яғни менің жауымның жауы — менің досым. Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері солардың қоныстары болсын деп ұйғардым.

Шақырыңдар, Керей мен Жәнібекті!
Уәзір: Керей, Жәнібек сұлтандар, кіріңіздер!
Есен-бұға: Ойлана, ақылдаса келе былай шештік: Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбас аумағы сендердің мекендерің болсын!
Керей: Алдияр, біз бұл жерді құт мекенге айналдырамыз.
(Есен-бұға, ақсақалдар мен нөкерлері шығып кетеді)
Жәнібек: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткена арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды!
(Сахнада халық мәре-сәре болып бірін-бірін құттықтап жатады).
Керей: «Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ел көгерер» демекші, ақсақал, бата беріңіз.
Ақсақал: Түндеріміз тыныш болсын,
Үйлерімізге ырыс толсын!
Ұлдарымыз сесті болсын.
Қыздарымыз есті болсын,
Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Орындарымыз төр болсын,
Дастархандарымыз мол болсын.
Қатарларымыз көп болсын,
Уәйім- қайғымыз жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмейік,
Зұлымдардың жаласын көрмейік!
Елімізде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Әумин.

2 — жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй дегендей, келесі кезекті күйге береміз.

1 — жүргізуші:

Алыстан «Алаш» десе аттанамын,

Қазақты «Қазақ» десе мақтанамын.

Мен — қазақ, әкем — қазақ, шешем — қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын!
2 — жүргізуші:

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.

Ендігі кезекті мектебіміздің оқушылары дайындаған тарихи зерттеулерге берейік.

  1. Көпешова Аружан 7а кл. – Керей мен Жәнібек хан
  2. Құлынтаева Айман 7а кл. — Нұралы хан
  3. Темірбаева Аяжан 9а кл. – Қасым хан
  4. Сәрсенбаева Алтын 9а кл. — Тәуекел хан
  5. Ноқым Алтынбек — 9ә кл. - Есім хан
  6. Қаражанова Гүлфайруз 9ә кл. — Хақназар хан
  7. Алмашев Асылан 10ә кл.– Абылай хан
  8. Бекболатов Қуаныш 7ә кл. — Тәуке хан
  9. Шангереева Жаннэт 9а кл. — Әбілхайыр хан
  10. Ерланқызы Айжан 8а кл.– Керей мен Жәнібектің тарихтағы орны

1-жүргізуші

Рухы мен тілін жанындай сүйген,

Адамдар неге санаулы?

Ұлт үшін дәуір отына күйген,

Аталар болды алаулы.

Армандай асқар,

Жолдарға бастар,

Ісіңнен ұрпақ от алар.

Қалмайсың көштен,

Шықпайсың естен,

Тағдыры шыншыл аталар.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік! Тәу етем, һақ тағалам,

Сенің биік төбеңнен бақ тараған.

Тіл мен көзден сақтасын бір өзіңді

Өткен-кеткен саған бір жалт қараған.

Сенде қаны, бабамның, ағалардың,

Сені сом алтынға мен бағалармын.

Баға жетпес қадірің, қасиетің,

Мекені Қазақ елі даналардың.

Сөз кезегі мектеп кітапханасында.

1-жүргізуші:

Беу, азаттық, киелім орның көкте,

Мен Тәуелсіздік гүлдерін өстіп өпкем.

Еңбек пен білімі тасқындаған,

Біз жетейік сол елге күшті көппен.

Оң шапақты шадыман Тәуелсіздік,

Сен үшін біз талай жыр, әуен сыздық.

Мәңгілік Ел шырағы сөнбейтіндей.

2-жүргізуші:

Ел болдың, ерік алдың астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?!

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Қазағымның атымен басталады.

Ендеше, сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Оқушыларды марапаттау.

1-жүргізуші:

Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.

Сарылып сал-сері кеткен жер,

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!

2-жүргізуші:

Бүгінгі«Тарих — ғасырлар куәсі» атты ғылыми- практикалық конференциямыз аяқталды.

Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Назарларыңызға рахмет !!!

Көрінетін болайық әлем-үздік.

Жолыңды Алла қолдасын,

Жаманшылық болмасын.

Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,

Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.

Барған жерде құшақ жая қарсы алсын

Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.

Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын

Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,

Көңілің шат, ат-көлігің арымай,

Отбасыңмен аман-есен табысқын.

Әумин.

1-жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.

2 жүргізуші:-Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.

Оқушы:

Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып,отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.»

Оқушы:

М.Х.Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек-қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.»

870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465-1466 жылдары.

1-жүргізуші:

1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта-үмітін жүзеге асырды.

2-жүргізуші:

Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.

Оқушы:

Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты.Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.

Оқушы:

Ғасырдың құрдасы,

Ақындар жырлаған,

Көненің сырласы

Тарихты тыңдаған.

Шежіре шертеді,

Көшесі, әр тасы,

Ғажайып ертеңі,

Жетісу алқасы.

Оқушы:

Ежелден ел мақтаны, жыр дастаны,

Арайлы шуақ тұнған нұрлы аспаны,

Атанған жер жаннаты, Жетісуым

Ақынның өзіңменен сырлас жаны.

Атыңнан айналайын, жерім, нұрым,

Жанардан алаулатқан көңіл гүлін.

Бергендей табиғаттың өзі-дағы,

Құлпырған келбетіңе-көрімдігім.

Оқушы:

Жетісуым, жерің, таулы, далаң жаз,

Көлдеріңде қиқулаған балаң қаз.

Көріктісі –ай, көкорайлы алқаптың,

Көрген сайын көңіл шалқып, болам мәз.

Көк орманға құстар қонса дүрлігіп,

Күн сәулесі жапырағыңда тұр күліп.

Ақ көңіл ғой аңқылдаған бұл далам,

Ақынынан көрген емес сыр бүгіп.

Оқушы:

1-жүргізуші:

Жетісудың оңтүстік батысындағы Қозыбасы тауы мен Үшқоңыр жайлауы Керей ханның жайлауы болса, Елбасымыз Н.Назарбаевтың да әнге қосқан туған топырағы.

Ән «Үшқоңырым»

1-жүргізуші:

Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқығы болды. Сол кездегі тәртіп бойынша хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар, жасының үлкендігі де ескерілген. Сондықтан таққа Керей отырды.Ал ақылдасар тірегі Жәнібек болды.

Оқушы:

Керей хан боп аталды алты алашқа,

Ғаділдіктен тарқады әрбір нұсқа.

Ханның әділ болғаны елдің бағы,

Мінезі өзгермейді жазы, қыста.

Елдің басын құрады, ердің басын,

Шақырып берекеге ықыласын.

Ерте ойлап, әрбір істі алдын болжап

Кеңесіп пішуші еді істің басын.

2-жүргізуші:

Керей ханнан кейін таққа Әз-Жәнібек отырды.

Оқушы:

Жәнібек хан боп тұрды орнын басып,

Өнері Керей ханнан тұрды асып.

Ел жігін, жердің шетін қолына алып,

Халқына әділдіктен үлгі шашып.

Не қиын мәселеге жауап тапты,

Ақылдың бітіп жатқан көзін ашып.

1-жүргізуші:

Керей мен Жәнібектен кейінгі хандар да мемлекет іргесін нығайтып, туған халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, хандықтың туын жықпауға тырысты.

Оқушы:

Хан өтпес әділдікте Қасым ханнан

Атадан арналғандай озып туған.

Аталып «Қасым ханның қасқа жолы»

Мұра боп кейінгіге содан қалған.

Жәнібек ханның ұлы Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болды.

Оқушы:

Аталып Тәуке хан боп ел биледі,

Айырмай жарлы, бай деп тең биледі.

Артық қайрат, тапқыр ой болғандықтан,

Ешкім деп айта алған жоқ кем биледі.

1680-1715 жылдары хан болған Әз -Тәуке көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті хан болды.Тәуке ханның өзіне дейінгілерден айырмашылығы-хандықты ерекше әлеуметтік топты құрайтын билердің көмегімен өз үстемдігін нығайтты.

Оқушы:

Күңіреніп ойлағанда Алаш жайын,

Жанымды орай берсе ұлы уайым,

Кеудемде күннің нұры толғандай боп

Жырлаймын алты алаштың Абылайын.

Абылай хан өз заманының көреген де,ақылды саясаткері, даңқты батыры, өткір ойлы дарынды дипломаты болған. Ол өзінің білгір ішкі, сыртқы саясатымен Қазақ хандығын мықты да біртұтас мемлекетке айналдырды. Қазақ халқының мерейі мен рухын көтерді.

1-жүргізуші:

Көне «Күлтегін» ескерткішінде «Елін елдікті етті, жауын бейбіт етті» деген сөздер бар екен. Осы тасқа қашалған сөздер Керей мен Жәнібек хандарға, Дінмұхаммед Қонаевқа, Елбасымыз Н.Назарбаевқа айтылғандай.

Оқушы:

Қонаевтың зиялы заманында

Қадау-қадау жайғасқан дала, құмда

Жұрттың бәрі көгеріп көктен өскен,

Дән жинаған бидайдың сабағында.

Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ халқының маңайына біткен ұлы тұлға, қайталанбас аса ірі мемлекет қайраткері Д.А.Қонаев. Бүкіл әлем санасқан алып империя КСРО –дай алпауыт мемлекеттің құрамындағы Қазақстан Республикасын ширек ғасырдан астам уақыт басқарған кемеңгер басшы елі үшін, ұлты үшін артында қаншама игілікті істер қалдырды.

Оқушы:

Қазақтың ел бастаған серкесі едің

Айбарлы Алатаудай өркеші едің.

Ықтасын қорғаны боп, орманы боп,

Кеудеңді дауылдарға Сен төседің.

Сүйредің елдің көшін асуларға,

Қасқая қарсы тұрып жасындарға,

Қазақты күншуаққа алып шыққан,

Қалады ұлы істерің ғасырларға.

Таныттың жер жүзіне Алты Алашты,

Кім мұндай шаттық күнін аңсамас-ты.

Әлемдік мінбелерден сөз сөйлесең,

Айбындап абыройым қаншама асты.

2-жүргізуші:

Арманы асқақ еліміздің ұлы көшін халқымыздың ардақты перзенті, әлемге әйгілі саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жарқын болашаққа, кемел келешекке бастап келеді.

Оқушы:

Қазақта ең бірінші батыр да өткен,

Қазақта ең бірінші ақын да өткен.

Қазақтың ең бірінші ханы да бар

Ең алғаш тақтың дәмін татып өткен.

Оқушы:

Нұрсұлтан-Елбасымыз көш бастаған

Ардақтап жырына атын қоспас па адам?

Асылдың сынығысың таза, гауһар

Ешқашан абыройын тот баспаған.

Бағаламай болмайды ер еңбегін,

Өзіңсің күллі әлемде еленгенім,

Қазақ елі гүлденді жасыл байтақ,

Болған соң Нұрсұлтандай кемеңгерім.

1-жүргізуші:

Қазақ хандығы — біздің елдігіміздің түп-тамыры.Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды.

Оқушы:

Тәуелсіздік! Тәу етем, һақ тағалам,

Сенің биік төбеңнен бақ тараған.

Тіл мен көзден сақтасын бір өзіңді

Өткен-кеткен саған бір жалт қараған.

Сенде қаны, бабамның, ағалардың,

Сені сом алтынға мен бағалармын.

Баға жетпес қадірің, қасиетің,

Мекені Қазақ елі даналардың.

Беу, азаттық, киелім орның көкте,

Мен Тәуелсіздік гүлдерін үстіп өпкем.

Еңбек пен білімі тасқындаған,

Біз жетейік сол елге күшті көппен.

Оң шапақты шадыман Тәуелсіздік,

Сен үшін біз талай жыр, әуен сыздық.

Мәңгілік Ел шырағы сөнбейтіндей

Көрінетін болайық әлем-үздік.

1-жүргізуші:

Мәңгілік елге жеткізетін тек қана Нұрлы жолдар екенін есімізде ұстайық!

2-жүргізуші:

Бабалар жазған ұлы тарихы бар, Нұрлы жолы бар менің халқым -Ұлы халық.

Ән «Атамекен»

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности