link8208 link8209 link8210 link8211 link8212 link8213 link8214 link8215 link8216 link8217 link8218 link8219 link8220 link8221 link8222 link8223 link8224 link8225 link8226 link8227 link8228 link8229 link8230 link8231 link8232 link8233 link8234 link8235 link8236 link8237 link8238 link8239 link8240 link8241 link8242 link8243 link8244 link8245 link8246 link8247 link8248 link8249 link8250 link8251 link8252 link8253 link8254 link8255 link8256 link8257 link8258 link8259 link8260 link8261 link8262 link8263 link8264 link8265 link8266 link8267 link8268 link8269 link8270 link8271 link8272 link8273 link8274 link8275 link8276 link8277 link8278 link8279 link8280 link8281 link8282 link8283 link8284 link8285 link8286 link8287 link8288 link8289 link8290 link8291 link8292 link8293 link8294 link8295 link8296 link8297 link8298 link8299 link8300 link8301 link8302 link8303 link8304 link8305 link8306 link8307 link8308 link8309 link8310 link8311 link8312 link8313 link8314 link8315 link8316 link8317 link8318 link8319 link8320 link8321 link8322 link8323 link8324 link8325 link8326 link8327 link8328 link8329 link8330 link8331 link8332 link8333 link8334 link8335 link8336 link8337 link8338 link8339 link8340 link8341 link8342 link8343 link8344 link8345 link8346 link8347 link8348 link8349 link8350 link8351
Қаршыға Күләш
Должность:Өндірістік оқу шебері
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Патриоттық тәрбие берудің оқу орнындағы маңызы мен ерекшеліктері

Қазіргікезеңдепатриотизмтақырыбы, оныңішіндеқазақстандықпатриотизммәселесібарлыққоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-руханитақырыптардыңөзегінеайналуда. ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында «оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін» ерекше ескерткен және олардың ең бастыларының қатарында «патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық» аталып өткен, сонымен қатар, «бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс». Ендеше, патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы керек, жалпы көпшіліктің де одан хабардар болғаны жөн.

Қоғамдардың даму тарихы патриотизмнің мемлекет тарапынан қажетті және пісіп жетілген өзгерістерді жүзеге асырудың басты ресурсы екендігін көрсетті. Мемлекет, партия, қоғамның белсенді бөлігі аса маңызды реформаларды жүзеге асыру кезінде сәйкесінше символиканы, құндылықтарды, идеалдарды, мақсаттар мен принциптерді, бір сөзбен айтқанда, идеологияны қалыптастырады және оларды қорғай отырып дамытады.

Мұндай мәселелер қазіргі таңда тәуелсіз даму жолына енді ғана түскен мемлекеттердің көпшілігінің алдына қойылуда. Ендеше бүгінгі патриоттық идея да, патриоттық тәрбие де қазіргі заман адамдарына, олардың талғамдары мен мүдделеріне сай анық та түсінікті түрде болғаны жөн. Қазіргі заманғы патриоттық идеология мемлекеттің құрылу процесіндегі барлық жетістіктерді, сондай-ақ ұзақ мерзімді басымдықтар мен талаптарды да назарына алуы керек.

Өз халқыңның тарихының өнегелі жақтарын білу, өз еліңнің кешегі және бүгінгі қаһармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігіне тағзым ету, оларға сай болу патриотизмнің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыда алғанда, республикамыздың оқу-тәрбие мекемелерінде белгілі деңгейде әр түрлі шаралар жүргізілуде. Қазақстан тарихы мектептерде, орта арнаулы және жоғары білім беру мекемелерінде оқытылуда, тарихтың жарқын беттері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталуда, қаһармандарымыздың есімдері ұлықталып, олардың аттары елді мекендерге, көшелерге, мектептерге, түрлі мекемелерге берілуде. Алайда тарихтың ақтаңдақтарын жеткіліксіз оқып-үйрену, түрлі тарихи және ғылыми теориялардың арасындағы келіспеушіліктер мен айырмашылықтар, жастардың төл тарихына деген қызығушылығының айтарлықтай аз болуы, өзге, әсіресе батыстық идеология мен теориялардың басымдық ықпалы бұған көп кедергі жасауда. Көп ретте жастардың бұқаралық, тіпті кейде арзан мәдениетке елтіп, этномәдени, дәстүрлі, ұлттық бастаулардан алыстап кетуі, өкінішке қарай, қалыпты және кеңінен тараған үрдіске айналды. Біздің ойымызша, одан шығудың басты жолы — қазіргі білім беру мекемелерінде этномәдени білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлу.

Патриоттық сезім отбасынан басталады. Өкінішке қарай, нарықтық қатынастардың кеңінен орын алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі, ата-аналардың уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы жастар тәрбиесінің ролін түсірді. Әрине, мұндай жағдайларда өзінің ескі арнасын жоғалтқан патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру мен оған тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен түсіп кете алмасы анық.

Патриоттық сананы қоғамдық өмірде бекітетін бірден-бір институт — жоғары оқу орындары мен басқа да білім мен тәрбие беру мекемелері. Олардың көмегімен патриоттық сана қоғамдық өмірге бекітіліп, мемлекет тарапынан қолдауға және бағдарлауға ие болады. Студент жастар қоғамның әлеуметтік құрылымында ерекше орын алады. Ендеше, қазіргі студент жастар өздерінің тұлғалық-кәсіби нығаюға бет алуының жоғары деңгейімен, шығармашылық потенциалымен, Қазақстанның әлеуметтік жаңғыру процесіне шынайы іс жүзінде қатысуға деген белсенді қызығушылығымен, қоғамдық өмірдің түрліше жақтарына, өзінің әлеуметтік бағдарларына деген даралық көзқарастарымен ерекшеленуі тиіс. Олар еліміздің әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени дамуының анықтаушы күші де болып табылады. Олай болса, студент жастардың тұрмысы мен болмысына, тәлімі мен тағылымына үстірт қарауға болмайды. Бұл туралы Президент Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуына қатысты жақында жазылған Бағдарламалық тапсырмалық мақаласында ерекше ескерте келіп: «Мен жас ұрпақтың ел болашағы үшін маңызын атап көрсетіп келдім және атап көрсете беремін. Мемлекет әрбір жас адамның өз еліне міндетті түрде қажет болуы үшін бәрін де жасайды» — деген болатын. Осы ұстанымды басшылыққа алатын болсақ, бізге, жоғары оқу орындары ұстаздарына, тек оқу және оқыту процестерін төңіректемей, жастар болмысына әсер ететін құбылыстарды тұтастыра қарағанымыз жөн.

Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қарқынды дамуы тәрбие процесін жөнге келтіру мен оның бағыттарын айқындаудың қажеттілігін нақты түрде ұғынуға әкелді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру мен денсаулық сақтау ісінің дамытылуының «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы басым бағыттар қатарына азаматтылықты, еңбексүйгіштікті, адамгершілікті, адам құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауды, Отанға, отбасына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған білім берудің тәрбиелік қызметін қосады. Мемлекетіміздің жоғары мектептері де осы бағыттарды басшылыққа ала отырып, оқу-тәрбие ісімен белсенді айналысуда. Студент жастарды азаматтылық, патриотизм, еліміздің қарқынды сатылап дамуы идеяларының рухында тәрбиелеуге бет бұрған оқу орындарының ішінде үлкен оқу тәрбиелік потенциалы бар, Қазақстанның жетекші оқу орындарының бірі болып табылатын Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті де бар.

Республика көлемінде де, жекелеген оқу-тәрбие мекемелерін алсақ та патриоттық тақырыпқа байланысты іс-шаралар қазақстандық патриотизмнің заманауи болашағын кешенді түрде қарастыруды талап етеді. Алайда, нақты мақсаттарсыз, жоспарларсыз, жүйеленген міндеттерсіз бұған қол жеткізу мүмкін емес.

Біздің университеттің тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты: рухани дүниесі бай, денсаулығы мықты, жоғары азаматтылығы гуманизммен ұштасқан, әлеуметтік тұрғыда белсенді, бастамашыл, толерантты, шығармашылықты, инновациялық, әлеуметтік-мәдени өзгерістерге қабілетті XXI ғасырға лайықты, елін сүйген патриот тұлға қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасау. Тәрбие қызметіміздің басты міндеті: студенттердің корпоративтік рухын көтеруге бағытталған, жеке тұлғаның рухани және шығармашылықты үздіксіз дамуына, өзін-өзі дамытуына, кәсібилік, бәсекеге қабілеттілік, сыни көзқарас пен ойлаудың стандартты емес үлгілерінің болуына, мәдени-толеранттылық, белсенді жасампаздық бастау, тағы да басқа адами ұстанымдарды қалыптастыратын тәрбие беру жүйесі мен тәрбиелік ортаны құру мен қолдау. Аталған міндеттер мен мақсаттар болашақ студент жастар бойында корпоративтік рухты қалыптастыруға; университеттік қауымдастықпен бірлесу сезіміне тәрбиелеуге; университеттің дәстүрлерін құрметтеуге, сақтау мен молайтуға; білім алуға деген жауапкершілікті күшейтуге; азаматтық және патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді қалыптастыруға; мемлекеттің Рәміздері — Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Туын, Гимнін мақтаныш етіп, оларға құрметпен және қастерлеп қарауға; қоғамдық-саяси сауаттылық негіздерін қалыптастыруға; студенттерді заңдылықтарды, қоғамдық және ұжым өмірінің нормаларын құрметтеу рухында тәрбиелеуге; ұлтымыздың өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсетуге; Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің мәдениетіне толерантты түрде қарауға; әр түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге және үн қосуға даяр болу сияқты иммунитет қалыптастырады деген ойдамыз.

Осылардың ішінде біз патриоттық тәрбие мен қоғамдық-саяси сауаттылықты қалыптастыруға басымдылық береміз. Өйткені патриотизм жастармен қоғамдық сана негізінде ұғынылуы керек. Студенттер бойында қоғамдық-саяси сауаттылықтың негіздерін қалыптастыру, олардың заңдылықты, қоғамдық өмір нормаларын қастерлеуге, біздің халқымыздың тарихи өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсету рухында тәрбиелеу егемен, тәуелсіз ел үшін — қажеттілік.

Жалпы, кез келген істі белгілі бір жүйемен, қағидамен жүзеге асырмай болмайды. Бұл жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие ісіне де тікелей қатысты. Біздің медицина университеті де тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында осындай қисынды басшылыққа алады. Ол қағиданың негізгілері: тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жүйелілігі; студент жастардың мүдделері мен қажеттіліктерінің басымдықтарын мойындау; патриоттық тәрбие берудің басымдылығы; дүниетаным тұтастығы, белсенділік, табандылық және креативтілік; университеттік қауымдастық өкілдерінің ұрпақтар сабақтастығы; ЖОО өмірін, оның ішінде жалпы жұмысы мен тәрбие жұмысын демократияландыру; өзін-өзі басқару элементтерінің болуы мен осы шараларға тікелей қатынасу; білім алудан тыс тәрбие қызметінің әр түрлеріне ерікті қатынасу; Қазақстан Республикасының, ТМД елдері мен алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен студент жастарды тәрбиелеу мәселелері бойынша әріптестік т.б.

Университеттің тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру біртұтастықта, өзара байланыстылық пен өзара шартталуда жүзеге асырылады. Тәрбие мәселесіне осындай біртұтас, кешенді тұрғыдан келу өзінің кәсіби даярлығы мен тұлға ретінде қалыптасуы мен өсуінің қажеттілігі мен әлеуметтік маңыздылығын ұғынатын, бәсеке мен елдің инновациялық дамуы жағдайында болашақ кәсіби қызметін жүзеге асыру мен карьерасын құруға деген мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алатын студент тұлғасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности