link7344 link7345 link7346 link7347 link7348 link7349 link7350 link7351 link7352 link7353 link7354 link7355 link7356 link7357 link7358 link7359 link7360 link7361 link7362 link7363 link7364 link7365 link7366 link7367 link7368 link7369 link7370 link7371 link7372 link7373 link7374 link7375 link7376 link7377 link7378 link7379 link7380 link7381 link7382 link7383 link7384 link7385 link7386 link7387 link7388 link7389 link7390 link7391 link7392 link7393 link7394 link7395 link7396 link7397 link7398 link7399 link7400 link7401 link7402 link7403 link7404 link7405 link7406 link7407 link7408 link7409 link7410 link7411 link7412 link7413 link7414 link7415 link7416 link7417 link7418 link7419 link7420 link7421 link7422 link7423 link7424 link7425 link7426 link7427 link7428 link7429 link7430 link7431 link7432 link7433 link7434 link7435 link7436 link7437 link7438 link7439 link7440 link7441 link7442 link7443 link7444 link7445 link7446 link7447 link7448 link7449 link7450 link7451 link7452 link7453 link7454 link7455 link7456 link7457 link7458 link7459 link7460 link7461 link7462 link7463 link7464 link7465 link7466 link7467 link7468 link7469 link7470 link7471 link7472 link7473 link7474 link7475 link7476 link7477 link7478 link7479 link7480 link7481 link7482 link7483 link7484 link7485 link7486 link7487
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Студенттер арасында тәрбие шараларын жүргізудегі педагогикалық шешімдер

Қазақстан Республикасы,Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы

Маңғыстау энергетикалық колледжі

Арнайы пәндер оқытушысы

Абдикаримова Гульнара Джалекеевна

Студенттер - ұтқыр әлеуметтік топ, өзінің ұлттық және әлеуметтік құрлымымен ерекшеленеді, жасына қарай, сонымен бірге сол уақытқа тән ерекше қабілетті болу. Бұл ерекшеліктер студенттердің қалыптасуымен байланысты оқу үрдісімен бірге өзгеше студенттік мәртебесіне қатысты уақытша ұстанымдарды ұстану. Студент өмірінің өзгешелігі, тұлғаны қарқынды дамытуға белсенді қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызады. Әлеуметтік бағыттарды қалыптастыруда, жоспар бойынша бірінші орынға құндылықты бағыттар шығады.

Студенттердің әлеуметтік бейімділік шарттары мыналарды талап етеді:

1) креативті, дамытатын орта, студенттердің ғылыми ізденушілігін дамыту тек оқу үдерісінің шеңберінде ғана емес, сонымен қатар кафедра клубтарының, ғылыми үйірмелер; жеке шығармашылық, әлеуметтік-мәдени әрекеттердің әртүрлі формалары мен бағыттарын қамтамасыз ету;

2) жоғары оқу орнының қоғам үшін ашықтыңы - елдердегі жоғарғы оқу орындары арасындағы байланыс, бірігіп шаралар өткізу, республикалық жастар ұйымдарына қатысу;

3) студенттерді оқуға келгеннен бастап әлеуметтік-мәдени әрекеттерге тарту, себебі университет туралы олардың қабылдаулары бірден оның әлеуметтік мәдени ортасын қалыптастыруда өздерінің қажетті қабілеттіліктерін пайдалану.

Оқудан тыс тәрбие жұмысындағы негізгі бағыттар

  1. Азаматтық және әлеуметтік ұстанымдар белсенділігінің қалыптасуы:

- университеттік, қалалық, республикалық шаралар, акциялар, қозғалыстар, гуманистік, әлеуметтік және моральдық-психологиялық бағыттарға қатысу;

- жастар Комитетінің ұйымдастыруымен өтетін патриоттық сипаттағы шараларға қатысу;

- студенттер арасынан және оқытушылар құрамынан этникалық және ұлт аралық келісімді сақтау үшін шаралардың өткізілуі;

- конференция, семинар, тақырыптық кештер, елдегі ұмытылмас оқиғаларды өткізу;

- студенттердің саяси мәселелерге қатысу жөнінде әңгімелер, пікір-сайыстар, «дөңгелек үстелдер»;

- оқу тәрнтібін бақылау, жатақхана тәртібін сақтау.

  1. Моральдық-психологиялық тәрбие және адамгершілік:

- этикалық тақырыптардағы кештерде сұрақтар мен жауаптарға қатысу;

- кәсіби негіздегі және этикалық мәндегі лекцияларды тыңдау.

3. Таңдалған мамандыққа тәрбиенің саналы қатынасы:

- байқауларға, курстық жұмыстарға, студенттік конференциялар мен семинарларға қатысу;

- кітапхана қызметкерлерінен кеңес алу, кездесу;

- қарапайым дидактикалық құралдарды, ғылыми рефераттық шолу мәселелерін дайындау;

- университетті жабдықтауға арналған сенбіліктерге қатысу.

4. Эстетикалық тәрбие:

- эстетикалық бағыттағы клуб жұмысына қатысу;

- демалыс кешін ұйымдастыру;

- жазушылар мен өнер қайраткерлерімен кездесу;

- студенттердің шығармашылығы және өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнері.

  1. Дене тәрбиесі:

- бөлімдерде дене дайындығын жетілдіру, жарыстарға қатысу;

- топпен жұмыста денсаулық сақтауды насихаттау;

- спорттық дене тәрбиесіндегі шараларды ұжыммен өткізуді ұйымдастыру.

Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындарында тәрбие жұмысы үдерісінде қиынықтар туындауда. Университет ішінде болашақ мамандардың рухани-адамгершілік бейнесіне байланысты қарама-қайшылықтар мен даулар жиі кездеседі. Тәжірибе көрсеткендей, студенттердің ұстанымдарының ескерілуінсіз бұл қарама-қайшылықтың негізгі қайнар көздеріне кейде беделді басшылық қатысады, еңбек және оқу үдерістерін ұйымдардың жетіспеушілігі, оқыту әдістері мен формаларының сәйкессіздігі, оқу жоспарларының уақыт талабына сай болуы; академиялық мәдениет деңгейінің қанағаттанғысыз, қызметтік міндеттерінің айқын орындалмауы, жеке мінез-құлықтарының сәйкессіздігі, әсіресе жас оқытушылардың кәсіби этикалық нормаларының, еңбек тәртібін бұзушылық, студенттерге деген талаптың төмендігі, алған білімдеріне көңіл қоймау.

Оқу-тәрбие үдерісінің негізгі мақсаты мен міндеті жоғарғы білімді адамдарды және білікті мамандарды дайындаумен байланысты, кәсіби өсуге қабілетті және кәсіби әрекет жасауға дайын ақпараттық жағдайдағы қоғам және жаңа ғылыми технологияларды дамыту. Қазақстандық қоғамға, бүгінгі күні жұмыс берушілерге білікті, өнегелі, жігерлі, өмірлік белсенді ұстанымы бар, үздік сапалы, алғыр ойлы, халықаралық ынтымақтастыққа дайын жастар қажет.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында жаңа ұлттық пайымдау ұсынылды: 2020 жылға қарай Қазақстан — білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.

Қазақстан әлемдік қауымдастықта экономикалық әлеуеті мықты ел

ретінде танылды. Алда осы әлеуетті барынша тиімді түрде іске қосу және экономиканың жоғары қарқынмен дамуы негізінде қалың бұқара топтарының әл-ауқатын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл — Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т.б.

Білім беруде оқыту мен дамытудың ортақ процесіне кіріктірілген педагогикалық қызметтің органикалық құрамдасы болуы тиіс тәрбиеге басымдық беріледі.Осыған байланысты тұлғаны қалыптастыру проблемасының кешенді әзірлігі, оның әлеуеттік мүмкіндіктерін барынша толық іске асыру мүмкіндігін іздестіру — Қазақстанда педагогика ғылымы дамуының магистралды бағыты болып табылады.

Осының барлығы қоғамның жаңа тәрбиелік әлеуетін қалыптастыру қажеттілігін ескереді. Қазақстанда тәрбие қызметінің нормативтік негізін құрайтын құжаттар әзірленді. Алайда, ұлттық және жалпыхалықтық мәдени құндылықтарда тәрбиеленген тұлғаның әлеуетті бейнесі қалыптаспаған және нормативті бекітілмеген.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности