link10209 link10210 link10211 link10212 link10213 link10214 link10215 link10216 link10217 link10218 link10219 link10220 link10221 link10222 link10223 link10224 link10225 link10226 link10227 link10228 link10229 link10230 link10231 link10232 link10233 link10234 link10235 link10236 link10237 link10238 link10239 link10240 link10241 link10242 link10243 link10244 link10245 link10246 link10247 link10248 link10249 link10250 link10251 link10252 link10253 link10254 link10255 link10256 link10257 link10258 link10259 link10260 link10261 link10262 link10263 link10264 link10265 link10266 link10267 link10268 link10269 link10270 link10271 link10272 link10273 link10274 link10275 link10276 link10277 link10278 link10279 link10280 link10281 link10282 link10283 link10284 link10285 link10286 link10287 link10288 link10289 link10290 link10291 link10292 link10293 link10294 link10295 link10296 link10297 link10298 link10299 link10300 link10301 link10302 link10303 link10304 link10305 link10306 link10307 link10308 link10309 link10310 link10311 link10312 link10313 link10314 link10315 link10316 link10317 link10318 link10319 link10320 link10321 link10322 link10323 link10324 link10325 link10326 link10327 link10328 link10329 link10330 link10331
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері

Казахстан,Алматинская область,Алакольский район

Достыкская средняя школа №11

Учитель географии

Қанабекова Сария Келімхановна

Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері

Мақсаты: Өзендер мен көлдерге сипаттама беру, дүниені тануға, ой-өрісін

дамытуға тәрбиелеу, өзен-көлдердің таралуының жер бедері мен климатқа байланысты екендігін көрсету.

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Пайдаланылған көрнекіліктер: дүние жүзінің физикалық картасы, Оңтүстік Американың физикалық картасы, видео «Игуасу» сарқырамасы, атластар, өзендер кестесі, өзендер суреттері, Амазонка-тірек суреті,

Сөзөрім — логикалық тест.

Жоспары:

  1. Ішкі суларға сипаттама.
  2. Амазонка, Парана, Ориноко өзендеріне сипаттама.
  3. Титикака көлі.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау :

а)Ойындар. Ол кім? Бұл не?

ә)Оқушылардың жеке тапсырмалары.

б)Картамен жұмыс.

в)Тірек сызбалар.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Оңтүстік Америка құрылғы дүние жүзі бойынша ең ылғалды, жауын-шашыны мол, ішкі суларға өте бай. Ол Тынық және Атлант мұхиты суларымен шайылып жатыр. Бұл аймақ неше алапқа бөлінеді?


Алаптары

Тынық мұхиты Атлант мұхиты

Ішкі тұйық

Су айрығы Анд тауы. Материктің шығысы жазықты болғандықтан ірі өзендері Атлант мұхитына құяды. Тынық мұхитқа қарағанда Атлант мұхитына құятын өзендері Атлант мұхитына құяды. Тынық мұхитқа қарағанда Атлант мұхитына құятын өзендер ағыны 12 есе көп.

Оңтүстік Америка өщендері: Амазонка, Парана, Ориноко, Сан-Франциску, Мадейра, Уругвай, Парагвай, Мараньон, Риу-Негру, Рио-Колорадо…


Амазонка

Ұзындығы 6400 км. Мараньон саласы бастауымен дүние жүзі бойынша Нілден кейінгі орында. Бастауы-Анд бастауы. Ауданы 7,180 мың шаршы шақырым. Орташа су шығыны — 220000 м/сек-бұл көрсеткіш дүние жүзіндегі өзендер арқылы ағып өтетін судың мөлшерінен бірнеше есе артық. Бастауындағы өзен арнасы 1,5-5 км болса орта ағысында 5-20 км, ал құяр жерінде 80 км-ге дейін барады. Өзен экваторлық белдеуден ағатын болғандықтан суы жыл бойы мол болады, ондағы жауын-шашынның мөлшері 1500-300 мм. Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия жерімен шамалас.


Өзеннің 500-ден астам саласы бар. Ең ірі саласы — Мадейра. Оның ұзындығы 3400 км. Мадейраның ұзындығы Еуропаның 8 елінен ағып өтетін Дунай өзенінен 550 км ұзын. Амазонка өзені тереңдігі 124 м, ал сағасында 17 м. Неге сағасы таяз? Себебі Амазонка суы өзімен бірге жыл сайын 1 млрд. Тау жыныстарын алып келеді. Өзен салаларында сазды жыныстар молынан кездесіп, суы сарғыш болса, өзендер суында өсімдік қарашіріктері көп болып, қара өзен деп аталады. Наурыз бен сәуір айларынан бастап жазда суы тасиды. Бұл тасу Анд тауларындағы қар мен мұздықтардың еруіне байланысты. Атлант мұхитындағы толысудың әсерінен өзен суы 1-1,5 м-ге көтеріліп, сағасынан 1400 км-ге кері ағады. Жағалауды бұзып өтіп, жылдам қозғалатын бұл ағысты үндістер — амазуну деп атайды, өзен аты осыдан шыққан. Аталмыш өзен тіршілікке өте бай. Виктория –регия өсімдігінің ірі ақ гүлі бар осында. Жапырағының диаметрі -2 м. Оның жапырағында баланы отырғызса суға батпайды. Жағалауында ит тұмсығы батпайтын қалың орман сельва бар. Сельва — жыртқыш аңдар, алып ағаштар, зиянды шыбын-шіркей, улы бунақденелілер тіршілік ететін өте ыстық қапырық орман. Жануарлары — арапайма ұзындығы 4 м, салмағы 200 кг. Пиарнья, электрлі су жыланы, пекари, тапир, жыртқыш балық — пирая, дельфин-иния, қайман қолтырауыны тіршілік етеді. Өзеннің таяз жеріне тасбақалар жұмыртқалайды. Олар — өзен жағалауындағы халықтардың сүйікті дәмді тағамы.

Парана – үндісше-теңіздің анасы. Мол сулы өзен, суының деңгейі маусымға байланысты. Бразилия таулы үстірті мен Анд тауынан су жинайды. Басталар жерінде тау өзені кездеседі. Сондықтан мұнда сарқырамалар жиі кездеседі. Игуасу сарқырамасы 72 м биіктен құлап, 300 тармаққа бөлініп сарқырамалар жүйесін құрайды. Төменгі ағысындағы қозғалысы баяу жазық өзені кеме қатынасы үшін қолайлы.

Видео «Игуасу сарқырамасы»

Ориноко – үндісше өзен. Атлант мұхитының Кариб теңізіне үлкен атырау жасап құятын бөлігі. Саласы — Чурунда. Осы тұста 1054 метрден құлап ағатын дүние жүзіндегі ең үлкен Анхель сарқырамасы бар. Парана мен Ориноко өзендері СЭС және кеме қатынасы үшін пайдаланылады.

Титикака көлі — Анд тауындағы тектоникалық көл. Үндісше — қалайы алаңы. Ол суының түсіне байлансты айтылған. Су бетіндегі қамыстан жасалған салдарда үндістер өмір сүреді.

Поопо — тұзды көл.

Маракайбо — мұхиттан бөлінген лагуаналық көл, одан мұнай мен газ өндіріледі.

ІҮ. Дәптермен жұмыс жасап, тірек сызбаны сызамыз.

Ү. Ой сергіту. Оқушылар логикалық тест орындайды..

ҮІ. Қорытындылау.

Видео арқылы қорытындылау.

ҮІІ. Бағалау.

ҮІІІ. Картамен жұмыс. Номенклатура.

Қосымша деректер.

  1. Мадейра — дүние жүзіндегі өзенге құятын ең ұзын өзен.
  2. Амазонка — суы мол, қайықпен жүзгенде жағалауына көз жеткізе алмайтын жұмбағы көп. Қайықпен өзеннен өткенде үн шығармайды. Сөйлесе өзен бетінде иірім пайда болып , қайықты аударып, адамдарды су жұтып қояды деген нанымдары бар.
  3. Барранко — күн күркірегенге ұқсас дауыс, оны үндістер — өзеннің орманмен жекпе-жегі деп түсіндіреді.
  4. Бразилияда жерді — құдай, Амазонканы — жын жаратқан деген сөз бар.
  5. «Титикакадағы алтын шынжыр» - инктерде көл табанында алтын шынжыр бар деген аңыз бар. Испан жаулаушыларының қолына түсірмес үшін , барлық алтынды жинап орасан зор шынжыр жасап, түпсіз терең көлге тастаған. Аңыз ізімен француз зерттеушісі Жак Ив Кусто зерттеу жүргізген. Көлдің еш құпиясы жоқ, оның тереңдігі 320 м.
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности